Әдебиеттер тізімі
1.Медиаэтика Media Ethics at Work : жас мамандардың тәжірибесінен / ред.: Л. Э. Пек, Г. С. Рил ;— Астана : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2018. — 304
11 Дәріс.
«Өнер философиясы»
Мақсаты: : Өнер философиясы туралы түсініктер қалыптастыру.
Тірек сөздер: Мәдениет, өнер.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
1.Мәдениет феномені ретінде өнердің өзіндік ерекшелігі, оның жеке және әлеуметтік функциялары.
2.Өнер философиясы
3. Көркем шығармашылық субъектісі.
Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын – Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т.б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі – шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз абс., мәңгілік және өзгермейтін, сезімнен тыс идея, өнер туғызатын сезім иірімдері осы идеяның көрінісі ғана болып табылады.Қайта өркендеу дәуірі ойшылдарының, жазушыларының, суретшілерінің (Ф.Петрарка, Л.–Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, Бруно, Монтель, т.б.) еңбектерінде адамгершілік сипаттағы реалистік бағыттар дамыды. Ағарту дәуірінің теорияшылары (У.Хогарт, Дидро, Руссо, Винкельман, Лессинг, Гердер), сондай-ақ олардың дәстүрлерін жалғастырушылар (Шиллер мен Гете) өнердің шындық өмірмен байланысын орнықтырды. Кант эстет. пікірдің мүлдем “мүддесіздігі” туралы қағида ұсынды. Ол сұлулықты пайдаға, көркемдік форманың толымдылығын–идеялық мазмұнға қарсы қойып, формалистік Эстетиканың дамуына ықпал етті. Гегель өз еңбектерінде Эстетикалық қызметті түсіндіруге негіз ретінде тарихнама принциптері мен қарама-қайшылықтарды алды, мұның өзі оған эстет. қызметті капит. өндірістің қарама-қайшы сипатымен салыстыруға, Эстетикалық ұғымның жай-жапсарын түсіну үшін еңбектің мағынасын анықтауға мүмкіндік берді. Алайда объективті идеалист бола отырып, Гегель өнерді абс. рухтың бірінші және жетілмеген формасы ретінде айқындады.
Эстетика мәселесі мен міндеттері көбінесе келесі жәйтпен айқындалады. Адамның дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз байланысты үш нәрседен тұрады:
объективті шындықтағы эстет. ұғым
субъективті эстет. үғым (эстет. сана)
өнер (субъективті және объективті эстет. ұғымдардың бірлігі ретінде).
Эстетика дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған жасампаздық күштері ашылатын олардың шығарм. қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды.
Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" — сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір өлі күнге дейін "анестезия" сезінде кездеседі.
А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп қарастырған.Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.
Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысы А.Баумгартен эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы — адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі өнермен бірге жасасып келеді.
Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезендерінің өзінде-ақ адамдар өнердің алғашқы нышандарын тудырып, оны өрі қарай дамытып отырған.
Материалдық мәдениет – адамның қол еңбегі мен ой тұжырымының арқасында жасалған заттар әлемі. Оның ішінде адамның өмір сүретін үйі, жұмыс істейтін орындардың мәдениеті ерекше болып есептелінеді.
Өнер әлемінде адам.
Қазақ әдебиеті тарихында кеңес дәуiрi ерекше iз қалдырды. Бұл кезең, негiзiнен, ұлттық әдебиеттiң өрлеу жолынан өткен, жанрларын байытқан, одақтық, сол арқылы, әлемдiк әдебиетпен қарым-қатынасқа түскен шағы болды. Алайда, әдебиеттiң даму қарқыны үнемi бiркелкi болмады. “Әдебиеттiң партиялылығы” принципi оның тақырып таңдауына керi әсер еттi. Әдебиетте науқаншылдық өрiстеп, адамзат мүддесiне ортақ мәселелер жеткiлiксiз көтерiлдi, оның алдына бiрыңғай кеңестiк жүйенiң “артықшылығын” дәлелдеу мiндетi қойылды. Соған қарамастан ұлттық әдебиет туған халқының өмiрiмен байланысын үзген жоқ, оның қайшылықты өмiр жолын көркемдiкпен тануға ұмтылды. Әдебиетшiлердiң бiр тобы Кеңес өкiметiнiң теңдiк, әдiлдiк ұрандарын қолдап жаңа жырлар туғызды.
Достарыңызбен бөлісу: |