Жыл
|
Автор (авторлар)
|
Ескерту
|
1905
|
Бине және Симон
|
30 тапсырма, стандартталмаған
|
1908
|
Бине және Симон
|
Ақыл-ой жасының концепциясы, жеткілікті стандартталмаған
|
1911
|
Бине және Симон
|
Ересектерге арналған шектеулі шкала қосылған
|
1916
|
Термен және Меррилл
|
Вербалдық материалы көп
|
1937
|
Термен және Меррилл
|
Екінші басылуы, параллельдік формалар қолданылады, стандартталуы жақсартылған
|
1960
|
Термен және Меррилл
|
Үшінші басылуы, 4,5 мың адам зерттелген
|
1972
|
Роберт Торндайк
|
2,1 мың адамға рестандартизация жүргізілген
|
1986
|
Торндайк, Хаген, Сеттлер
|
15 субтесті бар, стандартталуы қанағаттанарлық (5 мың адам), жас ерекшелік диапазоны: 2-0, 23-11
|
Лекция 3.
Психодиагностикалық әдістердің сапасын бағалау және танымал түрлері. Тесттердің жіктелуі. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері. Й.Шванцар бойынша психодиагностикалық әдістердің топтамасы. В.К.Гайде, В.П.Захаров бойынша психодиагностикалық әдістердің топтамасы. А.А.Бодалев, В.В.Столин бойынша психодиагностикалық әдістердің топтамасы.
Әдіс дегеніміз – ілімді зерттеу жолы, көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері , тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылым ең алдымен зерттеу ісі. Сондықтан, ғылым сипаттамасы тек оның пәнін оның анықтауымен шектелмей, әдістер аймағын тануда да қамтиды. Әдістер дегеніміз ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері. Әрбір әдіс ғылымды дамытып, алға алып баруға себепші болады. Психология ғылымының тарихында әрбір психолгиялық ағымдардың өздерінің көзқарастарына лайықты зерттеу әдістері болды. Метофизикалық психолгия мен психологияның зерттейтін пәні «жан»болғандықтан, олардың бірден-бір әдісі құрғақ ойлану әдісі болды. Эмпирикалық психология жан, яғни сана құбылыстарымен шұғылданғандықтан өзін-өзі байқау әдісін, яғни өзіндік қана психологиялық толғауларды байқау, жаттау әдісін негізгі әдіс деп білді. Кейінгі кезде психологияның бұл ағымы эксперименттік әдісті қолданғанмен, оны қосымша әдіс деп тапты. Қылық психологиясы – психология ғылымын табиғи ғылым деп санап , табиғи ғылымдарда қамданатын сыртқы байқау әдісін психологияға көшірді.
Қазіргі заман ғылыми психологияда әдістердің келесі төрт тобы қолданымын табуда:
А) ұйымдастыру әдістері өз ішінде салыстыру әдісі , менгитнет әдісі, комплекстік әдіс депбелгіленеді.
Ленгитнет әдісі – бір немесе бінеше адамды ұзақ жылдар бойы зертеу.
Комплексті әдіс – жеке адамды жан-ақты зерттеу.
Б) Эмпирикалық әдіс – эмпиризм деген сөзден шыққан, тәжірибе деген мағынаны білдіреді. Бұл топқа енетіндер: байқау әдісі, эксперимент, тест, анкета, әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу әдістері.
Байқау әдісі.
Обьективті байқау әдісі деп, таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психологиялық әдістерін үйреншікті жағдайларда зерттеп және психологиялық әрекеттердің ағымы ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз. Бұл әдіс психология ғылымының негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Бұл әдс бойынша зерттеу адам, зерттеушінің әрекеттеріне ешбір қатыспай , тек қана оның қылықтарын психикалық әрекеттерін сырттан байқап, жазып отрады.
Эксперимент әдісі.
Бұл әдіс бойынша зерттеуге керекті психикалық құбылыстарды түрлі аппараттарды , аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Экспериментті әдіс арқылы кейбір жеке психологиялық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады. Байқау әдістерін қатыстыра отырып бұл әдіс арқылы алынған материалдарлан жалғыз сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да қорытынды шығаруға болады.
Ресейдің белгілі психологы А.Ф.Мурскент (1874-1917) эксперименттік әдістің келешегін жою мақсатымен оған бірнеше қосымшалар енгізіп, оны табиғи эксперимент әдісі деп атаған.
Қосалқы зерттеу әдістері
Әңгіме әдісі. әңгімені де зерттеу әдісі есебінде қолдануға болады, бірақ бқұл негізгі әдіс емес, қосымша әдістердің бірі. Әңгіме арқылы зерттелетін адам туралы кейбір жалпы мағлұматтарды ғана алуға болады. Бұл әдіс арқылы терең, толық зерттеу жүргізуге ешбір мүмкіншілік жоқ. Бірақ әңгіме ғылыми әдіс болу үшін , әрқайсысымен әңгіме жүргізуде оның алдына мақсат қойып, оның не үшін керектігін , ерте бастан жоспар құрып, әңгіме қай жолмен жүргізілетінін белгілеп алған жөн.
Анкета әдісі. Анкетаны қосымша әдістің бірі есебінде қолдануға болады; әдейілеп белгілі мақсатпен және формамен қойылған сұрақтарға жауап алу арқылы зерттеуші адамдардың сұрағына әрекетін сипаттауда, кейбір психологиялық проблемаларды шешуде жалпы мағлұматтар, кейфбір фактілер материалдар жинауға болады.
Адамдардың қылығын психологиялық әрекеттерін тікелей зерреумен бірге, олардың жасаған материалдық игіліктері, артта қалдырған мұралары арқылы да зерттеуге болады.
Салыстырмалы – генетикалық зерттеу әдісіне бірнеше әдістер еніп отырады. Бұл психологияның әрекетінің өсіп даму жолдарын салыстыра зерттейді, ал салыстырма филогенеттіктің зерттеу жолы арқылы адамдардың жан дүниесін хайуанаттар психологиясымен салыстырып, олардың арасында қандай айымашылық бар екендігі адамның психологиясы қалайша адамның психологияға айнаоғаны зерттеліп отырылады.
Қосалқы әдістің қатарына сонымен қатар антогенетикалық зерттеу әдісін де жатқызуға болады. Бұл әдіс арқылы адам баласында туысының қандай психологиялық әрекеттердің пайда болатыны, олардың адамның дамуымен бірге қалайша өсіп, дамып отырғаны зерттеледі.
Салыстырма – тарих зерттеу әдісінде қоғамдық экономикалық формалардың өзгеруі мен бірге адамның салт-санасы да өзгеріп, дамып отырады.
Жеке монографиялық зерттеу әдісі.
Жеке монографиялық зерттеу әдісі бйынша кейбір психологиялық функциялар өз алдына жан-жағынан толық түрде алынып, зерттелінеді.
Алынған мәліметтерді өңдеу тәсілі – сандық және сапалық жағынан анализдеу.
Талдау – түсіндіру әдістері. Бұған аутотренинг, топ тренинг, психометриялық ықпал ету әдісі, оқу, үйрету әдісі жатады.
Жеке дамуды жан-жақты зерттеу әдісі. (Комплексті)
Психология принциптерінің бірі. (детермимистік)
Оқу тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін психологияның қай саласы зерттейді? (Педагогикалық)
Салыстыру психологиясының түрі.( Зоопсихология)
Нақтылы іс-әрекетке байланысты психологияның мынандай салалары бар. (Спорт)
Социометрия әдісі қай әдіске жатады? (Эмпирикалық)
Социометрия әдісінің негізін салған Американ социологы. (Джон Марено)
Бір немесе бірнеше адамды ұзақ жылдар бойы зерттеу әдісі. (Лонгитюд)
Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі көріністерін зерттейтін психологияның саласы. (Медициналық)
Ұжым ішіндегі топтарды , топтың ішіндегі лидерлерді, топтан оқшау қалған оқушыларды, топ ішіндегі үйлесімділікті осы әдіс бойынша анықтауға болады. (Социометрия)
Достарыңызбен бөлісу: |