Спирогрфия жүргізуге қарсы көрсеткіштер:
Науқастың жалпы жағдайы ауыр болғанда,зерттеуді жүргізуге мүмкіндік болмағанда;
- Үдемелі стенокардия,миокард инфарктісі,ми қан айналымынның жедел бұзылуы;
- Қатерлі артериялық гипертензия;
- Гипертоникалыұ криз;
- Жүктілік кезіндегі токсикоз;
- Ауыр дәрежедегі өкпе жетіспеушілігі;
Спирогрфия жүргізуге қарсы көрсеткіштер:
Спирографияны жүргізу кезіндегі дайындық: - Спирографияны таңертен немесе таңғы астан кейін 1-1,5 сағатта жүргізіледі. Зерттеу жүргізер алдында шегу, қою кофе мен шай ішуге тыйым салынады.
- Науқастың тісінде протездер болса , шешіледі
Спирографияны жүргізу: Зерттеу науқас тыныщ отырып дем алғанда 3-5 минут аралығында жазылады. Бұл уақытта құрал жқмыс істеу көрсеткіштерін тіркейді: тыныс алу жиілігі мен тыныс алі көлемі жазылады. 1-2 минут үзіліс жасап, құралды өшіреді. Үзілістен кейін әрбір 1 минут сайын қысқа үзіліспен, форсирленге тыныс алумен байланысты параметрлерді жазады. Спирография жүргізуге негізгі көрсеткіштер:
Бронх,өкпе,кеңірдек аурулары;
Қан айналым жеткіліксіздігі бар ауларда,
Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында;
Емдеу нәтижесінің тиімділігін бағалау үшін;
Кәсіптік және әскеи медицинада жұмыс істейтін ,спротпен айналысатын адамдардың еңбекке қабілеттілігін бағалау үшін;
Басқа әдістермен қоса өкпе және жүрек жетіспеушілігін ажырату диагностикасы үшін;
Спирографта «Адам өкпесінің ветиляциялық қасиеттерін функционалды зерттеу мен бағалауды өткізудің унифицерленген методикасы» іске асырылған. Бұл әдістеме 1996 жылы енгізілген... Спирограф- бұл портативті және үстел үстілік құрылғы, сыртқы тыныс алудың 27 көрсеткіштерін анықтау және есептеуді іске асыратын және тексерудің қортынды протоколын құрастыратын аппарат
Микропроцессорлы спирограф өкпенің функционалдық жағдайының сапалық және көлемдік өзгерістерін бағалау үшін қолданылады және емдік-диагностикалық процесстің барлық этаптарында (бұзылыстарды анықтау, олардың айқындылығын бағалау,өткізіліп жатқан терапияның негізделуі мен эффективтілігінің бағалануы, аурудың динамикасын қадағалау), белгілі бір жағдайлардағы еңбекке жарамдылықты бағалау экспертизаларында, тұрғын халықтың жалпы және эпидемиологияық тексерулерінде пайдаланылады. Спирограф әр түрі профильдегі медициналық мекемелерде аппараттың механикалық қасиеттеріне байланысты адам өкпесінің вентиляциясын бағалау үшін арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |