Дәріс №21. Журналист карьерасы мен журналист жұмысының психологиясы
Дәріс мақсаты мен міндеттері:
Болашақ журналистер мен қоғаммен байланыс мамандарын қазіргі заманғы журналистиканың менеджмент жүйесімен таныстыру,Қазақстанның қазіргі медиа нарығы, түрлі БАҚ-та жұмыс істеу ерекшеліктері мен үлгілері, журналистердің кейбір кәсіби «құпиялары», PR және жарнама негіздері ұсынылған. Болашақ журналист өз мамандығының құқықтық жағын міндетті түрде білуі тиіс.Сондықтан да пәнді журналистік қызметтің құқықтық аспектілері де қарастырылған. Пән барысында журналистика жанрлары, оларды күнделікті жұмыста қолданудың қыр-сыры түсінікті тілмен баяндалады. Жас журналистерге ақыл-кеңестер мен ұсыныстар беріледі. Журналистік жолын енді бастаймын деген болашақ журналистерге медиа саласының бел ортасында жүрген практик журналистердің неден бастап, қалай жазу қажет екендігін және алдын ала қандай қателіктерді жіберіп алмау турасындағы материалдары мен кеңестері әбден пайдалы болады деп сенеміз.
Дәріс мазмұны:
Мансаптың түрлері, журналистикадағы мансаптың сатылық баспалдақтары. "Жанына қарай" мансаптық өсудің түрлері. Мансапқа тәуелді емес, оған ұмтылмайтын қызметкерлердің түрлері. Дағдылар, ақша және мәртебе мансап өсуінің бағыттары. Журналистік маманданудың темпераментке тәуелділігі және ерлер мен әйелдердің айырмашылығы. Сөйлесудің басты ережесі. Ашық және сезімтал (эмоционалды) адамдар. Қуаныш пен жалған қуаныш.
Мансаптың екі түрі болады, олар: әкімшілік мансап және ішкі кәсіби мансап. Әкімшілік мансап дегеніміз қызметінің өсуі, ол бағыштылар санымен өлшенеді. Әкімшілік мансап әскерде және басқа да күш құрылымдарында анық байқалады. Мысалы, әскери училищені бітіруші алғашқыда взвод командирі болады, сонан соң қызмет өтіліне қарай рота командирі, батальон, полк, дивизия, корпус командирі, армия, әскери округ командирі болып көше береді. Әкімшілік мансапты азаматтық салада да жасайды, алғашқыда қызметкердің бағыныштысы болмаса, содан кейін бөлім бастығы, департамент, филиал директоры болып, сонан соң бүкіл мекеме директорлығына дейін тағайындалады. Әкімшілік мансаптың тағы бір түрі болады, онда қызмет өспейді, бір-бірінен жоғары тұратын құрылымдар өседі. Мысалы, кәсіпкер дүкен ашады да, онда өзі сауда жасайды. Содан соң дүкен кеңейіп, онда жалдамалы сатушылар қызмет етеді. Содан кейін алғашқы атаумен бірнеше дүкен ашылады, одан кейін ондаған дүкен ашылып, бәрі бір фирмаға қарайды, оның барлығы алғашқы кішкене дүкеннен басталған, бірақ кәсіпкердің қызметі баяғыдай осы фирманың директоры.
Кәсіп ішіндегі мансап дегеніміз - адам жасайтын жұмыстың құнының өсуі. Бәрінен бұрын ол "еркін" кәсіп өкілдеріне қатысты болады, оларға артистер, қорғаушылар (адвокаттар), спортшылар сияқты мамандық иелері жатады. Мысалы, барлық артистер сахнада ән айтады және билеумен айналысады, кино мен театрда белгілі бір рольді ойнайды, бірақ "жұлдыздардың" қаламақысы (гонорары) жай артистердің қаламақысынан жүздеген есе көп болады. Бұлардың мансаптық өсуінің көрсеткіші артистің алғашқыда ән айтуы мен киноға түсуі тек қана ақшаға қатысты, содан кейін басқасына, сонсоң үшіншісі үшін түсіп кете береді. Қорғаушылардың (адвокаттардың) мансабы да осыған ұқсас. Алғашқыда адвокат "тегін" жұмыс атқарады, яғни адвокатқа төлеуге ақшасы жоқтарды мемлекет есебінен қорғайды. Содан соң орташа класты қорғайды да, одан кейін министрлер мен олигархтарды қорғауға дейін өсе береді. Бірақ оның жұмысының сипаты өзгермейді, бұрынғыдай шағым даярлайды, ұсыныс түсіреді, талап арыз түсіреді, сотта сөйлейді, сондай-ақ болған оқиғаны жеке тексеру жасайды. Футболимстердің мансаптық жолы одан да айқын: алғашқыда спортшы үшінші лигада ойнайды, сонсоң екінші лигада, содан кейін бірінші лигада, жоғары лигада немесе легионер болып Еврапаның ең үздік командасының бірінде ойнайды. Ал жұмысы іс жүзінде ауыспайды.
