Саяси режим түсінігі мен түрлері. Тоталитаризм тарихи және саяси феномен ретінде және оның ерекшеліктері. Авторитарлық саяси режим және оның формалары. Демократияның негізгі теориялары мен модельдері. Демокртаияның қазіргі формалары. Демократиялық принциптер мен шаралар.
Саяси режим ұғымы ұзақ уақыт айтыс-тартыс объектiсi болған. Француз саясаттанушылары М.Дюверже мен А.Ориу бұл ұғымды ұлттық және халықтық егемендiкпен байланыстырған. М.Дюверже саяси режимді кең мағынада басқару құрылымы, адамзат қоғамының түрi ретiнде қарастырады. Ал, тар мағынада М.Дюверже саяси режимді билiктiң жоғары органдарының қалыптасу сипатын, тәсiлiн және бұл процеске саяси партиялар мен қысым топтарының қатысуын анықтаушы ұғым ретiнде қарастырады. Американ саяси әдебиеттерiнде саяси режим мен саяси жүйенi бiрiктiру анық сезiледi. Ал, тағы бiр американ саясаттанушысы К.Бекстер саяси режимді басқару жүйесi деп есептейдi. В.Лакердiң саяси сөздiгiнде саяси режим басқару формасы мен партиялық жүйе деп сипатталған. Немiс заңгерi Е.Левенштейн режимді партиялар санымен, француз ғалымы К.Бюрдо үкiметке оппозицияның бар-жоқтығымен, Е.Хамауи /Франция/ мемлекет органдарының конституциялық өзара қарым-қатынасымен байланыстырса, американ ғалымы Д.Истон режимді басқару стилi және тәртiп пен реттеулердiң жиынтығы, аргентиналық автор Н.Ботана билiк шоғырлану мен бөлiсудiң қызмет процесi деп бiледi. Ал, Р.Скратовтың саяси сөздiгiнде саяси режим француздың regime- басқару формасы деген сөзiнен шыққан деп жазылған. Батыс саясаттану ғылымында саяси режим ұғымы көбiнесе мемлекеттiк аппарат құрылымы мен қызметiн сипаттауға пайдаланылады.
Саяси режим классификациясына келсек, онда ол сан-алуан болып келедi. Ежелгі грек философы Аристотель басқару формасын классификациялауда өлшем ретінде біреу, азғана және көпшілік басқаруын алып, мемлекеттің дұрыс және бұрыс формаларын ұсынған (кесте №1).
Кесте №1
Достарыңызбен бөлісу: |