Лекция Психологияға кіріспе



бет32/44
Дата30.10.2022
өлшемі271.41 Kb.
#463662
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44
Психология лекция жинак

9. Сенсорлық типология
1. Юнг ұсынған жеке тұлға типологиясы негізіне алынатын көрсеткіштер.
2. Жеке тұлғаның сенсорлық (сезімталдық) ерекшеліктеріне байланысты типтерді анықтау.
Жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктеріне, сенсориканың (талдауыштардың) қызметіне байланысты типология жасағанда оның әлеуметтік ортада болып жатқан құбылыстарға әсерленетіндігін, қарым-қатынас ерекшелігін есепке алынған: Психоәлеуметтік типтерді жасауға Юнг ұсынған типология негіз болады.
К.Юнг тұжырымдамасы бойынша адамдардың әлеуметтік ортадағы мінез-құлық ерекшеліктері ерте қалыптасатын жоғары бағалап, басшылыққа алатын, жақсы көретін құндылықтары. Оның төрт негізгі түрі бар:
біріншісі – адамға қуат беретін энергия көзі – экстраверттер үшін ол сыртқы орта, ал интроветтер үшін өзінің ішкі дүниесі;
екіншісі – қоршаған объективті болмыс туралы мәлімет көзі – күнделікті болып жатқан, сезім мүшелеріне әсерін тигізіп жатқан мәліметтерді бірізділікпен, сөзбе-сөз қабылдау (сенсорлық-түйсінгіш) немесе өз ойына, ішкі сезіміне сүйене отырып жинақтау (сезімталдық);
үшіншісі – шешім қабылдау ерекшелігі – объективті болу үшін барлық жағын ойластырып, ешнәрсені алаламай, әділдікпен, жоспар бойынша (логикалық-ойшыл), немесе субъективтік және тұлғааралық деңгейде, сезіміне бөлене отырып (эмоционалдық сезімге бөленгіш);
төтіншісі - өмір сүру, тұрмыс қалпы – табандылық пен жүйелілікті берік сақтау (парасатты табанды тип), немесе ізеттілік көрсетуге құмар, жұмсақ, қарапайым, тура түсінетін, кейде күтпеген апаттай (эмоционалды қабылдайтын тип).
Осы төрт құндылықтың арақатынасына байланысты адамдарды келесі көрсеткіштер бойынша типологиялық мінездеме беруге болады:
экстраверсия – интроверсия;
рационалдық (ақыл-ойға сүйенетін) – иррационалдық (жасқаншақ);
ойшыл тип (логик) – эмоционалдық тип (этик);
түйсінгіш тип (сенсорик) – сезімтал тип (интуит).
Е-И шкаласы бойынша бағаланатындар. Экстраверттер (Е) энергияны өзге адамдар мен іс-әрекеттен жинайды. Сондықтан олар сыртқы ортадаға, қарым-қатынасқа бағытталған. Олар өз ойларын, пікірлерін және сезімін ішінде сақтамастан, сыртқа шығарып отыруы керек. Интроверттер (И) энергияны өзінің ішкі ортасынан алады, сондықтан олар өздерінің ішкі дүниесіне бағытталған, сыртқы ортамен қарым-қатынасы шектеулі (өзгелермен қарым-қатынас жасап, сөйлескеннен соң олар оңаша қалғанды, өз ойына бөленгенді қажет етеді). Бұл екеуінің де мінез-құлқы нормада, тек энергия көзі әр қилы болады. Тек интроверттерге өз ойына бөленуге мүмкіндік беру керек. Олар бірден ашылмастан, тек сенім білдірген адамдарына ғана немесе ерекше жағдайда ғана сырын айтып, ішкі дүниесін сыртқа білдіреді.
Л-Э шкаласы бойынша бағаланатындар. Ойшыл логик типтегілер (Л) өмірде болып жатқан нәрселердің мән-мағынасына түсініп, олардың негізгі қасиеттерін, бағынатын заңдылықтарын түсінгісі келеді. Эмоционалдық тип (Э) өмірде болып жатқан нәрселерді қабылдау немесе қабылдамау, барлық болған оқиғалардың әсері қандай болатындығымен бағалайды.
Т-С шкаласы бойынша бағаланатындар. Түйсінгіш тип (сенсорик) –болған нәрсені факт ретінде қабылдап, ақиқатты нақты бағалауға бағытталған. Сенсориктер нақты мәліметке сүйене отырып тәжірибені, ақиқатты өмірді бағалау критериі ретінде анықтайды. Оларға фантазия жат нәрсе, сондықтан „аспандағы айдан, қолдағының бағасы жоғары“. Сезімтал тип (интуит) болашақты болжамдауға, мәліметті еркін жинап, кейде оның мән-мағынасына түсінгісі келеді. Шешім қабылдағанда өзінің ішкі дауысына, интуициясына құлақ салып, өзгелердің осындай жағдайда не істейтініне ешқандай көңіл бөлмейді. Бұл қарама қарсылық кей кезде Т-С арасында түсінбеушілік тудырады: Түйсінгіштің „сағат неш болды?“ деген нақты сұрағына нақты жауап күтіп отрса, оған сезімтал „Кеш болды. Үйге қайтатын уақыт болды“ деп болжаммен жауап беруі мүмкін.
Р-Ж шкаласы бойынша бағаланатындар. Рационалдық (ақыл-ойға сүйенетін) батылдықпен, қорғалақтамай, неге ондай шешім қабылдау керек екеніне түсіне отырып ешқандай қиналмастан шешім қабылдайтын адам. Ол мойнына алған нәрсені жоспарлап алып, өз ретімен тиянақты орындайды. Ол өз өмірін және өзін қоршағандардың өмірін реттеп жүреді. Жаңалыққа онша мән бермейді. Иррационалдық (жасқаншақ) типтегілер шешім қабылдаудың орнына мәліметтер жинап, ол іске кіріскенше өз пікірін бірнеше рет өзгертуі мүмкін. Кейде пікірін неге өзгерткенін өзі де түсіндіре алмайды. Мұндай оралымдылығы, икемделгіштігі, өзін ұйымдастыруының төмендігін, түсіндіруге болмайтын ішкі сезімнің басым болуын қоршағандар түсінбей қалады.
Дау-дамайларды сипаттаудың әмбебап ұғымдық сызбасының ең маңызды элементтерінің бірі оның құрылымы мен функциялары болып табылады.
Дау-дамай құрылымы. Дау-дамай жүйе болуымен қатар үрдіс те болып табылады. Сондықтан дау-дамай құрылымы дау-дамайдың тұтастығын, оның динамикалық түрде өзара байланысты тұтас жүйе және үрдіс болуына мүмкіндік беретін әлеуметтік өмірдің басқа құбылыстарынан ерекшелігін қамтамасыз ететін тұрақты байланыстарының жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Дау-дамай құрылымының негізгі компонеттері 6-суреттте көрсетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет