Бақылау сұрақтары:
1.Әзербайжан әдебиетінің түп-төркіні.
2.М.Ганжауи шығармаларының ерекшелігі
Әдебиеттер:
1.Түрік халықтары әдебиетінің тарихы. Оқу құралы. Түркістан: ХҚТУ баспаханасы, 2005.
2.Түркі халықтары әдебиетінің тарихы. Хрестоматия. Түркістан: ХҚТУ баспаханасы, 2005.
Жетінші лекция
Лекция тақырыбы: Қарашай-малқар, Құмық әдебиеті.
Лекция жоспары:
1.Қарашай-малқар этносы. Иран, түрік тайпалары араласуынан қалыптасқан.
2.Қарашай-малқар әдебиетінің ірі өкілдері.
3.Құмық әдебиетінің ірі өкілдері.
Лекция мақсаты: Студенттерге түркі тектес халықтардың әдебиетін ұғындыру
Лекция мазмұны:
Қарашай – балқар тілі (Қарашай-малқар тілі) − Қабардино-балқар республикасы мен Қарашай-шеркес республикасының тілі. Қыпшақ-половец тармағының ішінде қыпшақ тобына жатады.
Қарашай-малқар этносы − иран тілді алан тайпалары және түрік тайпаларының араласуы арқылы қалыптасқан. Кавказ және иран тілдерімен ғасырлар бойы қарым-қатынаста болғандықтан, Қарашай-малқар тілінде олардың әсері молынан байқалады.
Орыс патшалығы Кавказды жаулап алу үшін отыз жыл тоқтаусыз шабуылдады. Формальды түрде 1828 жылы малқарлар Ресей патшалығының құрамына енді. Бірақ еркіндік күрес Кавказда ешқашан тоқтаған емес. Шейх Шамильден кейін де олар Ресейге қарсы шайқастарын жалғастырып жатты.
Отаршыл Ресей түрік халықтарын бір-бірінен алшақтату мақсатында 1861 жылы Кавказды уалаяттарға, губернияларға бөлді. Содан тілі, діні, мәдениеті біртекті қарашай-малоқар халқын екіге бөліп, Қарашайды Кубан уалаятына, малқарларды (өздерін малқарлар атаған, бірақ орыс әдебиетінде Балқар болып жазылып кеткен) Терек уалаятының құрамына енгізген еді.
Соңғы 200 жылда ұдайы шапқыншылықта болса да фольклорын, ана тілін, әдеби шығармаларын сақтай білді. Олардың белгілі жазушы және ақындары: О.Алилан, И.Һибилан, И.Ақбайлан, А.Бижинлан, С.Отарлан, Х.Аппалан және басқалар.
Қарашай-малқарлардың фольклорын зерттеуші Т.Һажылан халық фольклорын 8 топқа бөледі: мифологиялық өлеңдер, халық әдебиеті, нарт дастандары, массалар (қиссалар), қара сөзбен айтылған халық шығармалары, жырлар, қысқа әңгімелер, зікірлер.
Құмық әдебиеті. Құмық тілі қыпшақ-половец тармағының қыпшақ тобына жатады. Қарашай, қырым тілдеріне өте жақын. Солтүстік Кавказ түріктері құмықты «құмығылы» дейді. Көрші аварлар «Жазық тұрғындары» деп атайды. Құмық әдебиетінің тарихы үш кезеңге бөлінеді.
1. XVІ-ХІХ ғасырлар аралығы «Түрік дәуірі» деп аталады. Ол бізге «Дәрбәндама», «Қажынама» шығармаларымен белгілі.
2.ХІХ ғасырдың екінші жартысында ескі түрік тілі мен жаңа құмықтың әдеби тілі қатар жүрді.
3.1928 жылдан бастап жаңа дәуір басталды. Онда оқулықтар мен әдеби шығармалар құмық тілінде жазылса да орыс тілінің ықпалы байқалды. Қазір құмық тілі мемлекеттік деңгейде қолданылмағандықтан мектептерде тек пән ретінде оқытылады.
Құмық ғалымдары әдебиетінің тарихын XV ғасырда өмір сүрген ақын Үммі Кемалдың (Нұри) шығармаларымен байланыстырады.
И.А.Хамипаев құмық фольклорындағы «Мифологиялық сарын» атты докторлық диссертациясында: Көк тәңірім маған,
Көк көздерін ашып қараған
Көк тәңірім биіктерден қараған!,−деп тәңірлік нанымның ежелден келе жатқанын мегзейді. Қазірдің өзінде Дағыстан республикасы, Қаяхан аймағында «Тәңірхан» атты ағаш бар. Жергілікті тұрғындар қазірге дейін аталмыш ағашқа сыйынып, құрбан шалады.
Құмық жазба әдебиеті ХІХ ғасырда өмір сүрген жыршы Қазақ Татарханұлының шығармасынан бастау алады. 1883 жылы М.Әпенді Османовтың Петербург қаласында «Ноғай және құмық мәтіндері» деген кітабы жарық көрді.
Құмықтар арасында жинақталған «Минкүллүнү» жыры ежелгі Шумердің «Білқамыс» дастанымен теңестіріледі. Сондықтан бұл жыр құмық фольклорының ең ескі үлгісі болып табылады (М.Мырзахметұлы, М.Акар... «Түрік халықтары әдебиетінің тарихы». Түркістан: 2005, 115-б.).
Достарыңызбен бөлісу: |