Ал журналистикаға келсек, әкімшілік мансап редакция сатысының баспалдақтары арқылы алға жылжуымен ерекшеленеді. Шындығында мұндай баспалдақ әскерде онға жуық болса, журналистикада бар-жоғы төртеу болады, олар: тілші, бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары және бас редактор. Тілші мақала жазады. Бөлім редакторы тілшілерді басқарады. Бас редактордың орынбасары газет сандарына жіберілетін ағымдағы жұмыстарды қадағалайды. Бас редактор стратегиялық басқаруды және өкілдік қызметін іске асырады. Бұдан басқа әкімшілік баспалдақ жоқ, бұдан басқа қызмет түрлері мансаптық өсудің елесін тудыру үшін ойлап табылған, сонымен қатар жалақы өсіру себептері болып табылады. Мысалы, тілшімен редактордың арасына "аға тілші", "арнаулы тілші", "шолушы тілші" деген сияқты қызметтерді жиі кіргізіп жібереді. Кей кезде мұндай қызметкерлер арнайы бір сала бойынша маманданады да, ағымдағы репортерлық жұмыспен шұғылданбайды. Бірақ олардың жұмыстары ерекшелігі бойынша бұрынғыша ақпарат жинау мен мақала жазу күйінше қалады.
Журналистикадағы ішкі кәсіби деңгейі бар-жоғы үшеу: жай журналист, сарапшы және "жұлдыз". Жай журналист ортаңқол сападағы мақала жазады, яғни жариялауға жарайтын мақала жазады. Сарапшы бір тақырыпты өте жақсы біледі, осы тақырып бойынша жай журналистке қарағанда әлдеқайда терең мақала жазады. Бұл деңгейлердің арасындағы айырмашылық таза журналистік шеберлікке байланысты емес, тақырыпты білуіне, оқиғаны жақсы білуі мен өзара байланыстыруына қарай бөлінеді. Сарапшы жай журналист байқамайтын әрі түсінбейтін тақырыпты көреді әрі ұсынады, сондықтан сарапшының еңбегі бірнеше есе қымбат болады. Егер редакция аса тереңдікке жататын мақала алғысы келсе, амал жоқ сарапшының шартына көнуге мәжбүр болады. Жай журналисті басқа жай журналистпен ауыстыруға болады. Ал сарапшыны ешкіммен ауыстыра алмайсыз.
"Жұлдыз" журналист оқырманға белгілі, мойындалған журналист. Журналистің есімін оқырман есіне сақтаса, дәл оның мақаласын іздейтін болса, ол үшін басылымды таңдайтын болса, "жұлдыз" болады. Журналистік ұғымдағы жұлдыздардың санының болуы басылымның бәсекелестігі мен жеңісін қамтамасыз етеді, сондықтан басылым "жұлдыздарды" сатып алуға тырысады, өйткені оның құны еңбек нарқында өте жоғары, сарапшы мен жай журналиспен салыстырғанда әлденеше есе артық болады.
Сонымен, журналисте екі мансаптық мақсат болуы мүмкін: біріншісі әкімшілік баспалдақпен жылжып, бас редактор дәрежесіне көтерілу болса, екіншісі - өз кәсіби шеберлігін арттырып "жұлдыз" болу. Бұл жоғарыға баратын жол. Тәжірибеде бұдан да басқа "жанына" қарай өсетін мансаптың түрі болады. Мұндай мансаптың негізгі түрлері төртеу: мұндай мансапта қызметтік өсу болмайды, ол ең төменгі деңгейдегі деңгейден қызметке өсу, PR-ге шығу және мамандық ауыстыру. Оның әрқайсысын түгел қарастырамыз. Бұрын айтылып кеткендей, журналистикада мансаптың баспалдақтың өте аз болуы - өзіндік ерекшелігі болып табылады. Жас қызметкер редакцияға келген соң, бірде-бір сатыға жоғары көтеріле алмайтынын тез арада байқайды, тіпті бөлім редакторы да бола алмайды екем - деп ойлайды. Себебі, бөлім редакторы кез келген уақытта жұмыстан шығарып жібереді, сонсоң ешқайда өсе алмаймын - деп ойлайды. Ал адамда өсуге деген талпыныс қалыптасқан. Және бұл қажеттілік соншалықты жеккөрінішті түрде іске асырылады. Бір редакцияда жұмыс істеу жалықтырып жіберген журналистке, тағы да осындай сәл ғана жалақысы артық жұмысқа ауысады. Бір жыл немесе бір жарым жыл өткенде әлгі оқиға қайталанады. Мынандай оқиғалар да болады, адам бір "айналыс" жасап, бірнеше басылымдарды ауыстырып, содан кейін барып өзі алғаш істеген басылымға тілші болып келетін жағдайлар да болады. Сол үшін журналистикада басқа салаға қарағанда ауысулар ағымы көп болады, сондықтан 30-35 жылдың ішінде журналистиканың барлық басылымдарында істеген тілшілер көп болады. Төменгі деңгейдегі басылымнан қызметі өсуіне байланысты ауысқан журналистер аға буын журналистерге тән болады. Мысалы мұны былай түсінсе болады, себебі, жалпыұлттық газеттен шеткері жатқан, муниципальды газетке немесе ведомствалық, корпоротивтік газетке редактор болып кетіп жатқан журналистерге де қатысты болады. Мұндай ауысу тіпті жалақының азғантай көтерілуіне байланысты болады, мұның басты себебі - мәртебесінің өсуі. Мұндай өсу арқылы журналист арнайы кабинетке ие болады, оның ендігі жұмысы басқалардың мақаласына редакторлық жасау, әкімшілік және компания жетекшілерімен сөйлесу, сөйтіп, баспасөз-конференциясына барудан, жолсапарлардан құтылу. Бұл жағдай тыныштық пен жайлылық әкеледі, кәсіби өсу тоқтайды, себебі кішкентай газетте белгілі болуға және бәсекелестікке жол жоқ.
Егер төменгі деңгейдегі басылымға ауысқан кезде оған жоғары деңгейдегі басылымда орын қалмағандығын білдіреді, болашағы қалмағандығын білдіреді, көптеген журналистің PR-ге шыққандығын білдіреді, себебі, журналистикада оған мансаптың аралық кезеңі ғана қалғандығын білдіреді. Айтарлықтай көпшілігі журналистикаға байланыстарды арттырып, сонан соң баспасөз қызметіне немесе қандай да бір мекеменің қоғаммен байланыс бөліміне, өзі жаза алатын салаға кетуге, сол салаға орналасу үшін барады. Екінші жағынан, баспасөз хатшылығына журналистік жұмыстағы тәжірибе қажет болады. Мамандықты ауыстырудың астарында мамандықты өсіру мақсаты жатады, мұндай жағдайда журналист ньюсмейкердің жағына бекерден-бекер өтіп кетпейді, PR жағына шыққан соң өзі де ньюсмейкер болады. Бұл түрі әсіресе саяси журналистикаға тән болады: журналист мұндай жағдайда партия мен саясат туралы жазып, өзі де партияға өтіп, өзі де саяси белсендіге айналып кетеді. Мұндай жағдай кәсіпкерлікте жиі болып тұрады, ал арнайы білімді қажет ететін немесе бірнеше жылғы дағдыны қажет ететін, мысалы медицинада, юриспруденцияда, спортта ешқашан болмайды. "Мамандық ауыстыруға" мынандай жағдай кіреді, егер журналист ғалым немесе жазушы болса, монография жазуға көшеді немесе көркем шығарма жазады.
Мансап қуалаушылыққа қатысты психолог Михайл Литвок қызметкерлерді үш топқа бөледі, олар: мансапқорлар, мәдениетшілер, салақтар (бос белбеулер). Мансапқорлар үшін кәсіптегі жетістік - өмірінің басты ісі болып табылады. Сол үшін ол барлық уақытта талмай көп еңбектенеді, уақыттан тыс жұмыстан бас тартпайды, егер сұранса тегін де істей береді. Мансапқордың ерекше қыры - үнемі кәсіби өсу. Егер оған өз мекемесінде өсу мүмкіндігі болмаса, басқа жолын іздейді. Бағынышты мансапқор барлық уақытта өз бастығының орнын алуға тырысады. Бастық мансапқор да оны өз орнына қойып, өзі одан да жоғарыға ауысуға тырысады, әрекеттенеді. Мансапқорды асханада немесе темекі шегетін орында айтқан әңгімесінен тануға болады. Мансапқорлар сол жерлерде де жұмыс жөнінде әңгімелеседі.
Егер мансапқор кәсібі бойынша өссе, мәдениетші өз кәсібі бойынша өсуді қанағат етеді. Мәдениетші термині кеңес дәуірінде қалыптасқан, ол кезде мәдениет үйінде көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істейтін, сол үйірмелерді хобби (қызығатын әдет) қылып көп уақытын соған жұмсайтын, оны өз жұмысынан да артық көретін жұмысшылар болатын. Бұл, әдетте, өз кәсібін дұрыс таңдамағандар арасында ұшырасады; адам музыкант немесе әртіс болуды армандады, ал оны инженер немесе дәрігер болуға мәжбүрледі. нәтижесінде ол өзі ұнатпаған мамандықпен жұмыс істеуге мәжбүр болды. Сондықтан ол жұмысқа ынты-шынтымен кіріспейді, бірақ жұмысынан да шығып қалғысы келмейді.
Қазіргі мәдениетшілер - өз мүмкіндігінің шегіне жеткен, одан үлкен қызметтен үміттенбейтін бастық немесе негізгі қызығушылығы қызметтен басқа жаққа ауған қарапайым қызметкер. Әйелдер үшін бұл үйі мен балалары, еркектер үшін белгілі бір хоббиі: спорт, балық аулау, машина ремонттау сияқты салалар. Қарапайым қызметкер - мәдениетшілер, айтарлықтай жоғары білікті маман болуы мүмкін, бірақ оның қызметінің негізгі бағыты кәсіби өсу емес, ақша табу болып табылады. Олар келісілген ақыға басынан аяғына дейін жақсы жұмыс істейді. Бірақ олардан тегін жұмыс істеуді, мерзімінен артық жұмыс істеуді талап ету пайдасыз. Мұндай жағдай бастық-мәдениетшіде бұдан да жаман. Ол өзі де өспейді, өзіне қарасты мансапқорларды да өсірмей, кедергі болады, себебі өзінің орнына бәсекелес болады деп қауіптенеді. Сондықтан мұндай мекемелердегі бағынышты - мансапқорлар жұмыстан босанып кетеді, сондықтан жұмыстың және мекеменің нәтижелілігіне ықпал ететін біріңғай мәдениетшілер қалады.
Салақтар аты айтып тұрғандай ең нашар қызметкерлер. Бұлардың қатарына алкоголь ішімдігінен, нашадан зардап көргендер мен ешбір мамандығы жоқ жұмыссыздар, жұмысқа ынтасы жоқтар кіреді. Бұдан кейін бұл топ туралы сөз болмайды, себебі журналистикада салақтар кездеспейді. Салақтар жалақысы төмен бюджеттік қызметтерде көп кездеседі, оларды амалсыздан жұмысшылары жоқ жерде қабылдайды.
Журналистикада мансапқорлардың саны ортадан көптеу болады. Бұл мынаған байланысты, себебі, бұл кәсіпке қызығушылығы басым романтиктер, жұмыс сипаты ерекше адамдар келеді, өйткені олардың өткенде сіңірген еңбектері бағаланады, сондай-ақ күн сайын басылым жолдары мен эфирді жаулап алғысы келеді. Мәдениетті журналистер де өте жиі кездеседі. Бұлардың қатарына "маған онсыз да жұмыс жеткілікті" деп есептейтін кәсіпқойлар, өткен тәжірибесінің пайызы есебінен күн көретіндер, бюджеттік мекемедегі дотацияның есебінен күнелтетіндер, кәсіби өсуіне сыртқы себептер бөгет болатындар, жұмысының өсуін, айлығының өсуін кәсіби деңгейінен емес, бастықпен жақсы қарым-қатынаста болу арқылы шешетін қызметкерлер жатады.
Мансаптың өсуінің бағыты ретінде дағдылар, ақша немесе мәртебе (статус) үлкен роль атқарады.
Бірінші жағдайда адам бәрінен бұрын біліктілігін арттыруға көңіл бөліп, сол арқылы жалақысының өсуін қызметін жоғарылауын қамтамасыз ететін адамдар кіреді. Егер ақша бірінші орында тұрса, адам жұмысында жоғары жалақы алуға ұмтылады, ал бұл жұмысты кәсіби деңгейді арттыру арқылы жететінін ойламайды. Егер мәртебе (статус) бірінші орынға қойылса кез келген жолмен қызметін өсіруге тырысады немесе бәрінен де жоғары разряд алуға ұмтылады, нақты кәсіби деңгейіне сай ғылыми дәреже мен әскери атақ алуға ұмтылады.
Осының ішіндегі ең жемістісі дағдыларын дамытуға бағыттау болып табылады. Тәжірибе мынаны көрсетеді, біліктілігінің артуы жалақының артуына да (тіпті кейбір кедергі болса да), қызметінің өсуіне де әкеледі. Егер дағды біртіндеп өссе, табыстың өсуі үдемелі болады. Ал мәртебенің өзгеруіне келсек, қызметтің өсуіне дағды айтарлықтай көмек бола алмайды (әдеттегідей ол кездейсоқ жағдайда, жоғарыдағы қызметтің босауына байланысты шешіледі), төмен кетпей, өз қызметін қаншалықты ұстап тұра алуына байланысты болады. Тағы бір ерекшелік: алғашқыда біліктілігінің артқанын адамның өзі байқайды, сонан соң маңайындағы адамдар байқайды, ең соңында ол жұмыс істейтін мекеменің басшылығы байқайды. Мынандай түсінік қабылданған, адам бір кездері қандай болып есте қалса, одан кейін де сондай болып есте қалады. Бірақ оның өзгергені, өскені ескерілмейді. Сондықтан да өз мекемесінде адам қызметі жағынан көтеріле беруі мүмкін, себебі, оны жұмысқа орналасқан кезіндегідей қабылдайды, сондықтан оған жұмысын ауыстыруына тура келеді.
Ақша табуға бағытталу тактикалық жағынан ғана ұтымды, бірақ стратегиялық жағынан ұтымсыз. Адам қазіргі кезде ғана пайдалы жұмысқа ұмтылады, бірақ ол жұмыс дағдыны дамытуға зиянын келтіреді, себебі бірте-бірте өз біліктілігін арттыратын, өсетін мүмкіндіктен айрылады. Ақша табуды мақсат еткен адам жұмысын орнын жиі ауыстырады, тіпті қызметін де ауыстырады, бірақ, нәтижесінде экстра-класс болмақ түгіл кәсіпқой да бола алмай қалады.
Мәртебесін арттыруға бағытталу одан да ұтымсыз, себебі, мұндай жағдайда адам жақын арада "таңбаланған картамен" ойнауды бастайды. Егер дағдысына сүйенген немесе жұмыстағы ақшаға сүйенген, бірақ мәртебе алуға ұмтылып негізгі күшін өзіатқармайтын жұмысқа сүйенген адам, мысалы диссертациясын өзі жазбаған немесе беделге бастықтың арқасында жеткен адам мәртебеге жетем деп ұтылады. Мұның нәтижесі жаппай күдіктенуге алып келеді, себебі, қызметке жетсе де, өзіне лайықты дағдысы жеткіліксіз болғандықтан өзін ол қызметте ыңғайсыз сезінеді, оның үстіне ол айналасындағы адамдарды да қызметін өсіру үшін барлық аярлыққа, жамандыққа баратын, әділетсіз адамдар деп ойлайды.
Еңбек ұжымдарындағы көптеген рольдердің арасында назар аударуға тұрарлықтары төрт түрлі болады, олар : "жираф", антилидер, шатун және "күңгірт бие" ролін атқаратындар. Жираф дегеніміз - мекемеге реформа жасауға ұмтылатын жас маман, жұмыс істеуге келген жерін озық білімі негізінде, университетте алған білімі негізінде реформа жасауға ұмтылатын жас маман. Бұл туралы Михаил Литфак былай дейді: "Жираф" мерседестің моторы күшті деп жигулиге қойғысы келетін, бірақ мерседестің моторы жигулиді қирататынын білмейтін адамды еске түсіреді. Алғашқы кезде бастық жирафтың ұсынысынан бас тартады, егер жираф бағытынан қайтпаса айтарлықтай тартыс туып іс жұмыстан босатуға дейін баруы мүмкін. Бұдан шығудың бір жолы жираф болмау керек, себебі өзі өтініш жасамаса бастықтың ісіне жираф сияқты бас сұқпау керек.
Антилидер - топтың мақсатын өзгертуге талпынатын қызметкер. Жираф бастықтың жұмысына кедергі жасаса, антидиллер ұжымының жұмысына кедергі келтіреді. Антилидерлер сынағыш және белсенді болады. Бірінші әрекеті басшылардың ісінің дұрыстығына сенбейді, осы әрекетімен басқа қызметкерлердің санасын бұлыңғырлайды. Бірақ сынағыш антилидерге бастықтың орнын ұсынса, ол әдеттегідей бас тартады. Ал белсенді антидиллер керісінше бастықтың орнын алуға тырысады. Сондықтан бастық пен антидердің арасында міндетті түрде қақтығыс болуы заңды. Ол алғашқыда жұмсақ үлгіде атқарылады, себебі антидиллер басшыларды өзінің қарсы әрекетімен тонуста (клеткалардың әрекеті) ұстап тұрады, содан соң қатаң түрге көшеді де жеңілгенінің жұмыстан шығуымен аяқталады. Антидилерлік саналылыққа жатпайтын әрекет, ол мекемеге жақсылық жасап жатқанына сенімді болады, бастық оны алғашқы мүмкіндікте жұмыстан босатып жібергенде ғана оған ренжиді.
Шатун дегеніміз басқа жақтан жұмыс істеп жүретін бұрынғы орнында жаңадан жұмыс тапқанға дейін ғана жұмыс істейтін қызметкер. Шатундар бірінші және екінші болып бөлінеді. Бірінші шатун алғашқыда жұмысқа орналасады а, бұл жұмысым уақытша деп ойлайтын қызметкер. Мысалы, жұмысын жаңа бастаған журналист болашақта беделді орталық басылымдарда қызмет істеуді армандайды да, кішкентай аудандық газетке орналасады. Екінші шатундар аталған жұмысына біраз уақытқа дейін қанағаттанатын қызметкерлер, себебі ол адам өсті, ал оның жұмысын көтеруге асықпайды, жалақы қосуға да асықпайды, немесе бұл адамның қажеттілігі артқан. Бұрын бұл жеке басты студент болған, сондықтан ақша тек өзінің қалталық шығынына ғана жұмсалған, енді бұл бір баланың әкесі, сондықтан ол жалақыға өмір сүре алмайды. Егер басшы бұл сәтті байқамаса, қызметкер шатунға айналады, оны ұстап тұру қиын. Оған жұмыс ұсынған жер сонан соң оны сатып алады да жоғары қызмет ұсынады, тиісті марапаттар жасайды, еңбегін бағалайды, ол қызметкерге уақтылы белгілі дәрежеде жалақысын көтергеннен қымбат болып көрінеді.
"Қараңғы бие" еңбек ұжымындағы беделді қызметкер. Мұндай қызметкер жираф секілді басшылармен қақтығысқа келмейді, антидиллер сияқты кедергі де жасамайды, жемісті еңбек етіп, үнемі кәсіби деңгейін арттырып отырады. "Күңгірт бие" біліктілігі жағынан басшылармен теңесе алатын, салыстырыла алатын қызметкер, егер басшының орны босаса мұндай қызметкер оны алуға даяр. Бірақ, әзірше орын бос емес, бірақ ол "сормайды" өзінің қақтығысқа құмар емес әрекетімен еңбек сіңіре береді, бастықтың орнына отырғанша жақсы жұмыс істей береді.
Журналистік мансап жасау үшін темперамент ерекшелігі де әсер етеді. Ол белсенділікке байланысты болады (бір іспен ұзақ айналысуға мүмкіндігі), сенситивистігі (жағдайдың өзгеруіне жоба жасауы), сангвиник (реактивті сенситивті), флегматик (белсенді) және меланхолик (сенсетивті). Журналистік мамандықтар да төртке бөлінеді - ақпаратшылар, репортерлер, сарапшылар және тексерушілер. Ең жақсысы ақпаратшылар (жаңалық іздеушілер) - сангвиниктер - олар көп адам мен тіл табысып кете беретін, әр түрлі тақырыпта оңай әңгімелесіп кете беретін адамдар. Ең жақсы репортерлар - меланхоликтер. Олар детальдарды байқайды, басқа темпераментшілер байқамаған нәрселерді байқайтындар. Ең жақсы сарапшылар - флегматиктер, олар бір істе басқаларға қарағанда ұзақ болады, сондықтан да іске басқалардан тереңірек кіреді. Ең соңында, ең жақсы тексерушілер - холериктер екенін айтуымыз керек, неге десеңіз, олар бәрінен бұрын жанжалға бейім адамдар, сондықтан ешкімді жібермейтін жерге бұзып-жарып кіріп кетеді. Ал басқарушы жұмысқа келетін болсақ, бұл іске холериктер мен флегматиктер жарамды болып келеді. Біріншілер адамдарды соңынан ертіп алатын қабілетке ие болады, энергиясымен жаулап алады, ал екіншісі - мекемеге нәтижелі жұмыс орнықтырады, оны өзіне тән әдісімен атқарады. Олардың журналистік жұмысына ықпал ететін еркектер мен әйелдердің айырмашылығы туралы бірнеше сөз айтуға болады. Әйелдер ерлерге қарағанда қатынас жасауға бейім болады, жылдам байланыс орнатады. Ол әңгімелесушілерді сөйлетуге бейім болады, әсіресе, қарсы жынысты жылдам сөзге тарта алады. Оның үстіне әйелдер бір мезгілде бірнеше істі қатар атқара алады, біреуін таңдайды, біреуімен сөйлеседі. Ал ерлер болса бір мезгілде тек қана бір істі атқара алады, оның үстіне бір адаммен ғана сұхбаттаса алады. Оқымыстылар бұл ерекшелік ерте заманнан қалыптасқандығын айтады. Ертеде ерлер аңшы болып, барлық күшін өз табысын табуға арнаған. Сондықтан оларда "тесік үңгірлік" (туннельдік) көру қалыптасқан, яғни тек бір нысанға ғана қарайды; әйелдер шаруашылықпен айналысқан, сондықтан бір мезгілде бірнеше іс атқарған, көптеген балаға қараған, ас дайындау мен және басқа да жұмыстарды атқарған. Сондықтан оларда сыртқы (перифериялық) көру қалыптасқан, сол себепті ол бірден бірнеше нысанды бақылауға мүмкіндігі болады. Бұдан әйелдердің өте ұсақ нәрсеге дейін бақылай алатын мүмкіндігін байқаймыз, сонымен қатар олар әңгімелесушінің көңіл-күйін бірден өзіне аудара алады, ал ерлер болса ұзақ бақылау жасап, оның нәтижесін ойланып, сонан соң барып терең шешімге, қорытындыға келеді, ньюсмейкердің мінезінің бағытын ашуға тырысады. Шешімі әйелдерге жемісті, табысты жұмыс істеу үшін назарын бір нәрсеге бағыттау керек, ерлерге бірнеше нысанға назар аударуға көңіл бөлу керек.
