Лекция конспектісі 6В01409-«Көркем еңбек және жобалау»


Тігін машиналарының түрлері мен шығу тарихы



бет2/38
Дата07.10.2023
өлшемі4.93 Mb.
#480033
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Заманауи тігін жабдықтары (қыздар) Лекция

1 Тігін машиналарының түрлері мен шығу тарихы
Тігін машинасы - бұл шебер үй шаруасындағы әйел жасай алмайтын, дайындай алмайтын бұйымдардың өнімділігін арттыратын құрал болып саналады.Тігін машиналары бірден өмірге келген жоқ. Алғашқыда қол тігістерді машина арқылы орындаудың жолдарын қарастырып келді. Өнертабыстың алғашқы әрекеттері Тігін машинасы туралы алғашқы ескерту 14 ғасырдан басталады. Оны голландиялық адам ойлап тапты, өкінішке орай, кім және қашан екені белгісіз. Ол өлшемі бойынша керемет болды және мүлдем ұқсамады ...
Тігін машинасын ойлап табу тарихы үлкен қызығушылық білдірді. XV ғасырдың соңында ең алғашқы болып Леонардо да Винчи тігін машинасының жобасын ұсынды, бірақ ол жүзеге аспай қалды.
Ең алғаш рет тігін машинасының жобасын ХV ғасырда Леонардо да Винчи ұсынған. 1755 жылы Карль Вайзенталь қол тігісін жүргізетін инесі бар машина ойлап тапты. 1808 жылы ағылшын Д. Пири бір жіпті тез тарқататын машина шығарды. Тек 1834 жылы Уолтер Хант шөлмекті машина жасады. 1844-1845жылы американдық Элиос Хоу инженер Уолтер Ханттың принципін қолдана отырып, бірқалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды. 1850-1851 жылы амрикандық Ален Уилсон мен Исаак Зингердің күшімен қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі қаланды. 1870 жылдан бастап АҚШ-та «Зингер» фирмасы кеңінен етек жайды. Сөйтіп ол Ресейде де, өз фирмасын ашты. 1900 жылы Ресейдегі Подольск қаласында «Зингер» зауытын ашты. Онда шетелден әкелінген машина бөлшектерінен, тігін машинасын құрастырады. Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар.

Леонардо да Винчи




100 жыл өткеннен кейін XVI ғасырдың аяғында ағылшындық Уильям Ли әйелінің бізбен тоқыған қолының қимылын ықыласпен байқай отырып, тоқыма машинасын ойлап шығарды. 1755 жылы неміс Карл Вейзенталь қол тігісінің көшірмесін жасайтын тігін машинасына патент алды.
1790 жылы ағылшын Томас Сент етік тігетін тігін машинасына патент алды, машина қолмен қимылға келтірілді және етік бөлшектері инеден қолмен ығыстырылатын еді, инежылжытқыш тік жазықтықта қайырма-үдемелі қозғалыс жасайтын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет