Бақылауға арналған тапсырмалар
ХІХ ғасырдағы Еуропадағы қоғамдық өзгерістерге байланысты мәдениеттің дамуы.
Мәдениеттің дамуының негізгі тіректері. Романтизм, реализм және натурализм.
ХІХ ғасырдағы ғылымдардың ашылуы.
Ежелгі Шығыс славяндарының мәдениеті
Христиан дінінің моральдық-этикалық негіздері. Діни идеалистік көзқарастар.
9 тақырып. Ресей мәдениетінің тарихы. Кеңестік мәдениет.
Дәріс жоспары:
1.Ежелгі Шығыс словяндарының мәдениеті.
2.Ресейдің ХІV-ХІХ ғ.ғ. кезеңіндегі мәдениет.
3.Кеңестік Ресей мәдениетінің жетістіктері, гүлденуі және құлдырауы.
4.Қазіргі Ресйдегі әлеуметтік-мәдени жағдайлар.
Негізгі ұғымдар:
Тәңірі, ғасырлар, идеология, дүниетаным.
Дәріс мазмұны:
Ресей мәдениеті адам баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесі баға жетпес.
1. Ежелгі Шығыс славяндарының мәдениетінің ішінде Ресей мәдениеті- адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Орыс мәдениеттің қалыптасуы ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар: көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; християн дініне негіздей отырып, батыс еуропа өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты, жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру еді. Ежелгі Русь мәдениеті, византиялық көркем жүйесімен және т.б. мәдениетімен тығыз алмасып жатады. Мысалы: Болгария, Сербия, Армения, Грузия елдерінің мәдениетімен үндестік тапты. Басты мәдени құндылықтары: жырлар, мифология, аңыз-ертегілер, көбі христиан діні қабылданған соң құрып кеткен.
Ежелгі славяндар пұтқа табынушылықты бастан кешірген, яғни мәдениетiнде осы салада жоғары дамыды. Олар дүниетанымда пұтқа табынушылық мәдениетiнің дамуы жоғары болды, табиғатты пір тұтты, бұлақты, құдықты, ағаштарды жанды нәрсе деп ұқты.
Славяндар жайлы жақсы білетін византиялық жазушы Маврикий былай деп жазды: « Славяндар мен антылар тайпалары бірдей өмір сүрді, олардың әдеп-ғұрпы бір, бостандық сүйгіш, әсіресе өз жерлерін қорғауға батыл, шыдамды, суық пен ыстыққа төзімді, киім мен тамақ тапшылығына моймайтын ел» .
2. Ежелгі славяндардың дүние танымы мен әдет-ғұрыптарында, олар әрбір үйдің рухы бар, мал-жанға қамқор жасап тұрады, деп ұққан, ал көсемдерін жерлегенде олардың әйелдерін қоса көметін, ол скифтерден алған тағылық еді.
3. Дін қай мәдениеттің түрі болмасын басты элементі болып саналады. Русьтің Византиядан християн дінін қабылдады орыс мәдениетінің тарихындағы бетбұрыс кезең болды. Киев Русьтің саяси, сауда, мәдени байланыстары жаңа арнаға көшті. Христиан діні 988 ж Князь Владимирдің кезінде қабылданды да орыс мәдениеті жаңа сатыға көтерілді. Шіркеулер, таңғажайып ғимараттар, мектептер ашыла бастады, яғни дүние жүзінің алдыңғы қатарлы мәдеиетiнің ықпалы орасан зор болды. Византиядағы «Әулие София» шіркеуі орыс еліне әсерін тигізбей қоймады.
Ежелгі Руське христиан дінінің келуіне байланысты шіркеулер мен монастырлар салу, яғни дін құрылыстары кең етіп алды.
1-ші Киев-Печерск монастыры, Киев Дисятин шіркеуі т.б.
2-ші Славян әліппесі өмірге келді. Ағайынды гректер Кирилл (827-869) мен Мифодии (815-885) славян алфавитін жасады.
3-ші өмірге «Игорь жасағы тұралы» жырдың ділі де тілі де дәуір тынысын бейнеледі.
4-ші Ағартушылық ісі алға қойылады. Сондықтан Киев Русін «Кітаптар елі» деп атаған. Кітаптар алтын, күміспен асыл тастармен көмкерген.
5-ші XIII-XIVғасырда орыс мәдениеттің орталығы Новгород қаласы болады. Байлығы жағынан тек Риммен ғана теңделе алады, деп бағаланған. Мысалы: Новгород Кремліндегі қасиетті София соборы, Юрий моностыры, Георгиев соборы т.б. Бұлар құдiретті де сымбатты ғимараттар.
6-шы. Христиан мәдениетінің ажырамас бөлігі Икона, яғни бейнелеу өнері дамыды.
7-ші. ХҮ ғасыр аяғына қарай Мәскеу шығыс Европада саяси жағынан да, мәдени жағынан да ерекше болды. Оңтүстік Славяндардың мәдениеті ыдырай бастайды, Моңғол-татар езгісі әліде жойыла қоймады. Дмитрий Донскойдың жеңісі Мәскеу державасының мерейін көтере түсті. Мәскеу ұлы княздігіне өнер адамдары келе бастады. Ол ең ірі мәдениет орталығына айналды.
1454 жылы Константинопольдың ыдырауына байланысты орыс православиялық шіркеу біртіндеп тәуелсіздік алды және батыстық християндық дүниеден бөліне бастады. Мәскеулік Русь өзін «Қасиетті Русь» - ал Мәскеу «Үшінші Римге» айналды. 1547 жылдан, яғни 4-ші Иван патшалық таққа отырғанда Русь Ресей, ал орыс елі Ресей мемлекеттері, -деп аталынады. 1480 жылы Мәскеудің Алтын ордаға тәуелділігі жойылды.
Орыс өнері жоғары дәрежеде дами бастайды. Мәскеу Кремліндегі Благовещенскі соборынан икона тасып жасау Феофан гректің басшылығымен және кейін Андрей Рублевтің қатысуымен жүзеге асырылады. Сонымен, А.Рублевтің «Үштік» (троица) үш періштенің бейнесі, керемет әсер береді, тіпті Леонардо До Винчидің «кескіндеме - өнер патшасы» - деген даналық сөзі еріксіз дәлелденеді.
8-ші. Ресейдің ХҮІІ ғасыр мәдениеті сол кездегі саяси жағдайларға байланысты болды (шетел интервенциясы,шаруалар көтерілісі). Мәдениеттің құлдырауы ұлт трагедиясы,-деп ұқты. Дегенмен, Борис Годуновтың кезінде Батыс елдермен сауда қарым-қайшылықтарының кеңейуіне байланысты. Қалалар гүлденіп ірі мәдени орталықтарға айналды. Кремльді қайтадан жаңарту қолға алынды.
9-шы. ХҮІІ ғасыр орыс мәдениетінің орта ғасырлық дәуірі аяқталды. Жаңа заман элементтері туындап келе жатты. Ағартушылық бірінші жолға қойылды, кескіндеме өнеріне көңіл бөлінді. 1637 жылы Мәскеуде Ресейдің тұңғыш жоғарғы оқу орны Славян-Грек-Латын Академиясы ашылды. Өнер адамдары Кремльдегі қару-жарақ палатасының жұмыстарына белсене қатысты. Орыстың портреттік кескіндемесінің негізін салушы С.Ф.Ушаков болды.
10-шы. Графика, миниатюра саласында орыстың зергерлік қолтаңба өнері дамыды.
11-ші. ХҮІІ ғасырдың басындағы Ресей топырағындағы мәдени өзгерістер Ұлы Петрдің реформаларымен тығыз байланысты болды.
12-ші. Батыс елдерiмен қарым-қатынас арнасы кеңейіп Ресейге гуманистік және рационалистік ілімдер біртіндеп ене бастады, яғни мәдениеттің жаңа салалары келе бастады. Петр 1- шінің реформасы қоғамдық өмірден басқа, мәдениет саласына өзгерістер енгізді. Мектептер жастарға білім беру мемлекеттік мәселеге айналды. ХҮІІІ ғасыр жастары шет елдерде оқыды, оқулықтар өмірге келді. «Әліппе», «арифметика»жаңа заман талабына сай шығарылды.
13-ші. Мерзімді басылымдар өмірге келді. «Ведомости» газеті ресми газет болды.
14-ші. Кітап басу жұмысы жолға қойылды.
15-ші. Кітапханалар, музей ашылды.
16-шы. Ғылым Академиясы 1725 жылы ашылды.
17-ші. Киев Русінен бастап императорлық Ресейге дейінгі орыс мәдениетінің тарихында ХІХ ғасырдың алатын орны ерекше. Біріншіден мәдени өрлеу-яғни ұлы орыс Ренессансы дейміз. Орыс мәдениетінің «алтын ғасыры» ұлы орыс ақыны Пушкиннің өмірге келуінен басталады-өмірге Чадаев, Гоголь, Герцен, Хомяков, Аксенев, Сперанский, Уваров, Ушинский, Чернышевский, Михаиловский, Лавров, Достоевский келуі орыстың ұлттық мәдениетінің нақты қалыптасуына әкелді.
Орыстың мәдениетінің сахнасында өнердің саласының өкілдері пайда болды. Олар: А.Блок, К.Станиславский, С.Рахманинов, М.Цветаева, А. Ахматова, В.Иванов, В.Мейрхольд т.б.
Ғасырлар тоғысы-орыс мәдениетінің «күміс ғасыры» -деп аталуы осы кезеңде философтар мен мәдениеттанушылар үшін жемісті ғасыр болды. Бердяев Н, Булгаков С, Карсавин Л, Федотов Г, Лосев А. еңбегінен білеміз.
18-ші. Кеңес дәуірінің мәдениеті-терең қайшылықтарға толы күрделі мәдениет. Бүгінгі таңда кеңес дәуіріндегі мәдениетке байланысты екі көзқарас қалыптасқан.
1-ші люмпендік-маргиналдық көзқарас-кеңес дәуірінің мәдениетін ешбір қызығушылық тудырмайтын, тотолитарлық жүйенің қараңғы қапасы десе
2-ші мәдени процестерді жан-жақты нақты тарихи тұрғыдан түсіндіруге тырысатын мәңгі көзқарас. Шындығында да кеңес халқының тарихы мен мәдениетін қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтарынан, дәлірек айтсақ, бүкіл қоғамдық жүйемен оның басшы элементтерінен тыс алып қарастыруға болмайды. Өйткені, қарама-қайшылықтар бүкіл кеңестік тотолитарлық жүйеге және оның барлық элементтеріне тән болды. Көптеген қайшылықтар бола тұрса да ХХ ғасыр орыс еліне тамаша дарынды ғалымдарды, жазушыларды, суретшілерді, өнер саңлақтарын өмірге әкелді. Ресей қоғамы мен оның мәдениеті қандай сындарлы кезеңдерді басынан өткізсе де ғасырлар бойы жасаған мәдени құндылықтар өз мәнін жоймайды,-деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |