Лекция. Корреспонденцияның өзгешеліктері



бет3/6
Дата08.02.2022
өлшемі61.5 Kb.
#455211
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
3- лекция журналистика стиль и масс

Кепілдемелік түйіндеу. Мұнда қорытындымен бірге ұсыныстар да айтылады.

  • Қаратпалық түйіндеу. Бұл сыни корреспонденцияға арналған. Соңында кемшіліктерді жоюдың жолы көрсетіледі.

  • Сенім білдіре түйіндеу. Проблемалық корреспонденциялаға тән. Кемшіліктерді көрсете отырып, оларды жақсартудың жолдарын сенім білдіре ұсынады.

  • Көріністік түйіндеу. Бұл да проблемалық корреспонденцияға тән. Мысалы, жаңа салынған завод немесе құрылысты сипаттай отырып, оның алдағы жұмыстары жөнінде оқырманға оның нақты көріністерін ұсынады.

    Корреспонденциядағы түйіндеуді қорытып айтатын болсақ, «Бұл іске көңіл бөлу керек», «Мәселеге терең үңілген жөн» деген сияқты жалпылама қорытындылар емес, нақты ой – пікір, ұсынысы бар қорытынды түйіндер жасалуы тиіс. Корреспонденцияға тән лексика ол ауызекі сөйлеу стилі мен ғылыми, публицистикалық стильді пайдаланады, корреспонденцияда өзі жазып отырған дүниенің тарихына көп мән бере бермейді. Оның мақсаты – қазіргі заманға лайық әрі ескілікті екшеп, болашақты жазу. Сондықтан да онда жаңа сөздер, терминдер, кәсіби диалекті сөздер көп қолданыс табады. Газет материалдарында сандық (цифрлық) мәліметтер келтірген жөн. Бұл өзі сипаттаған оқиғаны автордың жақсы зерттегендігінің белгісі әрі нақты фактілерді пайдалану материалдың құнын арттыра түседі.

    Автордың «менінің» корреспонденциядағы көрінісі, біріншіден, автордың материалды жазғанда оқиғаны қалай алғанынан, зерттегенін 1-ші жақпен баяндағанынан көрінеді. Екіншіден, 1-ші жақтың көпше түрін пайдаланып, «біз» деген есімдік арқылы өзі де жазып отырған материалының оқиғасына етене араласып кетеді.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет