Лекция Психологияға кіріспе



бет42/44
Дата30.10.2022
өлшемі271.41 Kb.
#463662
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Психология лекция жинак

Үнсіздік Үнсіздікке немесе коммуникация жоғына мән бермеу оңай, себебі ол жерде ешқандай ақпарат болмайды. Бірақ бұл көп жағдайда қатеге ұрындырады, өйткені үнсіздіктің өзі белгілі бір тақырып бойынша сөйлесуге ынта жоғын немесе білімсіздікті, қабілетсіздікті білдіре алады. Сондай-ақ үнсіздік ақпараттың шамадан тыс көптігін немесе тиісті жауап дайын болғанша ысыра тұруды білдіруі мүмкін. Қандай себептен туындаса да, зерттеулер үнсіздікті пайдалану арқылы коммуникацияға түспеу жиі кездесетінін және проблема тудыратын жағдай екенін көрсетті. Бір сауалнама менеджерлердің 85 пайыздан астамы үлкен алаңдаушылық туғызған кемінде бір мәселе бойынша үнcіз қалатынын анықтады.37 Үнсіздік ұйымдарға елеулі зиян келтіре алады. Қызметкерлердің үнсіздігі менеджерлердің қолында жұмыста болып жатқан проблемалар туралы ақпарат жоғын білдіреді, ал басшылықтың үнсіздігі қызметкерлердің көңілін алаңдатып, мазасын қашырады. Кемсіту, сексуалдық харрасмент, жемқорлық және теріс қылықтарға қатысты үнсіздік жоғары басшылықтың проблемалық мінез-құлықты жою үшін түк істей алмай отырғанын білдіреді.
Коммуникациядан қорқу Халықтың 5–20 пайызы коммуникациядан қорқудан немесе әлеуметтік үрейден зардап шегеді. Бұл адамдар ауызекі коммуникациядан, жазбаша коммуникациядан немесе екеуінен де шектен тыс мазасызданып, үрейге бой алдырады. Олар басқалармен бетпе-бет сөйлесуден өлердей қорқуы немесе телефонды қолдануға қатты үрейленуі мүмкін, телефон шалу тез әрі ыңғайлы болса да, оның орнына жазба немесе электрондық хат жібергенді жөн көреді. Ауызекі коммуникациядан қорқатындар ауызекі сөйлеу басты талап ретінде қойылатын жағдаяттардан қашады. Бірақ барлық жұмыс орындары белгілі бір деңгейде ауызекі коммуникацияны талап етеді. Жоғары деңгейдегі ауызекі коммуникациядан қорқатындар коммуникация қажеттігін азайту үшін жұмысына қатысты коммуникация талаптарын бұрмалайды. Бұл мәлімет үлкен алаңдау тудырып отыр. Мынаны есте ұстаңыз: кейбір адамдар ауызекі коммуникацияларын қатты шектейді және олар жұмысын тиімді атқару үшін коммуникация қажет емесін айтып, іс-әрекеттерін өздеріне ыңғайлы етіп алады. Коммуникациядан қорқу – ауызекі коммуникацияға, жазбаша коммуникацияға немесе екеуіне де қатысты шектен тыс мазасыздану, үрейге бой алдыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет