Лекция конспектісі 6В01409-«Көркем еңбек және жобалау»


Тігін машинасының функциясы



бет4/38
Дата07.10.2023
өлшемі4.93 Mb.
#480033
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Заманауи тігін жабдықтары (қыздар) Лекция

Тігін машинасының функциясы.


Жоспары:
1.Тігін машинасының қысқаша шығу тарихы.
2.Тігін машинасының бөлшектерімен жұмыс жасау механизмдері
3. Тігін машинасынның құрылысы.




Тігін машиналары пмз
ТІГІН МАШИНАСЫНЫҢ ҚҰРЛЫСЫ
Тігін машинасы қол жетегінде, аяқ жетегінде және электр жетегіндегі машиналар болып бөлінеді. Заманауи тұрмыстық машинасы негізінен электр тоғының күшімен жүргізіледі. Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы.
Жетек – бұл машинаның жұмысшы бөлігін қозғалысқа келтіру қондырғысы. Заманауи тұрмыстық электр жетегіндегі тігін машинасы өте шағын, оны жұмысқа тез дайындап алуға болады.
Тігін машинасының құрылысы. Тігін машинасының бірінші бөлшегі – жең деп аталады. Оның ішінде машинаның құйып жасалған басты вал бөлшегі орналасқан.Жеңнің оң жағында өзара жалғасқан бірнеше бөлшектен тұратын аяқты беріліс орналасқан. Бұл – түйін деп аталады. Машинаның әрбір түйіні қандай да бір жұмысты атқарады. Аяқты беріліс – бұл машинаны қозғалысқа келтіретін түйін.
Аяқты берілістің педалін аяқпен тербелтеді. Бұл тербеліс шатунның және қисықшиптің көмегімен айналмалы қозғалысқа ауысады да жібергіш дөңгелекке беріледі. Жібергіш дөңгелетің науасына тұйық белдік кигізілген. Белдік жібергіш дөңгелекті.машинаның басты валына қондырылған маховик дөңгелекке жалғайды.Әрі қарай машинаны босжүріске қойып жаттығу орындалады.
Тігін машинасын жұмыс орнында жарық сол жақтан түсіп тұратындай етіп орналастырады. Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ.
1-шөрнек құрылғысы; 2-басу табаны; 3-мата жылжытқыш; 4-жіптартқыш; 5- жіп бағыттағыш; 6- жеңқап; 7- жіп орағышқа арналған өзек ; 8-жіп орағыш; 9- айналма дөңгелек; 10-тігіс ұзындығын көрсеткіш; 11- кері жүргіш тетігі; 12-тегіс адымын реттегіш тұтқа;13-жеңқап тіреуі; 14-тұғыр; 15-жіп бағыттағыш; 16-ысырмалы пластина.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет