Ақпарат элементтері негіздегі тігін машиналары
Бернина Артиста – 180 тігін машинасының жұмыс істеу принципі. Тігін құрал – саймандары ішіндегі өте маңызды құрал – тігін машинасы болып табылады. Ыңғайлы сенімді тігін машинасы – ұзақ жылдарға сенімді көмекші. Бұл кәдімгі қарапайым түзу және зиг-заг тігісті орындайтын, сонымен қатар тігістің тілі мен сапасын компьютер арқылы басқарып отыратын күрделі электронды машина.
Сіздің тігін тігудегі жетістігіңіз машинаның қанша тұратындығы және қанша сәндік тігістерінің түрлерін орындай алатынына байланысты емес, ол сіздің машинаны қаншалықты тиімді пайдалана алатыныңызға тәуелді. Сондықтан машинаны дұрыс пайдалануды үйреніңіз, ал ол үшін пайдалануға жетекші құралдарды оқу қажет. Машиналар электромеханизмнің компьютерленген және компьютерлік тігін кестелеу болып табылады.
Компьютерленген машиналардың электромеханизмдерінің түрлерінің қандай айырмашылығы бар? Компьютерленген машинада өзіне лайықты тігін операцияларының барлық түрлері туралы информация сақтайтын арнаулы құрылғы. Машина корпусындағы қажеті кнопканы теру арқылы тігісті таңдай аламыз. Барлық кнопкаларда жазулар және белгілер түсінікті түрде берілген.
Машиналардың көптеген модельдерінде диалог информациялық айна арқылы жүзеге асады. Мысалы: матаның типі мен қажетті тігісті таңдау арқылы сіз жіптің және иненің қажетті қалыңдығы, тігістің, зиг-загтың ені және т.б. туралы ақпарат ала аласыз.
Сонымен қатар көптеген машиналар тігін процесінің дұрыстығын бақылайды. Мысалы басу табаны көтеріліп тұрғанда тігін жұмыстары басталмайды немесе жіптердің үзілгені туралы белгі береді. Енді машиналардың маңызды механикаларын саралап қарастырайық.
Барлық машиналарда шөрнек бар, бір модельдерінде шөрнек тербелмелі, екіншілерінде айналмалы, әсіресе соңғы үлгілерінде. Тербелмелі шөрнектегі тігіс жылдамдығы барынша аз (тұрмыстық тігін машиналарына бұл елеулі әсер етпейді) тігістің ұзындығы 6мм шамасында шектелген шөрнектің осындай құрылымы бізге бұрынғы тігін машиналары арқылы белгілі және қазіргі күнге дейі аса қымбат емес тұрмыстық модельдегі машиналарда қолданылады. Айналмалы шөрнектердің (олар ротационды немесе қосарланып айналатын шөрнек) тік және көлбеу айналу остері болады. Соның негізінде шпулька сәйкесінше тік және көлденең жазықтықтарда жатады. Егер шөрнектің айналу осі көлденең болса, онда жіптерді ауыстыру негізінде шпулька қақпағы алынады және сәйкес бұранданы бұрау арқылы төменгі жіптің тартылуын қарапайым тәсілмен реттеуге болады. Шөрнектің тік айналу осы кезінде шпулька «орнатылған» болады(осындай машиналарды кейде «шөрнексіз» деп те атайды). Мұнда да төменгі жіптің тартылуын реттеу қарапайым түрде жүргізіледі – реттеуіш бұранда оңай қол жететін жерде орналасады. Сонымен қатар шпулькаға жіпті тура «иненің» өзінен орауға болады. Кейбір тігін машиналарда мысалы:
Мата тасымалдаушысы тігін процесі кезінде матаны қозғалту үшін қызмет етеді. Ол матаны оператор арқылы берілген белгілі бір педалдармен қозғалтады.
Тігіс жылдамдығы – онша қажетті емес мінездемелерінің бірі. Әдетте ол педальға басу күші арқылы реттеледі. Жіптің тартылуы компьютерленген машиналарда автоматты түрде реттеледі.
Bernina Bernette 70. Жасалған жері: Қытай. Функциялары: 13 тігін операциясы, автоматты ілгек, жамау, тігіс ұзындығы 4мм-ге дейін, ирек тігіс ені 5 мм - ге дейін. Конструкциясының ерекшеліктері: орын ауыстырушы жеңдік платформа, табанды автоматты түрде қысу, жоғарғы жіптің реттеушілік тартылуы, екі көзді иненің орнатылу мүмкіндігі, көлденең шөрнек. Жұмыс істеу уақыты: 10 жыл. Тегін жөндеу уақыты: 2 жыл.
Қолдану ерекшеліктері. Тігіс ұзындығы және ирек тігіс ені оңай өзгереді; тігін платформасының төменгі бөлігінде сызғыш орналасқан. Ілгекті автоматты түрде орындау. Тігін бағдарламасының арсеналында дәстүрлі тігін операцияларынан басқа ұшпа - ұш қойып тігу тігісі, торлап тігу тігістерін сәндеу, жүздік тігіс, сәндік тігістер де бар.
Bernina Activa 140. Жасалған жері: Швейцария. Функциялары: 23 тігін бағдарламасы, автоматты түрдегі ілгектің 2 түрі, жамау, сәндік тігістер және т.б., тігін ұзындығы 5мм-ге дейін, ирек тігіс ені 5,5 мм – ге дейін .
Конструкциялық ерекшеліктері: ақпараттық СК – дисплей, орын ауыстырушы жеңдік платформа, табан қысқышты реттеуші, екі көзді инені орнату мүмкіндігі, орталық шпулькалы шөрнекті механизм. FHS «еркін қолдар» жүйесінің иінді тетігі және тігін платформасының қозғалмалы үстелшесі. Жұмыс істеу уақыты: 10 жыл. Тегін жөндеу уақыты: 2 жыл.
Қолдану ерекшеліктері: Activa 140 тігін машинасының мүмкіндігі тұрмыстық жағдайында кәсіби деңгейде жоғары сапалы бұйым жасауға мүмкіндік береді. 23 тігін бағдарламасының арасында: қолмен және автоматты түрде орындалатын жамау кейін қарай тігу, көйлектік және «көзі бар» ілгектері бар. Машина жұқа және өңделуі қиын маталарды оңай өңдейді, сонымен қатар қиындықсыз қалың маталарды, драп немесе джинсалық маталарды өңдеуге болады.
Bernina Artista 180. Жасалынған жері:и Швейцария. Функциялары: 500-ден аса тігін бағдарламасы, машина жанындағы 7 алфавит және монограмма, автоматты режимдегі ілгектердің 11 түрі, тоқу операциялары, квилтинг, мережкалар, жамау және тағы басқалар, 16 бағытта тігу мүмкіндігі, жадтың 1023 шұңқыры, тігіс ұзындығы 5 мм-ге дейін, ирек тігіс екі 9 мм-ге дейін.Қосымша: кестелеу блогы, кергіштер 155 x 200 мм және 40 x 60 мм, тігін машинасының компьютерге қосуға арналған арнайы бағдарламалармен қамтамасыздандырылуы. Конструкциялық ерекшеліктері: сенсорлы СК – дисплей, орын ауыстырушы жеңдік платфома, табан – қысқышының реттегіші, жіпті автоматты түрде сабақтау, екі көзді инені орнату мүмкіндігі, шөрнекті механизм, FHS «еркін қолдар» жүйесінің иінді тетігі, тігін платформасының жұмыс істеуші бетін кеңейтуге арналған сызғышы бар қозғалмалы үстелшесі. Жұмыс істеу уақыты: 10 жыл.
Bernette 815е тігін машинасы. Жасалынған жері Швейцария.
Бұл тігін машинасы тек үйде қолдануға арналған. Bernette 815е тігін машинасының негізгі бөлшектеріне мыналар жатады:
1. Алдынғы қақпақ.
2.Жіпті керуді реттегіш.
3.Жіп тартушы пінтірегі.
4.Жіп керуші пружина.
5. Басу табаны екі жағдайға көтеру пінтірегі.
6. Басу табан штагісіндегі жіп кесуші.
7.Инені бекіту винті.
8.Ине пластинкасы.
9.Топсалы қақпақ.
10. Тасымалдау тұтқасы.
11.Катушка ұстағыш сырық.
12.Орауыш үшін бағыттаушы.
13.Қабуды таңдау тұтқасы.
14.Тігіс енін реттеу тұтқасы.
15.Сернер.
16.Тігіс ұзындығын реттеу тұтқасы.
17.Кері бағытта тігу тұтқасы.
18.Орауыш блогының қақпағы.
19.Жіпті орауыш блогынан үзу қондырғысы.
20.Торапқа қосу ағытпасы.
21.Негізгі сөндіргіш.
22.Орағыш.
23.Транспортерді түсіру қондырғысы.
24. Жазық қосалқы үстелше мен керек жорықтар қорап.
Достарыңызбен бөлісу: |