Тағы да бір психологиялық сәтті де назарда ұстау керек. Ньюсмейкерлердің көпшілігі белгілі, көрнекті ер адамдар. Егер белгілі және көрнекті болмаса журналистерді өздеріне тартпас еді, себебі Қазақстанның саяси, экономикалық элитасы (бетке ұстарлары) 85-90%-ды құрайтынының өзі осының дәлелі. Ал әйел журналистердің өзі ньюсмейкерлердің кейбіріне қызығып қалады да керек десеңіз сүйіп қалады. Сонан соң мұндай журналист әйелдер өзі құрметтеген адамдар туралы сүйінген мақала жаза бастайды, егер оның сезіміне мән бермей, қабылдамаса кек алуға тырысады. Еркек журналистерді бұл мәселе берік болады, себебі, әйел-ньюсмейкерлер аз, сондықтан олар ол қызығатын әйелдердің түріне жатпайды, сол себепті оған басын да қатырмайды. Дені сау тұлғаның құрылымында мынандай оңды ұстанымдар маңызды болады, олар "мен", "сіз", "олар" және "еңбек" сияқты ұстанымдар. Бұл ұстанымдар адамның өзіне деген, жақынына деген, алыс ортаға деген, сондай-ақ өз жұмысына деген қарым-қатынасын білдіреді (жақын ортасына отбасы, туысқандар, достар мен жұмыстағы әріптестер жатады, ал қашық ортаға бейтаныстар мен жақсы таныс еместер жатады). Журналисте, әсіресе, олар деген ұстанымға оңды көзқарас керек, себебі оның жұмысында таныс еместермен көп қатынас жасауға тура келеді. Дүние бағалау - оларды ақылды және жақсы деп есептеу. Егер адам автоматты түрде ұялшақтықтан құтылса, ақылды адамның алдында өзін қалай ұстаса да болады, себебі, ол сені бәрібір дұрыс түсінеді. Ал жолсапарға бара жатқанда журналист қорқынышты сезбейтін болады, себебі, барған соң онымен әңгімелесуден бас тартады және оған қажетті ақпаратты бермейді. Неге десеңіз, барлық жерде де жақсы адамдар бар, сондықтан кез келген мекемеге саяхат немесе сапар сол жақсы адамдарға жасалған мүмкіндік болып табылады.
Басқа адамдармен қарым-қатынас жасағандағы басты қағида олармен келісу. Шын мәнінде, адамдар өзі туралы жақсы пікірде болады (Сократ сияқты данышпандардан басқасы, себебі, олар ештеңе білмеймін деп ойлайды, себебі, олар терең депрессияда (жабығуда) болады), сондықтан олар дұрыс әңгіме айтып отырмын деп ойлайды. Егер біреу олармен келіспей қалса, ақымақ деп ойлайды, оған айтқан дұрыс сөзің қыртына да кірмейді. Егер адам келіссе, басқа адамның көзімен қарағанда ақылды болып көрінеді, көп адамдар осы тәсілмен қатынас жасауды білмейді, журналист адаммен келіскен соң, оның ұстанымының дұрыс екенін түсінеді, сөйтіп оның ең жақын адамдарының біріне айналады.
Нәтижесінде, әңгімелесушінің ішкі жан дүниесін ашады, адами көзқараспен қарағанда кездестірген ақылды адамның ішкі жан-дүниесін ашумен қатар іс жүзінде сенімді адамды табады.
Мынаны да ескеру керек, сыртқы түр-тұлғасына қарап, біреуге ерекше қамқорлық жасау да қоршаған ортаны алдауға деген тілекке алып келеді, сондықтан бұл адамның оған лайықты емес екенін көз алдыңа елестетуің керек. Психологта мынаны дәлелдеген, санасыз деңгеймен қарағанда мұндай адамдарды ақымақ дейді, өйткені ондай адамдар сыртқы келбеті арқылы бағалау тек қана ақымақтарға ғана тән екенін анықтаған. Ақылды адамдарға мұндай қулық әсер етпейді. Олар кез келген уақытта кімнің кім екенін түсінеді.
Өлшеусіз сезімталдық өз кезегінде жеткілікті ойлауға алып келмейді. Психологияда мынандай заңдылық қалыптасқан, интеллекті мен сезім (эмоция) бірігіп 100%-ды қамтиды, сол үшін адам ойланған кезде ол тыныш болады, ал эмоциональды тұрғыдан ойланған кезде ойлау өшіп қалады. Бұдан басқа, сезімнің қарқынды пайда болуы әдетте мынаны білдіреді, мұндай жағдайда адам не істерін білмей қалады. Кейбір адамдар өзінің сезімталдығын мақтан тұтады, оны ашықтық деп есептейді, ал ойланып іс жасайтын адамдарды "сезімсіз адамдар" деп ойлайды.
Осы тарау аяқталған соң журналистерді аңдып жүретін қауіптің бірін айтуға тура келеді. Қуаныш және жалған қуаныш деген ұғым бар. Қуаныш дегеніміз эмоция (сезім) ол істің ойдағыдай аяқталған кезінде немесе күтпеген сәттегі тамаша жағдайдан кейін болады.
Жалған қуаныш өз кезегінде қауіптен қашқан кезде пайда болады. Мұндай сәтті көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Сіз көшеде келе жатырсыз, кенеттен көше бұрышынан бір адам пистолетпен шығады да, "сізді ататынымыз туралы ескерткенбіз" - дейді. Бірнеше секунд өткен соң бұрыштан шыққан бір адам жүгіріп келеді де бірінші адамға "бұл ол емес?" - деп айқайлайды. Өтіңіз, қате кетті - деп кешірім сұрайды. Бұл жерде жалған эмоцияның эмоциясы әлдеқайда күшті болады, атап айтқанда беделді басылымда мақала басылғаннан кездегі эмоциядан да артық болады. Жалған қуаныш спорттың экстремальдық түрлеріне құмартқанда да болады, себебі, өзін өлім мен өмір ортасына қояды, содан кейін осы жағдайдан құтылып кетуге мүмкіндік туады. Кей кезде жалған қуанышқа ұмтылу журналистің әрқилылығының артуына алып келеді, себебі, кейбір ыстық нүктелер мен тағы да басқа қауіпті орындарға жолсапарға баруға мүмкіндік береді. Адамда ағзадағы адреналин жиынтығының ерекше жүйесі жинақталады, сонан соң адамда ол сапарға бармаса көңілсіз болады да тұрады. Мұндай кезде журналист нашақорға ұқсайды, ал кез келген нашақор ерте ме, кеш пе айығуға қиындық туады немесе өледі.
Мансаптың түрлері - әкімшілік мансабы, қызметтің өсуіне байланысты болады, сонымен қатар бағыныштыларының да санының өсуіне, ішкі кәсібилікке, жұмыс құнының өсуіне, оның ішінде адам атқаратын жұмыс құнының өсуіне байланысты болады.
Ал журналистиканың әкімшілік баспалдағы - тілші, бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары және бас редактор болады. Ішкі кәсіби деңгей - жай журналист, сарапшы және "жұлдыз" болып бөлінеді. Мансаптың "жанына" өсу дегеніміз: осы деңгейдегі басылымға ауысу, төменгі деңгейдегі жұмысқа жоғарылау, PR-ге кету және мамандығын ауыстыру. Мансап бойынша өсуге ұмтылушылығына қарай мансапқорлар (кәсібін жетілдіру ұмтылу), мәдениетшілер (өз кәсіби деңгейіне тоқтағандар), салақтар (жұмысқа кедергі жасайтын әдеті барлар және жиі кәсіби деңгейді меңгермегендер), болып бөлінеді.
Мансап бойынша өсудің бағдарлары - дағдылар, ақшалар және мәртебе. Дағды дамытудың ең жемісті тәсіліне, біліктілікті арттырудың жолы (сәл кедергімен болса да) жалақының артуына алып келеді және қызметті де өсіреді. Қарым-қатынас жасаудың дұрыс жолы - оларды ақылды деп есептеп олармен келісімге келу.
Достарыңызбен бөлісу: |