Лекция мақсаты : ежелгі тарихқа, сөз өнерінің бастау-арналарына ден қою; қазақ әдебиеті тарихының кезеңдерін саралау



бет2/2
Дата15.02.2024
өлшемі76.5 Kb.
#491876
түріЛекция
1   2
1-дәріс

Қазақ әдебиетінің даму кезеңдері. Әдебиет тарихын тиісті кезеңдерге бөліп, зерттеу ісі бір жағынан, қоғамның жалпы даму зандылықтарына, ал, екінші жағынан, әдебиет дамуының тек өзіне ғана тән белгі-сипаттарға негізделуі тиіс. Сонымен, ежелгі қазақ әдебиетінің тарихын дұрыс жүйелеу үшін, ең алдымен, мынадай екі мәселені мықтап ескеру шарт. Біріншіден, адамзат қоғамының жалпы даму зандылықтарын, соның ішінде қазақ халқының қалыптасып, дамуының тарихи кезеңдеріне ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік факторларды жете білу керек. Екіншіден, көркем әдебиеттің қоғамдық-эстетикалық мәні мен қызметінің кемелдену сатыларын, сан қилы әдеби ағымдардың пайда болу себептерін, әдеби жанрлар мен әдеби тілдердің даму кезеңдерін, т. б. танып-білу қажет.
Міне, сол себептен түрколог-ғалымдар бүкіл түркі тілдес халықтардың сан ғасырлық әдебиет тарихын негізінен екі кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезең - тәңірлік дәуір әдебиеті, ал екіншісі ислам дәуірі әдебиеті болып табылады.
Тәңірлік дәуір әдебиетінің өзін үш дәуірге беліп қарастырған жөн сияқты. Біріншісі - ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтардың (біздің заманымыздан бұрынғы ІХ-ІІІ ғасырлар) қаһармандық дастандары. Олар: «Алып ЕрТоңға» дастаны, «Шу» дастаны. Екіншісі – бізге ғұндар дәуірінен (біздің заманымыздан бұрынғы II ғасыр - біздің заманымыздың V ғасырлар аралығы) жеткен батырлық жырлары. Ғұндардың батырлық жырларына «Оғыз-қаған», «Аттила», «Көкбөрі» және «Ергенекон» дастандары жатады. Үшіншісі -Түрік қағанаты (VIII ғасыр) тұсында өмірге келген «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» сияқты ерлік жырлары.
Қыпшақ даласына ислам діні тарағаннан кейінгі дәуірі әдебиетінен бізге жеткен рухани мұраларды да үш топқа бөліп, қарастыру қажет деп білеміз. Біріншісі- Қайта өрлеу дәуірі (Х-ХІІІ ғасырлар) немесе ислам дәуірі әдебиеті. Бұлар негізінен этикалық-дидактикалық сарындағы поэзиялық туындылар болып келеді. Оған Жүсіп Баласағүнның «Құтты білік», Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы», Қожа Ахмет Йассауидің «Ақыл кітабы», т. б. енеді.
Екіншісі – Алтын Орда дәуірі (ХІІ-Х\/ғасырлар) әдебиеті. Бұған көне түркі әдеби тілінің оғыз-қыпшақ вариантында емірге келген туындылар енеді. Олар: ақын Хорезмидің «Мұхаббат-наме», Құтбтың «Хұсрау-Шырын», Сайф Сараидің «Түркі тіліндегі Гүлістан», Дүрбектің «Жүсіп пен Зылиха», т. б. дастандар.
Үшіншісі - тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер. Бұған Әбілғазы Баһадүрханның«Түрік шежіресін», Қадырғали Жалаиридің «Шежірелер жинағын», Бабырдың «Бабыр-намесін», Хайдар Ду-латидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбектерін жатқызуға болар еді.
Сайып келгенде, ежелгі түркі әдеби жәдігерліктерін жоғарыда атап көрсетілгендей даму кезеңдеріне бөліп қарастырудың өзі көне дәуір мұраларын көркемдік дәстүр жалғастығы контексінде танып-білуге мүмкіндік береді.


Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

  1. Ежелгі мәдениетке, «Ұлы Жібек жолына» сипаттама бер.

  2. Ежелгі әдеби жәдігерліктер қалай зертелінді?

  3. Тіл мен жазу қалай дамыды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет