Лекция семинар (практика) және зертханалық пәндердің жоспары



бет24/75
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452306
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   75
Түр.хал.әд.

Мәснәуи әдебиеті. Олар негізінен махаббат, шытырман оқиғаға, дін, софылық, ілім тақырыбында өрбіген. Махаббат мәснәуилері «Хұсрау уа Шырын», «Гүл уа Хұсрау» т.б.

Диуан әдебиеті. ХҮ ғ. Анадалы жерінде диуан әдебиеті қалыптасты. Өкілдері: Шейхи, Ахмет паша, Месаха және басқалар.

Республика кезеңіндегі әдебиет, негізін Мұстафа Камал Ататүрік қалаған. Республика кезінде М.Иесара, Е.Бениже, М.Есендал және басқалар.

Ұйғыр әдебиеті. А.Қашқари, З.Сәмәди, Сары ұйғырлар

Ұйғырлар Орталық Азиядағы түрік халықтарының бірі ретінде өзіндік іздерін қалдырған. Алғашқы ұйғыр қағанаты (744-840) өмір сүрген дәуірге дейінгі ауыз және жазба әдебиеті түркі халықтарына ортақ болғандықтан ұйғыр әдебиетін шартты түрде: 1.Көне дәуір әдебиеті, Орхон ұйғыр қағанаты дәуірі әдебиеті деп бөлуге болады. З.Сәмәди (1914-1999). Ол елін сүйгені үшін 1957 жылы бүкіл қытайды шарпыған дүрбелең кезеңінде ұлтшыл атанды, Оның «Майымхан» атты романы ұлт азаттық жолында құрбан болған Майымхан, Сәтек, Қалдаш, ұстазы Асқарлардың даңқты істерін көрсетуге арналған. Түркістан түріктерінің әдебиеті жайлы сөз қозғағанда соған арналған еңбекте қазақ әдебиетін алдымен назарға ұсынылыпты. Бұл әдебиет туралы топ студенттері қазақ әдебиеті мамандығына даярлап жатқандықтан оларға қысқаша қазақ әдебиетінен түсіндіріп жатқан ерсілеу болар.

Бұл орайда қазақ әдебиеті жайлы қысқа шолу жасаған дұрыс болар. Соған орай уелі қазақ халқының ауыз әдебиетіне тоқталамыз. Оларды тұрмыс-салт жырлары, мақал, мәтел, жұмбақтар, эпостық жырлар, ертегілер, айтыстар, лиро-эпостық жырлар, тарихи жырлар, шешендік сөздер деп топтап, жекелеп талдау жасауға болады. Мұнда Абай, М.Әуезов жайлы кең әңгіме болады.

Қырғыз әдебиеті жайлы да әуелі қырғыз халқының ауыз әдебиеті, қырғыз ақындары С.Бөлекбайұлы, Б.Құмарұлы, А.Байлашұлы, Е.Жалғасұлы, Н.Нарқұлұлы, Т.Сатылғанов, Жеңіжоқ Көкеұлы жайлы сөз қозғалады (1860-1918). Ол символ, психологиялық паралеллизм, астарлап айту мәселелерін шебер меңгерген. Шыңғыс Айтматовтың «Қош бол. Гүлсары», «Ақ кеме» атты туындылары әлем мәдениетінің алтыг қорына қосылды.

Өзбек әдебиеті жайлы: ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы әдебиет Әмір-Темір тұсы деуге келеді. Сол кезең өкілдері: Х.Байғара, Мұхамет Шайбани (1451-1510), Ә.Науаи (1441-1501), ХҮІІ ғ. бірінші жартысындағы әдебиет, ХІХ екінші жартысындағы өзбек әдебиеті деп топтауға болады. Өзбек әдебиетінің өкілдері Х.Байғара, М.Шайбани, Ә.Науай, М.Салық М.Бабур, «Бабурнама», С.Аллаяр, Б.Машрб, Ш.Мунас және басқалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет