Лекция Психологияға кіріспе


Фромм тұлғааралық қарым-қатынас



бет30/44
Дата30.10.2022
өлшемі271.41 Kb.
#463662
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
Психология лекция жинак

Фромм тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктері адамдардың типологиялық ерекшеліктеріне тәуелді деп есептейді. Сондықтан қарым-қатынастың да типологиясын жасаған. Олар: симбиоздық одақтастық; шектеулілік, деструкциялық (жеке тұлға құрылымының бұзылғандығы); сүйіспеншілік.
Симбиоздық одақтастық қатынас адамның тәуелділігінің, басқа адамсыз өмір сүре алмайтындығының көрсеткіші. Ата-ана мен балалары арасында, ерлі-зайыптылар арасында жиі кездеседі.
Шектеулілік – жеке тұлғаның өзгелерден тәуелсіз боламын деп, өзгелерді менсінбестен, өзімен-өзі болу. Қазіргі кезде европалық мәдениетте жылған ашықтықпен бүркеліп, жұмыстан бос уақытта ешкіммен қарым-қатынас жасамаушылыққа, жалғыздыққа алып келуде.
Деструкциялық – шектелудің белсенді түрі, өзін қоршағандардан өзін қорғаудың бір түрі ретінде өзгелерге зиян келтіріп, оларды талқандауға дейін бару (өсек таратып т.с.с. агрессия білдіру арқылы).
Сүйіспеншілік қатынас игілікке бағытталған, ізгі ниетті білдіретін қатынас. Ол өзін қоршағандарға қамқорлықпен қарауға, жауакершілікке, ынтымақтастыққе негізделген қатынас. Өнімділікке бағытталған типтерге тән қатынас түрі.
Манипуляция – айла, амал, басқалардың өзіне қатысын реттеп отыру.
Фромм жеке тұлғаның жетекші қасиеті ретінде оның әлеуметтік мінез-құлық көрсетуі деп тауып, осы қасиетті типологияға негіз ретінде анықтаған.
Ал Э.Шострдың ең танымал еңбегі «Анти-Карнеги» деп аталады. Осы еңбегінде «Манипулятор» (айлашыл, қулықпен күн көретін) деп аталатын адамның әлеуметтік ортадағы көрініс беретін қасиетінің ішіндегі өзгелермен қатынас жасау ерекшелігіне байланысты типологияны келтірген. Бұл типтегілер қалау да болса жағдайды өзіне бағындыру жолдарын іздейді.
Э.Шострдың айтуы бойынша адам Манипулятор болып туылмайды. Нарықтық қатынасқа икемделу барысында әр адам өзін қоршағандарды қулықпен алдап-арбап, өзіне бағынышты етіп алуға тырысады. Сондықтан, қарым-қатынастағы Манипулятордың негізгі мақсаты басқаларға өзін беделді етіп көрсету және оларға өз өкімін жүргізу. Сонымен қатар өзі де беделділерге бағынғанды қажетсінеді. Манипулятор көрсеткіштері әрқайсымызда жеткілікті. Оның қайсысы басым екенін байқап көрейік. Оған қарама-қарсы бағыттағыларды актуализаторлар – мән берушілер деп атаған.
Манипулятор типтері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет