Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет35/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Әлем өнер тарихы

М.Кенбаев
Дала фонында бейнеленген кез-келген сюжет нақты емес, бірақ едәуір жалпы, жан-жақты, көбіне жоғары және позитивті қабылданған түсініктерді беруге арналған символ немесе астар болып табылды. Көктемгі бояумен құлпырған далада құстай ұшқан ақбоз ат (М.Кенбаев «Асауға құрық салу», 1957) туынды авторы мен көрерменнің түсінігінде азат рухтың өзгеше символы, табиғат-даланың еркін мәні, оның аса қуатты өмірлік күші болып табылады. Поэтикалық қиял мен әсірелеу қабілеті жүйріктің еркін шабысының динамикасын азаттық пен еркіндіктің гимніне айналдырды. Түпсіз аспанда тұлпардың күшті басы жалт беріп, кең далада оның кісінеген дауысы жаңғырады. Даланың саф ауасымен, жусанның ащы иісімен тыныстаған Кенбаевтың даласы толық аяқталған, тамаша үйлескен көрінісінде әлемді өзіне еліктіріп тартады.
Табиғаттың, даланың, адамның жалпы болмысы керемет ашық үйлесімдікпен берілген. Даланың жусан иісі аңқыған ауасымен адам еркін тыныс алады, ал адамның әрекет етуінен табиғаттың бар болуы мән-мағынаға ие болады. Қазақ өнері үшін хрестоматия болып табылатын М.Кенбаевтың «Шопан әні» (1956), «Әңгіме» (1957), «Асауға құрық салу» (1957, 1961) кенептерінде адамның табиғатпен жақындығы және үйлесімдік пен тепе-теңдіктің негізгі дәстүрлі идеялары суретші үшін принципті категория ретінде ашылған. Бұл концептілерді түсіндіру үшін ол қортындыланып жинақталған, символикалық көлемді сюжеттерді іздейді. Халық өмірін жақсы білу туындыларда өмірді дәстүрлі, мифопоэтикалық параметрлері бойынша түсінумен сәйкес келеді. Шебердің көтеріңкі, болмыстық, мифошығармашылық күйге келуді ерекше әсерлі және толығымен бере алуы мүмкін осыдан болар. Поэтикалық әсірелеуде оның қиялы қаншалықты жоғары қарай қалықтаса, халық өмірін сипаттайтын оның дәстүрлі сюжеттері камералық тұрмыстық жанрлық түсіндіруден соншалықты алшақтады. Олардың айқын бір ғана эпикалық құрылымы халықтың эпикалық дәстүрін кескіндемеде жаңа қырынан өзгерту жайлы айтуға мүмкіндік береді.
«Шопан әніндегі» қобалжыған қосылыс, табиғатқа қатыстылық, «Әңгімедегі» тұнық лирикадан бастап «Асауға құрық салудағы» динамикалық сергек мәнерлілікке дейінгі сезім спектрін суретші қорытындыланған-символикалық негізде жүзеге асырған. Дәстүрлі сананың мифопоэтикалық, эпикалық принциптері өнердің «жаңа» түрі тақырыбын түсіндіруде және оны қабылдауда өзінің толықтыруларын енгізді.
Кенбаевтың шығармашылық мақсатындағы адам - табиғаттың жай ғана бөлігі емес. Ол құдды табиғаттың өзі секілді, дүрысын айтсақ ол табиғаттың сансыз тамаша әрі мәңгі көріністерінің бірі. Дәстүрлі дүниетанымның бұл негізгі жорамалын кәсіби өнер принципиалдық мәнде басқаша түсіндіреді.
Даланы, табиғатты Универсум үндестігінің бөлігі ретінде түсіндіре отырып, оған дүниенің өзіне тән шексіздік, жігерлендіретін күш, ойдың ұлылығы мен жаратушымен бірлігі сияқты әлемнің нағыз өзіне тән қасиеттерін аша отырып, Кенбаев еуропалық реалистік кескіндеменің тілінде көне түрік дәстүрінің рухын, оның принциптерімен жүруді көрсетті. Оның концептілеріне сүйенсек «өмірлік күшінің көптігінен» табиғатта өмірдің тұрақты циркуляциясы жүзеге асып отырады. Өмірлік күштің көптігін, табиғат күші мен мүмкіндігін сезу Кенбаев шығармашылығында әртүрлі үштікте бейнеленген. Адамның табиғатқа үнсіз құрмет көрсетуі жұмсақ, эмоционалды деңгейде («Әңгіме», «Шопан 225әні»), белсенді, айқын («Асауға құрық салудағы») көрсетілген. Кез келген контекстегі Кенбаев адамы өз өміріне қажеттіні алатын емшектегі бала секілді табиғат күштеріне тартылады.
Табиғат - жүйенің жоғарғы құндылығы мен жалғыз ғана үлгісі, қазақтардың шаруашылық және мәдени дәстүрлеріне айналған, халықты өз жеріне бейімдеудің негізгі принципі болған дәстүрлі сананың постулаты. Дәстүрлі қоғамда «әлеммен байланыс орната отырып, жаратылыстың заңдылықтары сезімімен өмір сүрген адамдар өздерінің кіші екендіктерін мойындады». Бұл табиғат заңдарына бағынуда, оның күші мен парасатына құрмет көрсетуде, қоғам өмірінің әлеуметтік және шаруашылық салт жораларын табиғат процестерімен ұқсастыруда байқалады. Міне, осы дүниетанымдық мақсаттар Кенбаевтың шығармашылық әдісін қалыптастырды.
Кенбаев туындыларында адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас «серіктестік пен диалогқа» негізделген дәстүрлі мақсатқа тән туыстық жүйеде қалыптасады. Суретшінің көптеген жұмыстары әуенді, әуезді, онда кең өрісте көтеріңкі-философиялық күйлерден бастап камералық лирикалық әндерге дейінгі қазақ даласының бай әуені құдды қалықтап тұрғандай. Бұл кезең дәстүрлі санада бастапқы кезде қалыптасқан дүние туралы түсінікті әлем қозғалысы мен музыка алғашқылығы идеясына мәңгілік ырғақ беретін үн арқылы хаоста пайда болған тәртіп ретінде түсіндіреді. Әртүрлі әуенге бейім, алайда, суретші туындысына — ерте кезеңде жалынды екпінмен кірген ырғақ қазақтардың рухани дәстүрінің қайта қалыптасуымен, ежелгі космогониялық көріністермен тығыз байланысты. Қазақ кескіндемесіндегі универсумға байланысты тұрақты қажеттілік, оның құдіретті генезисін дағдылы деңгейде үнемі сезіну көшпенді-қазақтың ұлттық санасына тән дүниетаным жөніндегі түсініктерінің космизмін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет