Лекция семинар (практика) және зертханалық пәндердің жоспары


«Түркі халықтарының әдебиеті» пәні



бет34/75
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452306
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75
Түр.хал.әд.

«Түркі халықтарының әдебиеті» пәні

Лекция тезистері
Лекция тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Таулы Алтайды қоныстануы және Алтай тілді қауымдар мәдениетінің қалыптасуы.

Лекция жоспары:

  1. Таулы Алтай кеңістігіндегі көне түркі мәдениеті

  2. Б.З.б. екінші ғасырда «Ұлы жібек жолының ашылуы

  3. Сақтардың тайпалық бірлестіктері. Есік қаласы маңынан табылған «Алтын адам» киіміндегі зергерлік бұйымдар. Тастағы сызба суреттер.

Лекция мақсаты: Адамзаттың пайда болуы. Алтай тілді қауымдар мәдениетінің қалыптасуы. Сол аймақта түркі мәдениеті нышандарының көрініс табуын саралау.

Лекция мазмұны:

Адамзат, алғашқы тіршілік тынысы жайлы сөз қозғағанда әлемдегі аса қасиетті аймақ қатарында Таулы Алтай жотасын қоса атайды. Себебі, дүние жүзі ойшылдарының ортақ тұжырымы бойынша адамзаттың түпкі тегі әуелі Африкада пайда болып, содан өсіп-өніп бұдан екі миллион жылдай бұрын олар Азия мен Еуропаға қарай көше бастайды. Сол адамдардың үлкен лоблыған бөлігі Таулы Алтайды мекендейді.

Соған орай бұл тақырыпта алдыңғыға қоса Таулы Алтай кеңістігіндегі көне түркі мәдениеті, б.з.б. екінші ғасырда «Ұлы жібек жолының» ашылуы, Сақтардың тайпалық бірлестіктері, Есік қаласы маңынан табылған «Алтын адам» киімдеріндегі зергерлік бұйымдар, тастағы суреттер сыры сиаптталады.

«Ұлы жібек жолының» ашылуын, сол кездердегі Қытай, Үндістан, Греция, Иран, Сирия, Месопотамия, Вавилон, Мысыр тағы басқа елдермен сауда, мәдени, рухани байланыстарды, Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлылардың тайпалық бірлестігін және олардың дәстүр, наным-сенімін, зороастризм діні мен «Авеста» кітабының көне түркілерге қатысын, ежелгі арамей, соғды, авеста, кушан, көне ұйғыр, руна жазуларының пайда болу кезеңдерін сабақтастыра қамтып, ғылыми мәнін ашып, студенттің білім деңгейін, ой-өрісін тереңдетеді.

Қамтылатын мәселелерді түйіп білдірсек, 1. жапон, корейлер де Алтай қауымдастығына жатады.2.Шумер және көне түркі тілі арасындағы байланыс айтылады. 3.Шумер мен түркі жазуы арасындағы сабақтастық дәлелденіледі. 4.Алтай тілді қауымдар Аляскаға дейін жеткені, Америка үндістері тіліндегі ұқсастық сөз болады. Түрік атауының пайда болуы және Алтай − түркілердің көне мекені екенін ұғындырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет