Уақыт пен кеңістікті игеруден жазу мәдениетінің шығуы
1.Түркі сөзінің түп-төркіні тереңде.2.Түркі жазуы Қытай,Шумерлер жазуымен жалғаса туған.3.Түркілердің дәстүр-салты, нанымы, көне діні. Түркі мәдениеті, жазуы Қытай, шумерлер жазуымен бірге туғандығын дәлелдеп, Орхон жазбаларындай құнды мұраға айналғанын ұғындыру.Түркілердің ең көне мәдениетін зерттеу барысында туған ой−көне дәуір мәдениетін, әдебиетін, тарихын тағы басқа рухани байлықтардың сыр-сипатын ашуда сол қарастыруға алған көне мұралардың түп-төркініндегі шынайы шындығына біліктлікпен көз жеткізу керек. Егер сол негізгі шындықтан ауытқыса, атақрылған іс ешқандай қажетке жарамайтын, қайта кері әсері, зиянды жағы басым зерттеу жұмысы болып шығады. Осылай қатал, сақтандыра үн қатуымызға Орхон өзені бойындағы көне түркі руна жазба ескерткіштерінің бүнінгі мүшкіл көрінісі мәжбүр етті. Өйткені, Монғол жеріндегі Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк, Күлі-Чұр, Татпар (Құтылығ) қаған, Ел Етіміш Йабғұ кешендеріндегі қабырға тастарға түсірілген тарихи дастан көлеміндегі жазбаларда түркі халқын құлдық, күңдік, қанау, қорлау, аш-жалаңаштықтан құтқаруда бірлікке шақырған, намысты оятатын үндеу жыр-дастандар жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |