Лекция сабақтарының толық мәтіні Мәдениет теориясының жалпы мәселелері. 1 тақырып. Мәдениет-күрделі қоғамдық құбылыс



бет1/20
Дата19.05.2022
өлшемі69.11 Kb.
#457457
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
лекция мадениет


Лекция сабақтарының толық мәтіні


Мәдениет теориясының жалпы мәселелері.
1 тақырып. Мәдениет-күрделі қоғамдық құбылыс.
Дәріс жоспары:
Мәдениеттің қалыптасуының басты заңдылықтары.
Мәдениеттің басты қызметтері мен негіздері.
Мәдениеттанулық тұжырымдар өркениет феномені А. Тойнби, О.Шпенглер еңбектерінің түсініктемесі.
Мәдениет-күрделі қоғамдық құбылыс.
Мәдениеттің (дамуы) пайда болуы мен дамуының
заңдылықтары.
Негізгі ұғымдар:
Мәдениет, миф, антропология, диалог, трансляция, феномен, тотемизм, анимизм, гнесеология, антропология, диалектика.
Дәріс мазмұны:
Мәдениеттану қоғамдық – гуманитарлық пәндердің бірі болып, студенттік жастардың тарихи сана сезімін қалыптастыруға, яғни бүгінгі заман сабақтастығының талабымен түсінуге мүмкіндік береді. Мәдениеттану ілімінің теориялық қағидалары әлемдік және отандық мәдениет пен өркениет үлгілерінің тарихи тұрғысынан қарастырылып, талай ғасырлардың сын елегінен өткен мәдениеттің мейлінше бай тәжірибе – тағылымы туралы айтылады.
Мәдениеттану мәселелері бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесін заман талабына орай қалыптастыруға және халықтың рухани байлық бастауларын әлемдік өркениеттермен ұштастыра отырып, мәдениеттің қайта жаңғырып өркендеуіне, тұлғалық дамудың сара жолы мәдениеттіліктің парасаттылықтың абыройлы жолын меңгеру.
Мәдениет – адамдардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай- ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі даму дәрежесі.
Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде, ол адамның табиғатқа ықпал етүін анықтау үшін, яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген мақсатына жететіндігін білдіру үшін қолданылады.
Заман талабынан туындаған, философиялық білімдердің бір саласы ретіндегі мәдениеттану отандық білім беру жүйесінде өз алдына пән болып қалыптасып келеді.
Мәдениеттану пәні Батыс елдерінде мәдени антропология (адам туралы ілім) құрамында қалыптасқан.
Мәдениет - ашық жүйе. Оның негізгі мақсаты өзін басқаға жеткізу, ол монологтан көрі диологқа – сұхбаттасуға жақын. Сондықтан мәдениеттануда өзін - өзі тарату (трансляция) мақсаты алдыңғы қатарға шығады және бұл жерде осы мәдениетті тарату құралдары (таңбалар, рәміздер, ғибадаттық әдет ғұрыптар т.б.) мен оның ішкі мән мағынасы ( менталитеті, ділі, діні, санасы т.б.) бірдей қызмет атқарады. Осы тұрғыдан төмендегідей тужырым жасауға болады: мәдениеттану мәдениетті нақтылы тарихи-әлеуметтік үдіріс түрінде қарастырады.
Әрбір дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіндік өзіне ғана тән мәдени дәстүрлері бар.
Мәдениет - әр халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи зейінi-ісі, философия жүйелері мен рәсім - таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты – осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан.
Мәдениеттің құрамды бөлігі ретінде экономикалық мәдениет, парасаттық, саяси, этикалық, еңбек мәдениеттерін айтуға болады.
«Қазақстан Республикасының мәдени-әлеуметтік даму бағдарламасында мәдениет арқылы адам құңдылықтарды айырып, олардың ішінен таңдау жүргізеді»,- деп көрсетілген. Мәдениеттанудағы құндылықтар ілімі негізінен грузин ғалымы Н.З. Чавчавадзенің атымен байланысты. Құндылықтар дүниесі адам әлемі (микрокосым) мен қоршаған ортаның (макрокосым) байланысын білдіреді. Адамдық әрекет шеңберімен қамтылған бейтарап заттар белгілі бір қоғамдық функцияларға: пайдалыға, қажеттіге, әдеміге, ыңғайлыға т. б айналып, біздің тіршілігіміздің тіректері болады.
Мәдениет термині қазақ тіліне арабтың «маденият» деген сөзінен енген, яғни қала, қалалық - деп аударылып келіп еуропалық тілде «жерді өндеу, білім беру, құрметтеу болса – бүгінгі күні жанды өңдеу,- деп ұғамыз.
1. Мәдениет бір халықтың қолы жеткен шығармашылық жетістіктері.
2. Мәдениет адамның іс әрекетінің белгілі бір саласының жетілу
денгейі.(сөйлесу, еңбек құқық мәдениеттері)
Сонымен бірге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстырғанның тамыры көне заманда жатыр. Мәдениет ұғымы - құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылдық деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең негізгі орын алған дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Гректер бұл үдірісті «пайдея», яғни баланы тәрбиелеу оқыту, білім беру өмірге лайықтау,- деп ұғындырады. Оқуды, граматиканы, музыканы, эстетиканы , 12 жастан мемлекет көреміндегі істерге қатыстыруды реттей білді.
Ұлы неміс философы Кант (1724-1804) ақыл-ойға табынған. Ол мен үшін екі құпия нәрсе бар, олар жулдызды аспан мен адамның ішкі рухани дүниесі, деген. Болмыстың адамгершілік жағына ерекше мән бере отырып ол мәдениетті адамдіы айуандардан айруға мүмкіндік беретін құдайдың адамға берген ерекше қабілеті деп қарастырды да адам бойындағы қайрымдылық пен ізгілік қажеттерді басты орынға қойды.
Ал ағылшын оқымыстысы Тайлор мәдениетке адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі ретінде – материалдық және рухани құндылықтар ретінде түсіндіре білді. Ол дін арқылы анимистик теорияны өмірге әкелді, яғни жан адам денесінен бөлініп шығады деген ұғымға сенген. Мысалы түс көру, өліп тірілу өзіндік алғашқы сатыларын әкелді деп тұжырымдайды.
Мәдениетті – ақыл ойдың не табиғи сезімнің көмегі арқылы түсіну.
Мәдениеттің адамгершілік заңдармен қалыптасуын - Кант.
Эстетикалық жолмен - Шеллинг.
Дүниежүзілік рухты жүзеге асыруды – Гегель.
20 ғасырда мәдениет жеке ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады.
Жаңа көзқарас, зерттеу жұмыстары, философиялық ойлар бірнеше мәдениетану мектептерін қалыптастырды.
а) Қоғамдық-тарихи мектеп
б) Натуралистік мектеп
в) Социологиялық мектеп
г) Рәміздік мектеп
1. Қоғамдық – тарихи мектепке тарихшылар, философтар көптеген жұмыстар жүргізді, діни адамдар қатысты. Бұл ағымның негізгі қайраткерлері Батыс Европада Шпенглер мен Тойнби, Ресейде Данилевский.
Шпенглер мәдениетті тарихи тұрғыдан 8 түрге бөлді:
1.египеттік, 2-үнділік, 3-вавилондық, 4-қытайлық, 5-антикалық, 6-исламдық, византиалық, 7- батыс еуропалық, 8- америкалық медениет.
Жаңа туындап келе жатқан мәдениет қатарына орыс - сібір мәдениетін жатқызды. Әрбір мәдениет өмір сүру ұзақтығы 1 мың жыл. Кей кездерде өркениет – мәдениет синонимі болып қаралды.
Мәдениет жүйелі түрде мистикалық жолмен өркениет – жарықтан, тоқырау, апатқа ұшырау мүмкін.
Оқымысты Тоинби - мәдениетті дүниежүзілік діндерден нәр алған, тарихтың мәуелі ағашы адамзат бұтағының мән-мағынасы деген қорытындыға келеді. Олар ұлы тұлғалар – творчество адамдары, яғни адамзаттың дамуын ең алдымен рухани байлықта жетілдіру, дінге ерекше үміт артады.
2. Натуралистік мектеп.
Натуралистік мектеп биологиялық сипат алды, негізін реттеушілер, дәрігерлер, психологтар және биологтар.
20 ғасырда екі ғылым саласы дамыды: фрейдизм мен этология.
1. Зигмунт Фрейд (1856-39) австриалық невропотолог, психолаг болған, ғылымда қоғамның дамуын аңықтап, мәдениеттің дамуын және творчестволық процестерді түсіндіруде психологиялық концепцияларды қажет,-деп тапты. Жеке адамның психикасын қоғамдық экрандағы көрінісі бола отырып, адамзат баласын ғасырлар бойы жинаған білімі мен өмірлік тәжірбиесін қамтиды, екіншіден өзара қарым-қатынастың реттелуінің жолдарын көрсете білді.
2. Томас Стерн–Элист (1888-65) ағылшын оқымыстысы былай деген: “Мәдениет белгілі бір елдің тұрмыс тіршілігі, сол елдің өнері, әлеуметтік жүйесі, діні салт-дәстүрі дағдыларын алуымызға болады. Бірақ бәрін мәдениетерден қарауға болмайды, келеңсіз заттарға қарсы тосқауыл болатын күш керек - ол «элита», яғни қоғам: рухани элита және қараңғы халық” - деп екіге бөлді.
3. Альфред Вебер – концепциясы бойынша әлеуметтік процесс (ғылым мен техника) және мәдени процесс (шығармашылық, өнер, дін, философия) бір-бірімен тығыз байланыста дамиды дейді. Мысалы: АҚШ-та әлеуметтік және өркениетті процесстің басымдылығы мәдениетке кедергі болса, Ресейде әлеуметтік техника жағым артта қалғанымен, орыс мәдениетінде 20 ғас «Алтын ғасыр» басталды. Ал Жапонияда мәдениет 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін дамыды дей келе Вебер рухани интеллектуалды элита ғана жасай алады деген қорытындыға келеді.
4. Рәміздік мектеп - жаппай ақпарат құралдарының қарқынды дамуы. өнер мен жазудың пайда болуы – адамның, ақпараттың қабілеттің жоғарғы сатыға көтерді, баспасөздің пайда болу - рәміздік жүйені адам әрі байыта түсті. ХХ ғ – телеграф, телефон, радио, кино, видео кеңінен келді де хабарларды тарату кеңінен орын алды. Осы техниканың жетістігі арқылы мәдениеттің барлық салаларымен хабарлас болуына мүмкіндік алды. Неміс философы Кассирер (1874-45) былай деген: адамзат символдық әлем дүниесінде өмір сүреді деді. Тіл, миф, өнер-осы бір жарық дүниенің бөлшектері деген.
Француз ғалымы Клод Леви Строс – сонау неолит дәуірінің адамдардың ойлау қабілетінің өзіндік ерекшеліктерін дәлелдеген. Алғашқы «миф» -сананың басты мазмұны: ғана емес қазіргі заман мен болашақтан да хабарлас. Басқаша айтқанда, мифология саяси идеалогияны еске түсіреді. Осы ХХ ғ талай мифтер «фашист рейхынің мыңжылдық өмірі» туралы гитлерлік миф. Коммунизм салтанаты жөніндегі миф, дүниежүзiлiк революция туралы миф өмірге келсе, ол көне заманда адам тәріздес құдайдың бар екендігі туралы миф кенінен тараған.
Сол себептен ежелгі замандағы мифтерді еске алсақ, түрлі ағымдар мен доктриналарға толы кәзіргі заман идеялогиясы сол мифтер негізінде құрылған жоқ па деген ойға да еріксіз келуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет