Н.Макиавелли саясатты «билікке келуге, ұстап тұруға, пайдалануға көмектесетін құралдар жиынтығы» деп есептеді.
М. Вебер саясат, бұл «билiкке қатысуға ұмтылуды немесе билiктi бөлуге ықпалды бiлдiредi, ол мемлекеттер арасында, мемлекеттiң өз iшiнде, адамдар топтары арасында болуы мүмкiн». Кім саясатпен айналысса, сол билікке ұмтылады деп санады.
Д.Истон саясатты қоғам ішінде құндылықтарды бөлу үстемдігі деп түсіндірді.
В.И. Ленин саясат, «қоғамдағы таптар арасындағы қатынас саласы, олардың мемлекетке қатынасы, билеуші таптың экономикалық мүддесін бейнелеу құралы» деп санады.
Батыс саяси ғылымы саясатты мемлекетпен, оны ұйымдастырумен, әрі басқарумен тікелей байланысты қызмет ретінде түсіндіреді.
Еуроазиялық ғылыми әдебиеттерде саясатты мемлекеттік билікті жеңіп алу, ұстап тұру мен пайдалану проблемалары болып табылатын әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастар ретінде қарастырады.
Сонымен, саясат дегеніміз дегенiмiз қоғамдағы үлкен әлеуметтiк топтар мен таптар, ұлттар мен ұлыстардың мемлекетпен арадағы қарым-қатынастары барысында өз мүдделерiн қорғауға, iске асыруға, саяси билiктi жеңiп алуға, сақтап қалуға және қолдауға бағытталған әрекеттерінің жиынтығы.
Кең мағынада, саясат бүкіл әлеуметтік ақиқаттылықты қамтиды.
Тар мағынада, саясат дегеніміз адамдардың үлкен әлеуметтік топтары арасындағы өзіндік саяси мүдделерін жүзеге асыруға байланысты қатынастары.
Қазіргі қоғамдық өмірде «саясат» ұғымы мына мәндерге ие болады:
1-ші, мемлекеттің, мемлекеттік ұйымдардың ірі әлеуметтік топтар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеу қызметтері: әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, т.б.
2-ші, азаматтардың қатысуы, мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет етуі, мемлекеттік құрылыстың формасын анықтау, қоғамды басқару, билік ықпал етуінің тиімді әдістері мен құралдарын анықтау, билік пен оның шешімдерінің легитимділігін мойындау.
3-ші, барлық мемлекеттік билік шешімдері, олардың қоғамдық өмірдің барлық салаларына ықпалы, саяси ықпал етудің тиімділігі.
4-ші, басқару өнері, өз еркі мен мақсатына жету, ол үшін барлық ресурстарды жұмылдыру, билік өкілеттілігін пайдалана білу, оны жүзеге асырудың тиімді күштері мен құралдарын анықтау, үстемдік ету мәдениеті. Билікке қысым жасау өнері.
Достарыңызбен бөлісу: |