Лекция семинар (практика) және зертханалық пәндердің жоспары


«Кодекс Кумманикус» кітабы және Хорезмидің «Мұхаббат-наме» шығармасы



бет22/75
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452306
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75
Түр.хал.әд.

«Кодекс Кумманикус» кітабы және Хорезмидің «Мұхаббат-наме» шығармасы
«Кодекс Куманикус»−қыпшақ тілінің сөздігі, шығарма құрылысы, ондағы жұмбақтар, христиан аңыздарынан алынған Христостың өмірі, Мария ананың әулиелігі«Мұхаббат-наме» дастаны (1353)−Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің ең көрнектісі, көркем мұра Бұл шығарманың ұйғыр, араб тіліндегі екі нұсқасының табылуы, зерттелуі. Шығарма 11 хаттан тұрады. «Кодекс куманикус» кітабының маңызын және «Мұхаббат наме» шығармасының идея, көркемдігін айқындап ұғындыру.

«Кодекс куманикус»−қыпшақ даласының дәуірлеген кезін танытатын кітап. Алтын Орда дәуірінде Жоңғар қақпасынан бастап Дунай өзеніне дейінгі аралықты қыпшақ тілін білетін тайпалар жайлаған. Өмір талабына орай, экономика, сауда-саттық мәселесімен бір ел мен екінші елге баратын жұртшылық қыпшақтармен сауда жасағанда, сол ел үстінен өткенде қыпшақ және өзге тілді, славяндардың дінін білуге, игеруге мәжбүр болған.

Ресей жұртшылығы көршілес отырған қыпшақтарды−половецтер, кейде печенгелер деп атаған. Батыс Еуропа елдері қыпшақтарды−кумандар деп те атап кеткен. Кодекс-куманикус−латын сөзі. Бұл атау− қыпшақ сөздігі туралы жинақ деген мағынаны танытады. Бұл сөздік екі бөлімнен тұрады. Алайда, бұл тек қыпшақ тіліне ғана арналған деп кесіп айтуға келмейді. Мәселен, осы кітаптың бірінші бөлімі−үш бағана етіп жазылған. Онда латынша, парсыша, куманша сөздік берілген. Демек, бұл жинақ латын, парсы, қыпшақ тілін білетіндер үшін жасалған.

«Кодекс-куманикустың» екінші бөлімін−сан қилы аңыз-әңгімелер, ертегілер жинағы деуге болады. Екінші бөлімнің мақсаты−кумандар арасында христиан дінін уағыздау болса керек. Мұнда христиан дінінің пайдасы туралы, христостың өмірі хақында, Мария ананың әулиелігі жайлы түрлі-түрлі хикая, аңыздар жарияланған.



Зерттелуі. «Кодекс-куманикустің» түпнұсқа қолжазбасы қазір Италияның Венецкая қаласындағы әулие Марк шіркеуінің кітапханасында сақтаулы. 1228 жылы бұл кітаптың бірінші бөлімі француз тіліне аударылып, Париж баспаларының бірінен жеке кітап болып шықты. Оны шығарған Г.Ю.Клапрот. Атақты ориенталист Г.Күн 1880 жылы бұл қолжазбаның екі бөлімін латын тілінде тәржімалап Будапешт қаласынан бастырып шығарды. 1984 жылы бұл кітапты В.Радлв неміс тіліне аударып, С-Петербургте бастырып шығарды. Дания ғалымы К.Гренбек қолжазба мәтінін 1936 жылы кітап етіп шығарды. Бұл кітапты тұңғыш рет қазақ тілі тұрғысынан зерттеген Ә. Құрысжанов. Бұл кітапта қазақ тілінде кездесетін әдеби сөздер жетерлік. Екінші бөлімінде мақал-мәтел, аңыз әңгімелер баршылық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет