Орхон жазуындағы жәдігерліктер
Ежелгі түрік мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы Күлтегін батыр (684-731 жж), оның ағасы елбасы Білге қаған (683-734 жж.) және қағанның кеңесшісі Тоныкөк туралы тасқа қашап жазылған дастандар.
Орхон (руна) жазба ескерткіштерін табу, руна жазуын оқу, аударма жасау, ғылыми мәтін дайындау ісіне мол үлес қосқан орыс және Еуропа ғалымдары. Орхон жазба ескерткіштері және Түрік қағанатындағы тарихи шындық. Тарихи шындық пен көркем шындықтың арақатынасы.
«Күлтегін» жырының көркемдік ерекшеліктері
М.Әуезовтың пікірі. Жырдағы кескілескен шайқастардың, соғыстағы батырлар ерлігінің, әскери жорықтардың шежіресі. Күлтегін батыр туралы жырдың авторы Иоллығ-тегіннің сөз зергері ретіндегі шеберлігі.
Тасқа жазылған дастандардың композщициялық құрылысы. Автор ойының циклдық жүйе арқылы берілуі. Ежелгі түркі поэзиясының өзіндік әдеби дәстүрі. «Күлтегін» жыры мен қазақ эпосы. Күлтегіннің он алты жастан бастап, қырық жеті жасқа дейін, яғни өлгенге дейінгі ерлік істерінің эпостық сарынмен баяндалуы.
Достарыңызбен бөлісу: |