Лекция мазмұны:
Алтай және Хакас әдебиеті. Алтай тілі − Алтай республикасының мемлекеттік тілдерінің бірі (1993 жылдың 3 наурызынан) Сібір қашан да патшалы Ресейдің назарында болған. Ресейдің отарлау саясатына орай Христиан дінін тарату қолға алынды. Ол саясат XVІІІ ғасырда барынша өріс алды. Олар 1928 жылы латын графикасына, 1938 жылы Кирилл әліппесіне көшірілді.
Ресейде 69400 алтайлық бар. Олардың басым көпшілігі, яғни 59130 адам Алтай республикасында тұрады. Ауыз әдебиетінің нұсқалары ХІХ ғасырдың 2- жартысынан бастап қағаз бетіне түсірілген. Эпос үлгілерінің 7 томы «Алтай батырлары» жарық көрді. Дастандары: «Мадай қара», «Алтай-Бучай», «Алтын-Туды» т.б. жырлар.
«Мадай қара» дстанына талдау жасап, көркемдік деңгейін таныту. «Мадай қара» 8000 жыр-шумақтан тұрады. Алтайдың әдебиеті, негізінен, ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды.
Алтайлықтардың жазба әдебиеті кенжелеу дамыды. Тек ХХ ғасырдың бас кезінде М.В.Мундус-Эдоков «Келін» (1927), «Бұрын және қазір» (1928) аталатын пьесалар жазды. П.А.Чагат-Строевтың «Дана батыр» (1926), П.В.Кучияков «Күрес», «Арбашы», «Шайтан аңғары» шығармаларын жазды.
Хакас әдебиеті. Хакастар Орталық Сібірдің оңтүстігінде өмір сүріп жатқан түркі халықтарының бірі. КЕйбір зерттеушілердің пайымдауынша «Хакас» сөзі жасанды сөз. Өйткені, қытайдың ескі жылнамаларындағы «Хырғыз» этнонимін орыс синологі Н.Бичурин «Хакас» деп оқыған. Біраз уақыттан кейін неміс ғалымы В.Шотт бұл аударманың дұрыс еместігін дәлелдеді.
Хакас тілі түрік тілдерінің ұйғыр-оғыз тобына жатады. Қарапайым Хакас халқы өздерін «Тадар» деп атайды. 1989 жылғы санақ бойынша Ресейде 78 мың хакас тұрады. Хакасияның жалпы саны 500 мың. Ғалымдар Хакас фольклорының түп-тамырын қырғыздармен байланыстырады.
Хакас прозасының пайда болуы ХХ ғ. 30-жылдарынан бастау алады. Хакас жазушыларының проза салапсындағы алғашқы шығармасы Г.Кучендаевтың «Майордың өмірі» атты шығармасы. В.А.Кобяков 1934 жылы «Айдо» повесін жазды.
Поэзия саласында И.Котюшев, Н.Тиников, және басқалардың шығармалавры бар. 50-60 жылдары Хакас поэзиясының гүлдені кезеңі. Сол кездерде «Хакасия поэзиясы», «Хакас поэзиясының антологиясы» (1961) жарыққа шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |