Бiртұтас мемлекет /унитарлы мемлекет/ түсiнiгi латынның «unuz» сөзiнен шыққан. Ол бiртұтас, бiрiккен деген ұғымды бiлдiредi. Бiртұтас дегенiмiз бiр мемлекет, ол ұсақ мемлекеттiк құрылымдарға бөлiнбейдi, онда әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер ғана болады. Бiртұтас мемлекеттiң екi: қарапайым түрi, тек әкiмшiлiк-аумақтың бөлiнiстерден (Қазақстан, Польша, Тайланд, Алжир, Колумбия) тұрады, ал күрделiсiнде өз құрамында автономияның бiр немесе өзге де түрлерi (Италия, Филиппин, Никарагуа т.б) болады. Унитарлы мемлекеттің белгілері:
- бүкіл мемлекет үшін бірыңғай жоғарғы атқарушы, заңшығарушы, сот билігі ұйымдарының болуы;
- бір конституция, бірыңғай заңшығару жүйесі, бір азаматтық, бірыңғай қарулы күштің болуы;
- әкімшілік-территориялық бірліктер егемендікке ие емес т.б.
2 Федерация сөзi латынның «foedus» деген сөзiнен шыққан, ол одақ, бiрлестiк деген мағынаны білдіреді. Федерация – белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.
Федерацияның негізгі белгілері: 1. федерация территориясы оған кіретін мемлекеттер территориясынан құралады; 2. федерация мен оның субъектілері арасындағы өкілеттілік бірыңғай жалпыодақтық конституциямен шектеледі. Федерацияға енген әрбір мемлекет өзінің конституциясын қабылдауға құқылы; 3. заңшығарушы, атқарушы, сот биліктерінің екі жүйесі болады, федеральді және әрбір федерация субъектісі үшін; 4. федерацияның әрбір азаматы бірыңғай азаматтықа ие болады; 5. федерация бірыңғай қарулы күшке, қаржы, салық, ақша жүйелеріне ие; 6. халықаралық аренаға тек тұтас федерация ғана шыға алады.
Конфедерация белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы т.б.) жүзеге асыру үшін біріккен егеменді елдер одағы. Конфедерацияның негізгі белгілері:
1 бірыңғай жоғарғы атқарушы, заңшығарушы, сот билігі ұйымдарының болмауы;
2 бірыңғай қарулы күшке, қаржы, салық жүйелеріне ие емес;
3 конфедеративті мемлекеттік ұйымдар бірыңғай ақша жүйесі, бірыңғай кеден тәртібі, мемлекетаралық бірыңғай салық саясаты туралы келісімге келуі мүмкін;
4 ұзақ өмір сүрмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |