Касмир мен басқа сарапшылар мынадай кеңестерді ұсынады:
1. Өзіңізді жақсы біліңіз. Өз мәдени ерекшелігін тану және теріс түсініктердің аражігін ажырату басқа адамдардың бірегей көзқарасын түсінуде өте қажет қасиет. 2. Айналаңызда өзара сыйластыққа, әділдікке негізделген демократиялық қарым-қатынас қалыптастырыңыз. Өз ортаңызда теңдік орнатыңыз және өзара қамқорлық жасауға үндеңіз. Бұл сіздің «үшінші мәдениет» контексіңіз болады, ол әр адамның мәдени нормаларынан биік тұратын тиімді мәдениетаралық коммуникацияны қамтиды.
3. Өз түсініктеріңізді тықпалай бермей, нақты дәлел келтіріңіз. Біреудің айтқан сөзін немесе жасаған іс-әрекетін түсіндіру немесе бағалау көбіне нақты жағдаятқа қарағанда, сіздің мәдениетіңізге, жинақтаған біліміңіз бен тәжірибеңізге байланысты қалыптасады. Дәлелдермен ғана сөйлесеңіз, басқа адамның түсіндірмесінен пайдалы нәрселер алу мүмкіндігіне ие боласыз. Жағдайды тыңғылықты зерттеп, әртүрлі көзқарастар негізінде жан-жақты талдап, әбден көз жеткізіп алмайынша, өзге мәдениет өкілі туралы пікір айтуға асықпаңыз.
4. Басқа адамның көзқарасына мән беріңіз. Біреуге бірдеңе айтардан бұрын, өзіңізді сол адамның орнына қойып көріңіз. Оның құндылықтары, тәжірибесі мен көзқарастар жүйесі қандай? Оның білімі, тәрбиесі және шыққан тегі туралы не білесіз? Бұлар сізге қосымша ақпарат бере алады. Конфликт туындаған сайын, оларды топқа жаңа ғана қосылғандай әсерде қабылдаңыз және мәселені бірігіп шешу тәсіліне жүгініңіз.
5. Топтың бірегейлігін қалыптастыруға барынша қолдау көрсетіңіз. Кез келген мәдениет сынды тиімді мәдениетаралық коммуникация орнатуды көздейтін ортақ «үшінші мәдениет» құруға уақыт пен қамқорлық керек. Ортақ мақсаттарды, өзара сыйластық сақтауды және жеке коммуникация артықшылықтарына44 бейімделу қажеттігін топ мүшелерінің есіне жиі салып отырыңыз.
Бақылау сұрақтары:
Тиімді коммуникация ұғымын түсіндіріңіз
Жазба коммуникациясының маңыздылығы неде?
Тиімді коммуникация мақсатын айқындаңыз
Тиімді коммуникация дағдысы дегеніміз не?
Ғалымдардың тиімді коммуникацияға түсініктеме беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |