Лекция өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау шымкент 2021 Кіріспе



бет21/35
Дата25.03.2022
өлшемі1.09 Mb.
#456454
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Лекция Публ шығ нег


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.
.
Дәріс №19. Журналист жұмысы, әдістері мен тәсілдері


Дәріс мақсаты мен міндеттері:
Болашақ журналистер мен қоғаммен байланыс мамандарын қазіргі заманғы журналистиканың менеджмент жүйесімен таныстыру,Қазақстанның қазіргі медиа нарығы, түрлі БАҚ-та жұмыс істеу ерекшеліктері мен үлгілері, журналистердің кейбір кәсіби «құпиялары», PR және жарнама негіздері ұсынылған. Болашақ журналист өз мамандығының құқықтық жағын міндетті түрде білуі тиіс.Сондықтан да пәнді журналистік қызметтің құқықтық аспектілері де қарастырылған. Пән барысында журналистика жанрлары, оларды күнделікті жұмыста қолданудың қыр-сыры түсінікті тілмен баяндалады. Жас журналистерге ақыл-кеңестер мен ұсыныстар беріледі. Журналистік жолын енді бастаймын деген болашақ журналистерге медиа саласының бел ортасында жүрген практик журналистердің неден бастап, қалай жазу қажет екендігін және алдын ала қандай қателіктерді жіберіп алмау турасындағы материалдары мен кеңестері әбден пайдалы болады деп сенеміз.
Дәріс мазмұны:
Журналистің жұмысына баға беру 10 көрсеткіштен тұрады. Журналистік жұмыстың нәтижесі және оны көтерудің жолдарын айқындайтын 10 тәсіл бар, олар: басылымды таңдау. Жұмыс пен өмірдің басқа кезеңінің шекарасы. Штаттан тыс қызмет және бірнеше баспада жұмыс істеу мүмкіндіктері мен варианттары.
Бұл тарауда журналистің еңбегін қалай бағалау керектігі жөнінде, оны редакция тарапынан қалай бағалау керектігі туралы, сондай-ақ жұмыстың нәтижелілігін қалай арттыруға болатындығы туралы баяндалады. Нәтижелілік туралы айтқанда еңбек шығыны мен оның нәтижесі туралы қарым-қатынас ескеріледі. Еңбек шығыны ретінде, бәрінен бұрын уақыт есептеледі, оның ішінде ақпарат жинауға кеткен уақыт, мақала жазуға кеткен уақыт, мәтіннің сапалы болуына кеткен уақыт, қосымша өңдеусіз оның басуға жарамдылық ұғынылады.
Мынандай көзқарас қалыптасқан, журналистің кәсіби деңгейін цифрлармен бағалау керек деген ұғым қалыптасқан. Тәжірибеде редакция басшылары мынаны біледі, бәрінен жақсы жазатын кім, бәрінен төмен жазатын кім, ал басқасы, ал қалған қызметкерлердің деңгейі шамамен бірдей деген ұғым қалыптасқан. Одан басқа журналистің жұмысы шығармашылық жұмыс болып табылады, сондықтан көптеген журналистердің өзінің әдісі болады, бір-бірімен салыстыруы қиын тәсілдері де болады. Журналистикада басқа салалармен қызметтік айырмашылықтар болады, арнайы белгіленген разрядтар мен мамандардың категориялары болмайды (кейбір редакциялардағы сияқты тілшілерді аға тілші және жолаушылар деген сияқты шартты түрде бөлгені болмаса және олар журналистің кәсіби деңгейіне, жалақы мөлшеріне әсер етпейді).
Жұмыстың нәтижесіне қарай нақты журналистті былай деп бағалайды, ол редакция басшылығының талғам белгілеріне байланысты болады. Ал журналистің жалақы мөлшері журналистің өзінің қабілетіне, жұмысқа қабылдар кездегі "саудаласуына" байланысты болады. Сондықтан сирек жағдайда, журналист жалақысы бірдей кәсіптік деңгейде, бірдей жұмысты атқарғандығы үшін 1,5-3 есе айырмашылығы бола береді, оның есесіне ондай жағдай әр түрлі редакцияда немесе бір редакцияның ішінде де бола береді. Бұл журналистикада кадрлардың жиі ауыса беруі салдарынан болады (олардың бір орнында қызмет атқаруы 1-1,5 жарым жыл шамасында болады), сондықтан кәсіби біліктіліктің өсуі көп жағдайда бір мекеменің жалақысының өсуіне қатысты бола бермейді, оның үстіне журналист жұмысының нәтижесі кей кезде сандық өлшемге әсер етеді. Кім жақсы, кім жаман жұмыс істейді, журналистің кәсіби деңгейін қалай бағалау керек деген көрсеткішті қалай анықтауға болады. Себебі , бұл көрсеткіш басылымның экономикалық жағдайына байланысты болады, себебі, кез келген жолды, қатарды адам-сағатына айналдыруға болады, ол кез келген материал оны қалай "сатуға" болатындығымен өлшенеді, оқырманды өзіне тартуымен өлшенеді. Журналист жұмысының нәтижелік көрсеткішін анықтайтын мәселелердің он маңызды көрсеткіші жатады, олар мыналар:
1. Мақала жазудың жылдамдығы. Мақала жазуға кеткен уақытты да, ақпарат жинауға кеткен уақытты да , мәтін жазуға кеткен уақытты да өлшеу керек. Журналист тәжірибелі болған сайын ол артық операцияларды аз жасайды. Ақпарат жинау барысында ол тек қана мақалаға қажет жауап алынатын сұрақтарды ғана қояды. Жаңадан бастаған журналист орасан зор материал жинайды да оның 90-95% мақалаға кірмей қалады. Кей кезде олар ньюсмейкерлермен жарты сағаттап сөйлеседі, содан соң сұхбаттан екі-үш-ақ дәйексөз ғана алады. Мұны жүзумен салыстыруға болады.себебі кәсіпқой жүзгіш сирек сілтеп, жылдам жүзеді де, ал енді үйреніп жүрген суды шалпылдатып, көп күш жұмсап, суды жан-жағына шашып, есесіне өте жай жүзеді.
Ал мәтінді жазуға келгенде жоғары білікті журналист, тағы да мақала қандай болатынын алдын-ала ойластырады да кейін мақаласына енбейтін бөліктерге уақытын босқа жібермейді. Жаңа үйреніп жүрген журналист барлық қамтыған оқиғаларын соңына дейін жазып шығады да, сол жазғандарының көп бөлігі қажетсіз болып қалады. Уақытты үнемдеуге шимақ парақты қолданбау арқылы да жетуге болады, яғни журналист мұндай кезде мақаласын бірден баспаға беретін етіп жазуы керек, Әр түрлі материал жазу үшін әр түрлі уақыт мөлшері керек болады, бірақ оның орташа мөлшерін бірнеше уақыттағы орташа мөлшерін есептей отырып, сондай-ақ тренд қолдана отырып, журналистің кәсіптік деңгейін анықтауға, кәсіби өсуінің деңгейін анықтауға болады.
2. Жарамсыз материалдың саны. Барлық саладағы кәсіпқойдың негізгі сипаты оның сапасының бірқалыптылығымен өлшенеді. Кәсіпқой барлық уақытта өз жұмысын белгілі деңгейден түсірмей сапалы деңгейде орындайды, ал әуесқой болса бір кезде жұмысын "өте жақсы", бір кезде орташа етіп, ала-құла орындайды. Бұл кәсіпқойлықтың ең төменгі шегіне қарап анықталады, мысалы, кәсіпқойдың ең нашар жұмысына қарап анықталады, осыған қарап оның сенімді журналист, кәсіпқой маман екенін анықтау керек, яғни ол уақыт жетпесе де, тақырып бейтаныс болған жағдайда да, көңіл-күйі мен өзін-өзі нашар сезінген жағдайда да бабына келген, илеуі қанған материал береді. Бір кәсіпқой боксшының "нағыз ұрыс қарсыластар шаршағанда басталады" деген сөзі еске түседі. Жаманды бағалау арқылы белгілі бір журналистің әр түрлі кезеңдегі кәсіби деңгейінің артып, дамып келе жатқан деңгейін анықтауға болады.
3. Аталған журналистің мәтінді редакциялауға қажетті уақыты мен қатесін жөндеуге кететін мерзімінің мөлшері. Бұл көрсеткішті жылдам анықтауға болады. Мұны редактордың әр түрлі тілшілердің материалын түзетуге кеткен уақытымен білуге болады, сол арқылы кімнің жақсы жұмыс істейтінін, кімнің нашар жұмыс істейтінін оңай анықтауға болады. Оның үстіне қазіргі жағдайда мұндай есепті әр түрлі редакциялық-баспалық жүйемен жылдам анықталады. Бағдарлама сондай-ақ жасалған түзетулер санымен және оның мәтін көлемінің қанша мөлшеріне тең екендігімен анықталады.
Журналистің өзі де кәсіби деңгейін өзі анықтауға болады, оны өзі редакцияға ұсынған мәтін мен басылып шыққаннан кейінгі мәтінді салыстыру арқылы анықтауға болады. Олардың айырмашылығы неғұрлым аз болса, дәл осы басылымға жарамдылығы жақсы болса, соғұрлым журналистің кәсіби деңгейінің жоғары болғандығын көрсетеді. Оның үстіне редактор тарапынан тіптен көп, мөлшерден тыс қателердің түзетілуі журналист пен редактор арасындағы түсінбеушілікті да есте ұстау керек. Мұндай жағдай редактор мен журналистің екі мектептің өкілдері болуына да қарайды, сондай-ақ мәтін жазуға десек әр түрлі көзқарастарына да байланысты болады. Кей кезде журналист мақалада өзіндік пікірін білдірсе, редактор мақалада өзіндік пікір болуы мүмкін емес деп, пікір білдірілген тұсты түгел сызып тастайды. Немесе журналист "маңызды" ақпарат беруді мақсат етсе, редактор күлкілі, көңіл көтеретін деталь талап етеді де аямай сызып тастайды. Мұндай жағдай қайталана беретін болса, журналиске басқа жақтан жұмыс істеуге тура келеді. Барлық адамға бірден берік отбасы құруға мүмкіндік бола бермейді ғой, сол сияқты журналиске де өз редакторын тапқанға дейін бірнеше редакцияда болуға тура келеді.
4. Дедлайндағы олқылық. Бұл жердегі әңгіме журналистің белгіленген уақытта мәтінді өткізе алмай қалуы туралы болып отыр, мұны дедлайн деп атайды (бұл термин, яғни дедлайнтермині dedline деген ең соңғы мерзім деген мағына беретін сөзінен алынған термин). Журналистің деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, ол уақытты тиімді деп есептейді, мәтін жазу барысындағы әрбір операцияға (атқарылар іс түріне) қанша уақыт керек екені, одан көп уақыт кетсе мәтін мен материал даяр болмай қалатынын нақты есептей алады. Дедлайн кедергісі журналистің ең үлкен кемшілігі болып саналады. Кейбір редакциялар бұл үшін айыппұл салады, айыппұл болғанда адамды тұншықтыратын дәрежедегі айыппұл салады, кешіктірілген әрбір минутқа бір доллардан айыппұл салуы осыны көрсетеді. Егер журналист мәтінді үнемі кешіктіретін болса оны ауыстыру туралы пікір туады.
5. Ұсынылған тақырыптың тереңдігі. Журналистің кәсібилігі ол қамтитын, жұмыс істейтін саладағы қақтығыстар мен қарама-қарсылықтар санымен өлшенеді. Бұл теңіздегі көзқарасқа ұқсайды, адам теңізде бірінші толқындарды көреді, сонан соң, біраздан соң су бетінің шымырлағанын да көреді. Міне, осы су бетінің шымырлағаны арқылы үлкен , ірі толқындардың дәрежесін байқауға көмектеседі, ал олардың болмауы материал жазуға дереккөз болады. Сондықтан бірдей жағдайға біреулер шағым айтады, ал біреулер мезі болған тақырып екеніне шағым айтса, біреулер барлық қамтуға мүмкіндік болмағанына шағым айтады. Міне, осылай дилетант пен кәсіпқойдың мақаласы осылай бір-бірінен бөлінеді, айырмасы болады. Біріншісі негізгі оқиғаны ғана байқайды, екіншісі байланыстары мен ньюанстарын, материалды байытатын, көлеміне көмек болатын сәттерді түгел байқайды. Журналист белгілі дәрежеге жету үшін басқа ешкім жетпеген ерекшеліктерді меңгереді, белгілі тақырыптағы тәжірибеден өтеді. Егер редакция басшылары журналист жеткен осы жетістіктерді уақтылы байқамаса, жалақысын тиісті дәрежеде көтермесе, ол сіңірген еңбегіне лайықты жоғары жалақыны басқа редакциядан алуға мәжбүр болады.
6. Байланыстың кеңдігі. Бұл көрсеткіш бойынша журналистің ақпарат көздерімен байланысымен бағаланады. Оған журналистің ньюсмейкерлермен тікелей таныстығы, белгілі бір мекемеден әр түрлі ақпарат ала алатын, оның ішінде қызықты да құнды мәлімет ала алатын мүмкіндігі, керекті телефондардың болуы, яғни тиісті ньюсмейкерлермен оперативті (жедел) байланыс жасауға себеп болатын басқа да мүмкіндіктері, қажетті түсіндірме ала алатын мүмкіндіктері кіреді. Сондықтан бұл тұрғыда ньюсмейкерлермен тікелей байланысы, баспасөз қызметтерімен қатынастары маңызды роль атқарады. Тіпті мынандай "журналистің байлығы телефон кітапшасының қалыңдығымен есептеледі" деген мәтел де қалыптасқан. Сондай-ақ бұл салада журналистің белсенділігі, кездесулерінің саны, іс-шараларға қатысуы, телефон қоңыраулары да марапатталуға тұратын іс болып саналады. Бұлар дәл қазіргі мақалаға енбегенімен , болашақ мақалалар жазуына , тақырып анықтауына, мәтіннің сапасын арттыруға қызмет етеді. Мұндай марапаттың болмауы журналистің өз жұмысын немқұрайлы атқаруына, ақпарат мөлшерін аз жинауына, мақаланы ойдағыдай жаза алмауына алып келеді.
7. "Тесіп шығу" саны. Бұлай деп журналистік дәстүрде тілшінің тақырыпты жіберіп қоюын айтады, белгілі бір аймаққа жауапты тілшінің жауапты жерінен бір жаңалық бәсекелес басылымға шығып кетеді.
Ал осы аталған көрсеткіш күнделікті шығатын газетке өзекті тақырып еді, көптеген газеттің мұндай "тесіп шығу" жағдайына кейбір редакциялар айыппұл салады, белгілі бір көлемде журналист жалақысын қысқартады немесе сыйлықты алып тастайды. Прососты (тесіп шығуды) болдырмау үшін "бақылау қоңырауы" деген тәсіл бар, бұл тәсілде журналист ньюсмейкерлермен міндетті түрде үнемі хабарласып, оларда қандай жаңалық болып жатқанын біліп отырады. Сондай-ақ журналистің алдын ала болжағыш қасиеті де, өз саласындағы жауапкершілігі де, алдындағыны ойлауы да оған дұрыс сұрақ қоюға және қажетті ақпарат алып отыруға мүмкіндік береді.
8. Соққы беретін материал. Мұндай мақалаға жалпы мақаланың қатарына жатпайтын ерекше мақалалар кіреді. Бұл эксклюзивті мақала болуы мүмкін (бұл бәсекелестен бұрын жазылған маңызды жаңалық болуы мүмкін), репортаж немесе сараптама мақала болуы мүмкін, мұндай мақалалар ешкім білмейтін оқиғаның сырын ашатын мақала болады да, күтпеген шешім шығаруға алып келеді. Егер жаңа бастаған жас журналист негізінен қатардағы мақала жазумен қолы босамаса, үнемі жаңалық легін даярлаумен айналысса, біліктілігі өсе, жетіле келе "соққы" мәтінін жазуға көңіл бөліп, жаза бастайды, сонан соң басқа да БАҚ-тарға ұсынып, басылымның беделін қалыптастырады.
9. Мақалада қате болмауы. Бұл жерде дәлелдерді барлық ынта-жігермен, адалдықпен тексеру қате болмауын қамтамасыз етеді, мақаладағы қатені болдырмау, аттарды дұрыс жазу, қызметті, географиялық тақырыптарды дұрыс жазу басты назарға алынады. Журналистік жұмыста қате болмауы мүмкін емес, себебі, үнемі уақыты жете бермейді, ақпаратты тексеруге физикалық жағынан да мүмкіндігі бола бермейді, ал оның қатесін азайту кәсіптік деңгейін көрсетеді, егер журналист қай жерден қате кеткенін сезсе, дәл осы ақпараттың қатесін тексеруге қосымша уақыт бөледі.
10. Күрделі мәтін жаза білу. Бұл көрсеткіш журналистің "күрделі" жанрда жұмыс істей білуін сипаттайды, оларға арнайы репортаж, сараптама мақала және фиче жатады. Егер қысқа немесе кеңейтілген жаңалықты жазу іс-шара туралы репортаж жазу аз ғана даярлықтан соң кез келген журналистің қолынан келсе, көп салалы мақала немесе түсіндірме жазу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Журналистің қойын дәптеріндегі мұндай материалдар саны оның кәсіби деңгейінің дәрежесін көрсетеді, аталған автор жазған мәтіндердің оңды қозғалысы оның кәсіби жақтан өскендігіне дәлел бола алады. Жоғарыдағыдай нәтижеге жетіп жазуға қойылатын баға жедел түрде жүргізіледі, мысалы, бір-екі аптада қызметкердің барлық әрекеті тіркеледі, есептеледі, содан соң барып оның кәсіби деңгейі айқындалады, міне, осындай жолдармен редактор барлық қызметкерлерге баллдық баға қойып шығады. Мұндай шараны 3-6 айда қайталап тұру ұсынылады, себебі, осындай уақыт аралығы жаңа дағдыны меңгеруге және жұмыстағы сапалық қадамға жеткілікті болады. Үнемі қойылып отыратын бағалау өзінің кәсіби жетілуіне негіз болады және жұмыстың сапасына да жақсаруына да ықпал етеді. Әрине, әрбір көтерілген баға жалақыны еселеп көбейтумен қатар жүріп отырылуы керек.
Біздің тарауымыздың екінші бөлімі журналистерге бағытталады да олардың жұмыстарының нәтижелілігін арттыру бағытында нұсқаулар беріледі. Бұл келтірілген нұсқаулар он түрлі құрамнан тұрады. Олардың көпшілігі Рой Питер Кларктың кеңесінің негізінде құрастырылған, аталған автордың "мақала жазудың елу тәсілі" деп аталатын жинағынан алынған, сондықтан өзінің кәсіби деңгейін өсіргісі келгендерге осыны оқу ұсынылады.
Олар мыналар:
1. Жазудан қорықпау керек. Кей кезде мақала жазудың басталар сәті журналисті қорқытады және әртүрлі себептермен барынша артқа тартады, мысалы, қайта-қайта темекі шеккіңді келтіреді, кофе ішкіңді келтіреді, әріптестермен сөйлескің келеді. Сөйтіп бір-екі сағат босқа кетеді де, журналист өзін-өзі зорлап, ақырында жазуға отырады. Журналист мақала жазуға отырғанда қандай да бір шабыт іздейді, ал журналист шабыттың келетініне өзін-өзі сендірген кезде, мақала бір сәтте жазылады, ал егер шабыт келмесе столға әзірше отырудың қажеті жоқ. Іс жүзінде мұндай әрекет қате. Тәжірибе мынаны көрсетеді, шабыт жұмыс кезінде ғана келеді. Сол үшін жазуға бірден отыру керек, ешқандай да дайындыққа уақыт кетірудің қажеті жоқ. Егер ой шашыраңқы болып, бір арнаға түспей жатса, мәтін қозғалмаса, сапаның деңгейін төмендетіп істің оңғарылғанын күтпей, бәрібір бастап жіберу керек. Ештеңе жазбағаннан әйтеуір бір нәрсе жазған бәрібір артық. Іске кіріскен соң біраздан кейін ой да ретке келеді, шабыт та пайда болады, ал шабыт күткен сіздің әріптесіңіз бұл кезде бірде-бір қатар жаза алмайды.
2. Материал жинай бастағаннан-ақ мәтін жазуды бастау керек. Бұл ереже ағылшынша "Write as you report" деп аталады. Ақпарат жинауды кезеңдерге бөлмеу керек, қолда бар материалды пайдаланып, жазуды бірден бастап жіберу керек. Сонда ғана қандай ақпарат жетпейтіндігі белгілі болады және ньюсмейкерге де қандай сауал қою керектігі анық болады. Мақаланың алғашқы вариантынан соңында ештеңе қалмау маңызды емес. Ол жұмыс гипотезасы жорамалы болып қала берсін, өйткені ол сізді жетілген мақалаға алып келеді. Егер алғашқыда тек қана материал жинасаңыз, мақаланы одан кейінге қалдырар болсаңыз, материал толық жиналған сияқты болғанмен жұмыс барысында басқа да тақырыптардың қыры ашылады, жаңа сұрақтар туындайды, ал жаңа материал жинауға уақыт қалмайды. Нәтижесінде мақала "аяқталмаған" болып қалады, ал тақырып толық ашылмай, шала- жансар болып қалады.
3. Мақаланы редакцияның жолында шығарыңз. Бұл тәсіл мына жағдайға арналады, себебі, оқиға болған жерге сапар шегер кезде дайындалады немесе іс-шараға материал дайындау барысында даярланады. Ал сапардан қайтқан кезде болашақ мақаланы ойлануға уақыт жоғалтады. Егер сіз қоғамдық көлікпен қайтсаңыз, жазғандарыңызды белгілеп, қойын дәптерге нобайын жасауға болады. Егер өз машинаңызды жүргізіп келсеңіз мақала басыңызда орнығу керек. Қандай жағдай болса да редакцияға қайтарда мәтін даяр болуы керек, содан соң оны компьютерде теру ғана қалады.
Әрине, алғашқыда ойша жазып алу ұсынылады, мұндайда жазбаға қараудың қажеті жоқ, мида қорытындыланған соң ғана оған қарауға болады. Бұл, біріншіден, мәтінмен жұмысты жылдамдатады, екіншіден бізге айла қолданып керекті мен керексізді ажыратуға мүмкіндік береді. Егер сіз мәтінді құрастыру барысында бір нәрсені ұмытқан болсаңыз, ең дұрысы оны қолданбай-ақ қойған жөн. Егер блокнотқа (қойын дәптер) қарап жазатын болсаңыз ақпараттың ішінде ағып кетуге тәуекел етесіз, және мәтін дәл болмай шатасып кетеді.
4. Тарих-минимум мен тарих-максимумды бөліңіз. Тарих-минимум дегеніміз - журналистикада қалыптасқан сапа стандартын қанағаттандырады, бұл дегеніңіз баспаға беруге болады дегенді білдіреді, яғни (кім? не? қашан? неліктен? қалай? қайдан?) - деген сұрақтарға жауап беретін жаңалықтар және бэкграундта болатын қажетті детальдар. Немесе қосымша ақпараты бар, детальдары бар, талапқа сай көріністері бар репортаж.
Тарих-максимум дегеніміз - өз авторына танымалдылық алып келетін, ерекшелейтін мақала. Бұл бұрын айтып кеткен соққы материалының өзі, яғни журнлистің құнын арттыратын, нақтырақ айтқанда, танымалдықты арттыратын материал. Кез келген материалды тарих-максимумға айналдыруға болмайды, егер ондай мүмкіндік болса, оны істеу керек.
Оның ортақ ережесі мынандай: алғашқыда бәрін жаса, алдымен тарих-минимумға қажеттіні жаса, одан кейін барып тарих-максимумға айналдыруға тырыс.
5. Өз миыңызды пайдаланбаңыз. Бұл алғашқыда таңқалдыратын ереже, ол алғашқыда редакциялардың бірінде іске асқан. Бұл ережені былай түсіну керек: егер мақала үшін сізге қандай да бір ақпарат қажет болса, анықтамалыққа кіруге ерінбеңіз, (еш болмаса ғаламтор сайтына кіріңіз), сонсоң тексеріңіз, өз есіңізге түскендей етіп жазбаңыз, тәжірибе көрсеткендей, тіпті маманданған журналистің өзі есінде дәл сақтай алмайды, әсіресе қызметтің арнайы тақырыбын, мекемені, заңның қолданылуын, статистика мәліметтерін дәл сақтай алмайды. Оның үстіне, адам тиісті мәтінге қарамайынша өзіне-өзі сенімді болады. Сондықтан қанша ақылды болса да өз миыңды қолдануға болмайды, өйткені ол өте қауіпті. Мүмкіндігінше тексеруге болатынның бәрін тексеру керек. Кейбір басылымдарда журналистерді сақтандыру үшін құрылғанарнайы бөлімдер бар, олар мақаладағы ақпараттарды тексереді, олардың міндетіне Қазақстанның астанасы Астана, Президенті Н.Назарбаев деген секілді, оның сайланған мерзімі туралы мәліметтерді анықтау кіреді. Бұл ереженің ақиқаттығына былай көз жеткізуге болады, өйткені, қате мақаланы кез келген уақытта артқа қалдырады - есімдер, мерзімдер, заңның жағдайы, статистикалық ақпараттар т.б. Мысалы, беделді басылымның бірінші бетінің өзінде қаржы министрі Алексей Кудрин, Александр Кудрин болып қате жазылып кеткендігі осының айғағы. Мысалы, елді мекеннің сыртында 110 км/сағат деп жазып қояды, бірақ олай емес 90 км/сағат, ал 110 км/сағат дегені автомагистральдағы жылдамдық мөлшері, сондықтан қате жазылып, елді шатастырады, жол ережесінің бұзылуына әкеліп соғады. Өзіңізше тәжірибе жасап, белгілі адамдардың қызметі, өмірбаяны туралы мәліметті жазып шығыңыз да, содан соң анықтамалықтан тексеріп көріңіз. Сәйкессіздіктің мөлшері сізді таңқалдырады.
6. Өзіңіз үшін қосымша дедлайн орнатыңыз. Бұл тәсіл мақала жазғанда жұмысты ұйымдастыруға өте қажет тәсіл. Редактор тағайындаған дедлайннан басқа, яғни, сіздің материалды редакцияға тапсыратын мерзіміңізден басқа өзіңіз үшін "ішкі дедлайн" тағайындауыңыз ұсынылады, ол жұмыстың әр түрлі кезеңінің аяқталу мерзімін тіркеп отыру үшін қажет, мысалы, тақырыппен танысу дедлайны, материал идеясының тақырыбын белгілеу дедлайны, ақпарат жинау, жұмыс дәптері дедлайны, даяр мәтінді жазу, мақаладағы дәлелдерді тексеру дедлайны болып бөлінеді. Міне, осы кезде сіз графикке сай келе жатсыз ба, жоқ әлде графиктен шығып қалдыңыз ба? - барлығын да біліп, болжамдап отырасыз да, өзіңізге сенімді боласыз. Егер сіз тек қана "сыртқы" редакторлық дедлайнға сенетін болсаңыз, сіз ақпарат жинауға көп уақыт жіберіп аласыз да мәтінді асығыс жазатын боласыз, ол мақаланың сапасын түсіреді.
7. Түсіндірушілер үшін гипотеза құрыңыз. Қазіргі журналистикадағы талаптың бірі ақпараттық мақаланың барысын журналистің өзі бермейді, бейтарап сарапшы береді. Бірақ сарапшылардың көбі көп сөзді болып келеді, барлық уақытта дәл, көпшілік оқырманға тапқыр жауап бере бермейді. Сол себепті мұндай сарапшылармен сөйлесу 20-30 минутқа созылып кетеді, бірақ мұндай сарапшылардан журналиске мақаланың идеясына негізделген, көп дегенде, екі-ақ сөйлем керек. Ең дұрыс жолы, ұсынысты журналистің өзінің құруы, сонан соң барып сарапшыға телефон соғып, оның аталған пікірге қосылатындығын, құптайтындығын сұрау. Әдетте кейбір түзетуі ғана болмаса, сарапшылар бұған қосылады, әңгіме 1-3 минутқа ғана созылады. Оның үстіне журналист қай сарапшы мұны жақтайтынын, қай сарапшы аталған тақырыппен ұзақ уақыт айналысатынынан хабардар болып, келер жолы кімге жолығу керектігін біліп алады.
8. Мәтінді бір-біріңе оқыңдар. Бұл тәсіл неміс тілінен алынған "қарама-қарсы" деген ұғымды білдіретін сөзден алынған. Мұның ерекшелігі мынада, журналист мақаланы редакторға тапсырмай тұрып, материалды бір-біріне оқуға негізделген, себебі материалды "жаңа көзбен" қарауға мүмкіндік береді. Бұл мәтіндегі қатеден құтылуға көмектеседі, дұрыс және толық жазылмаған тіркестерді жөндеп, ең соңғы мақала үлгісін қатеден арылтады. Автор жұмысындағы ақпараттың молдығынан, уайымнан аталған қателерді көрмей, байқамай қалады, ал сырттан қараған тосын оқырманға бірден байқалады, көзге ұрады. Мысалы, "оны қамады" деген тіркес "ол қамалды" деп өзгертіліп кетсе, "ол қамаған болып шығады" мағынасы мүлдем өзгеріп кетеді. Неміс журналист депутат заң енгізді деп жазып депутаттың аты-жөнін көрсетуді ұмытып кетсе, кейіннен басқа үзіндіде, көріністе айтылса, кейіннен алынып тасталады.
9. Озық журналистердің мақалаларын оқыңдар және көшіріп алыңдар. Оқу туралы мынау дәлелденген, адам неғұрлым көп оқыса, одан сайын жақсы жазатын болады. Шындығында, бірақ ең үздік жазылғандарды ғана оқу керек, оның ішінде өзіңнен жақсы жазатындардың туындысын оқу керек, төмен жазатындарды оқудың қажеті жоқ: жақсы жазатындарға журналистиканың "жұлдыздары" мен классиктердің шығармалары жатады. Жазбаша тіл баспасөздегі журналист еңбегінің қаруы, және ол оны жетік меңгеріп, үнемі шеберлігін қайрап, жетілдіріп отыруы керек.
Ал біреудің мақаласын көшіруге келсек, бұл суретшілер сияқты жаттығудың түріне жатады, себебі алғашқыда басқалардың суреттерін көшіріп үйреніп, сонан соң ғана өз суретін салатыны секілді болады. Басқаның мақаласын көшіріп отырып журналист автордың ойын, сөз таңдау тәсілін, шешендік сөздерді қолдану тәсілдеріне зер салу керек. Сол кезде мәтінді "өзі арқылы өткізеді, қабылдайды", сол үшін жоғарыда айтқан дағдылар айтарлықтай меңгеріледі, ол осы мақаланы оқығанмен қалыптасады. Көшіріп жазу жаттығуы жетілген кәсіпкерді кемінде аптасына бір оқу арқылы атқарылады. Бұл дене формасын сақтау үшін аптасына бір рет спорт залына жаттығуға барғанмен тең болады.
10. Тақырып бойынша картотека жүргіз. Сізге өзіңіздің маманданған салаңыз бойынша бірнеше "кілт" тақырып таңдау ұсынылады, сонан соң оларды мақсаты бойынша алып, оның әрбірін ақпарат бойынша қаттап қою керек. Оның үстіне бұ жұмысты компьютер арқылы электронды үлгіде орындауға мүмкіндік бар, сондықтан олардағы мақалаларды арнайы папкаларға көшіріп қоюға болады, газет-журналдардан қиып алудың қажеті жоқ. Ол папкаларды өзіңнің тікелей байқағандарын, оқиғаны көрген адамдардан алынған, сарапшылардан алынған құжаттар қатталады. Мысалы, "Нашақорлар" папкасына полицейлік мақалалардың статистикасы, наркосатушылар, нашақорларды алдын ала емдеу жөніндегі дәрігердің анықтамалары, нашақорлар мен болған журналистердің стенограммалары және сол әңгімелерден туындаған жеке пікірлер жинақталады.
Ал бір партияның аты бар пакаға сол партияның көшбасшыларының айтқандары, олардың нәтижелері, сайлау мен осы партия жайлы жанжалдар жинақталады. Сонан соң бізге қашан аталған тақырыпқа жазу керек болғанда жиналған ақпараттар шоғырланған нәтиже береді, оқиғаны жан-жақты суреттеуге мүмкіндік береді, бұрын айтқан "тарих-максимум" алуға жол ашады.
Сол кезде сіздің бәсекелестеріңіз ақпаратты нольден жинай бастайды, сіз өткен дәлелдерге сенім артасыз, ақпарат және оның мәнін ашатын дәлелдер сізде енді бар.
Және аталған тараудың қорытындысында - бірнеше жалпы нұсқау береміз. Екіншіден, жұмыс орнын таңдауға болады. Бұл жердегі ереже қарапайым ғана: сіздің өзіңізді тікелей қызықтыратын баспаға баруға мүмкіндігіңіз бар. Мәселе мынада, неге десеңіз кез-келген басылым - сіздің дүниеге деген көзқарасыңыз, ерекше сүзгі, солар арқылы құбылысқа назар аударылады, ал кейбіреулер қажетсізін елеп алады. Журналистің жұмысындағы максимальді нәтиже журналист пен редакцияның сүзгісі бір арнаға тоғысқанда ғана орындалады. Егер сізді қызықтырған нәрсе бір бөлек, редакцияның мүддесі бөлек-бөлек болса ақпаратты күшпен алуға болады да оны сіз іске асыра алмай қаласыз. Мысалы, егер журналист президенттер арасындағы келісім шарттардың деталі қызықтырса, ал редакцияны президенттердің әйелдердің киім киісі мен тамағы қызықтырса, банкетте әйелдеріне берілген тағам қызықтырса, журналистің осы редакциядағы жұмысы жемісті болады деп айта алмаймыз. Екіншіден, не туралы жазсаң, сонымен өмір сүру керек. Журналистикаға "станокты қосты және ұмытып кетті" деген ұстаныммен қарауға болмайды. Мүмкіндігінше өзіңнің ньюсмейкері көп жиналатын жерге көп баруға тырысу керек, ең бастысы өзің сипаттайтын жерде болатын оқиға туралы үнемі ойлану керек, оқиғаның әрі қарай дамуын баста айналдырып, ойлану керек, қатысушылардың себебін дұрыс түсінуге тырысқан дұрыс. Жұмысқа осылай қараудың арқасында белгілі бір сәтте журналист өзінің әріптесі байқамаған болып жатқан оқиғаны түсіне бастайды, оқиғаның жасырынып жатқан мағынасын ұстап алады, ешкімнің ойына келмеген пікірлерді ұсынуға жетіседі.
Үшіншіден, штаттан тыс жұмыс жөнінде бірнеше сөз айта кетелік. Шынын айтқанда қазіргі жағдайда штаттан тыс қызметкер болу тиімді емес, себебі егер журналист "жұлдыз" болмаса, жоғары қаламақы талап ете алмайды. Әзірше астаналық басылымдардың өзінде журналисттің сағаттық жалақысы көшеде балмұздақ сатып тұрған сатушыдан да төмен. Сондықтан штаттан тыс қызметкерлер аталған бір тақырыпқа жазылған материалды бірнеше басылымға сатуға мәжбүр болады. Әдетте, журналистер әр түрлі типтегі басылымдармен қызметтес болуға тырысады, мысалы информ агенттіктермен, күнделікті газеттермен, апталық газеттермен қызметтес болуға ұмтылады. Журналистің типі бірдей екі басылымда істейтін жағдайы жиі ұшырасады, мысалы екі апталық газет пен интернет-басылымда істейтін жағдайы жиі ұшырасады. Бұл жердегі қиындық мынада, екі бірдей мекемедегі бірдей өнім қабаттасып қалады, ал екеуіне бірдей бір мақаланы ұсынсаң ол басылым басшыларын қақтығысқа алып баруы мүмкін.
Штаттан тыс қызметкерлердің тағы бір мүмкіндігі әр түрлі басылымға бір оқиға туралы әр түрлі жазылған мақаланы ұсыну. Ондайда бір басылымға оқиға туралы жаңалықты жариялауға берсе, екіншісіне осы жаңалықты қалай іздегені туралы репортаж береді, үшіншісіне - қатысушылардың біреуімен жүргізілген сұхбатты ұсынады, төртіншісіне - осы оқиға туралы өз ойын білдіретін түсіндірмені (комментарийді) береді. Техникалық прогресстің арқасында мұнайдан алынатын бензинді 20-30%-дан 70-80%-ға жеткізгеніміздей журналист те өзінің кәсіби біліктілігіне байланысты бір ақпараттың өзінен көбірақ "пайдалылық" алуына болады.
Журналистің кәсіби деңгейін бағалаудың он түрлі белгісі, олар мыналар:
1. Мақала жазудың жылдамдығы
2. Жарамсыз материалдың саны
3. Аталған журналистің редакциялауға берген мәтінінің мерзімі және жасаған түзетуінің саны
4. Дедлайнның олқылығы
5. Ұсынылған тақырыптың тереңдігі
6. Байланыстың көлемі
7. Тесіп шығудың (просостың) саны
8. "соққы" материалдың саны
9. мақалада қатенің болмауы
10. күрделі мәтін жаза білуі.
Жұмыстың нәтижесін арттырудың он түрлі нұсқауы, олар мыналар:
1. Жазудан қорықпа
2. Ақпарат жинай бастаған кезеңнен бастап жаз
3. Мақаланы редакцияға бара жатқан жолдан бастап жаз
4. Тарих-максимум мен тарих-минимумды бөліңіз
5. Өз миыңызды қолданбаңыз
6. Өзің қосымша дедлайн жасап ал
7. Түсіндірме үшін жорамал (гипотеза) жасаңыз
8. Мәтінді бір-біріңізге оқыңыз
9. Жақсы, үлгілі журналистің мақаласын оқыңыз және көшіріңіз
10. Тақырып бойынша картотека жүргізіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет