Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет36/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Әлем өнер тарихы

Қ.Телжанов
Қазіргі кезеңдегі өнер ерекшеліктерінің бірі - «социалистік реализмге», мифошығармашылық және қазақ суретшілеріне генетикалық тұрғыдан тән тұрақты эпикалық сананы мифопоэтикалық ойлаудың бір конгломератына тоғыстыру. Бұл үндестік әдеттен тыс болып көрінгенімен, ол көркем образдың толық мәнерлі энергиясы мен кең көрінісін жасайтын негізге жатқызылды.
Қазіргі кезде қажетті, өзекті болып табылатын идеологиялық мақсаттар, реалистік мектептің тәжірибелері, ұлттық дүниетанымның ерекшеліктері Қ.Телжанов туындыларында күрделі әрі өзгеше ұштасқан. Қуатты рухани энергияның шайқалуы салдарынан болған әлеуметтік позитивтік, өзгеше мәнерлі, белсенді динамика - оның шығармашылығының күшті жағы. Дала, әлеуметтік және адамдық құштарлықтың екпінімен қайнаған қозғалыс, салт аттылардың бәйгесі, ұлттық ойындар мен революцияға қатысушылар, міне, осылардың барлығы Телжанов туындыларында адамзат рухының эпикалық үндестігіне дейін көтерілген биіктіктерде көрсетілген. Бұл суретшінің шығармашылығы уақытпен бірге құйындай ұшып, оның барлық өзгерістерін толық қабылдаған керемет тұлпар - ол қазақ даласы. Осыған ұқсас көне жердің өміріне енген гиперболизациялық, әрі идеологиялық және фольклорлық образ сол жылдары біздің отан-дастарымыздың санасында мықтап орнықты. Ол Телжанов шығармашылығында айқын, ұшталған түрде жүзеге асты.
Суретшінің классикалық туындылары жайлы сөз қозғамастан бұрын, оның институтты аяқтағаннан кейін жазған көне жұмыстарының біріне тоқтала кетейік. Жүректі тебі-рентетін «Жамал» (1955) атты шебер салынған картинадағы сюжет далалық өмірдің сұлулығы мен тазалығын, шынайы үндестігін сағынышпен еске алу, қоштасу сияқты болып көрінеді. Кескіндемешінің жаздың мамыржай кезінде ауылдың жас бір қызының бейнесінен бастау алған жұмысын анасының атымен атауы тегін емес. Картина атауындағы суретшінің жүрегіне жақын есім ой құшағындағы нәзік қызға емес, даланың өзіне арналған әсерлі әрі қастерлі арнау сияқты естіледі. Кескіндемелік шығарманың жүмсақ, тыныш атмосферасында қыз бен дала үнсіз тілдесіп, екі туыс, жақын жаратылыстар сияқты бір-біріне ең асылдарын сеніп ақтарады. Суретші ішкі сезімді толқытатын кейіпкердің қайталанбас әдемілігі мен табиғат сұлулығын терең әрі күшті қортындылармен ұштастыра білді. Бұл туынды образды және символикалық ойлау мен камералық және көтеріңкі-эпикалық үндестіктің негізінде жасалған. Ананың аялы алақанында бейқам өмір сүріп жатқан бала сияқты қиялмен қалың ойға шомған қыз бейнесін даламен, табиғатпен бірге Телжанов біздің әрқайсымызда бар бастамалармен теңестіреді. Халықтың дәстүрлі санасы қайнар көздерінің ыңғайын біле отырып, ол даланы анамен теңестіреді.
Бұл картина, еш жалғаулықсыз, нақты түрде өнерге қазақ даласының рухы мен образын және оның көрінісінің барлық спектрін әртүрлі - эмоционалды, этикалық, өнегелік, уақытша және дүниетанымдық координаттарда енгізді. Туындыда дала бастапқы кезден өзіне тән табиғат пен адам арасындағы тұрақты әрі парасатты үндестіктің үйлесімінде жанданды. Кенеп көтеріңкі рух пен күнделікті тұрмыстың поэзиясымен ерекшеленген. Қыздың қайталанбас сұлулығы, өткен күннің ерекше әсерлігі сезімі оның жанына керемет бір толқыныс сыйлады. Пештен будақтаған жеңіл түтіннің иісін, лапылдаған оттың жалынын басатын көкжиектен бұлынғырланып көрінген тау суығы өткір сезіледі.
Алғашқы жаратылыстың аналогтары – дәстүрлі өмір мен ойлаудың тұрақты серігі. Әрбір күннің, әрбір көктемнің таңын барлық тіршілік атаулыны жаңартатын жаратылыстың бастамасы, циклдың жаңа айналымы ретінде қабылдау сарқыншақтары кенепке «жылымық» уақыт әсерін береді. Дәстүрлі сананың көлеңкесі арқылы идеяны, қазіргі кездегі сезім мен көңіл күйді басқаша түсініп Телжанов көптеген образдар жасады. Бүгінгі күндегі дала оның туындысына өнегелі үлгі жасаудың рухани негізі, ұлттық дүниетанымның қайнар көзі болды. Ары қарай дала оның жұмыстарында кескіндемелік үлгінің қызу шиеленісі мен масаттанған көтеріңкі рухани үндестіпнде халықтың өмірін ашып көрсете отырып, уақыттың мәжбүр етуінен бір-бірін үздіксіз алмастырған әртүрлі сюжеттерде суреттелді. Гиперболизация, негізгі көркем әдіс ретінде Телжанов туындыларында ұлттық менталитетке тән ерекшеліктерге ие болады. Күшті, қарапайым сезімдерді ашық көрсету халқымыздың менталитетіне тән емес, оларды шынайылықтан өнерге ауыстыру қуанышты күйді, қызу сезімді тез басу арқылы жүзеге асады. Образ жасау процесі бейнеленетін құштарлықты күшейту, күрт өсіру ырғағында жүреді. Әсерлерді мәнерлі рухани ынтаның негізіне шоғырландыра отырып, Телжанов айқын, өткір және күшті поэтикалық қорытындыларға қол жеткізді.
Айқындағыш кұралдардың күшейген белсенділігі кескіндемешінің қолтаңбасына тән. Ол композицияны өктем түрде ұстатпайтын құйынға айналдырып, кең сілтей жағуды еркін шарықтауға жіберді және түсті батыл қарама-қарсы ойынға қатыстырды. Телжанов туындыларының образды, айқын күші принциптік жағдайдағы сияқты «Көкпар» (1960) жұмысындағы ішкі қызу күрес пен қозғалыс немесе «Атамекен» (1958) картинасындағы ішкі драмалық күрес пен қозғалыс факторларының күшейуімен берілген шиеленісу кезеңіне сүйенеді. Оның «Атамекен» атты монументалды эпикалық туындысы символикалық түрде қорытындыланған образда өсе түсті. Картина тың көтерудің ресми бағытын білдіріп, қазіргі кезде өзінің кері әсерлерін көрсеткен, бірақ, сол бір жылдары қазақ халқы бір жақты қабылдаған оқиғаға арналған. Жайылым жерлерге бай экстенсивті егін шаруа-шылығының жерлерін жыртудағы тың игерудің мақсаты орталықтың империялистік саясатының түрғысында жанталасқан ауыл шаруашылығын ақсату, ұлттық саясат саласында алысқа баратын жоспарларды іске асырмау болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет