Артикуляциялық бөлімі мұрын, ауыз және жұтқыншақ қуыстарынан тұрады. Артикуляциялық бөлімінің негізгі мүшелері: тіл, ерін, жақ (жоғарғы, төменгі), қатты және жұмсақ таңдай, альвеолдар (қызыл иек). Артикуляция мүшелері белсенді және енжарболып бөлінеді. Белсенді мүшелері: тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ сүйегі; қалғаны енжар мүшелері болып табылады (1 қосымша, 3–Сурет).
Білімалушылардың білімін бақылауға арналған сұрақтар
1. Сөйлеу аппараты дегеніміз не? Сөйлеу аппаратына қандай мүшелер кіреді?
2. Сөйлеу аппараты орталық бөлімінің құрылысы және атқаратын ролі туралы тұжырымдаңыз.
3. Сөйлеу аппараты шеткі бөлімінің құрылысы
4. Сөйлеу кезіндегі тыныс алу процесі.
5.Фонация. Дауыс шығару механизмдері да, ауа көмекейден еркін өтеді.
6. Физиологиялық және сөйлеу кездегі дем алудың айырмашылығы.
7. Дауыс шығару механизімін ашып айтып беру.
8. Артикуляциялық аппараттында кездесетін әр түрлі ақаулықтар. Олардың сөйлеу тіліне тигізетін әсері. .
Тіл бұзылыстары және оның себептері
Логопедияда сөйлеу тілінің қалыпты дамуы мен бұзылысын ажырату ең маңызды болып табылады. Сөйлеу тілінің нормасы - көпшілік мақұлдаған сөйлеу тіл әрекетінде сөйлеу тілін қолданудың жалпы нұсқалары деп білеміз. Қалыпты сөйлеу тіл әрекетінде сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизмідері сақтаулы болады.
кемістігі деп сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтады. Коммуникативті теория бойынша сөйлеу тілі бұзылысы – ол вербальды қатынастың бұзылуы деп есептеледі.
Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегідей белгілерімен сипатталады:
• өз бетінше жоғалмайды, қайта бекиді;
• логопедиялық ықпал жасауды талап етеді;
• сөйлеушінің жасына сәйкес келмейді,
• баланың одан ары дамуына жағымсыз әсерін тигізеді.
• тіл білмейтіндік, диалектизм тіл кемістігі болып саналмайды.
Мұндай сипаттама сөйлеу тілінің бұзылыстарын баланың жас ерекшеліктерінен, бала мен ересектердің уақытша сөйлеу тілінің бұзылыстарынан, диалектілерден ажыратуға мүмкіндік береді.
Логопедияда тіл бұзылысын білдіретін «сөйлеу тіл кемістігі», «тіл ақаулығы», «сөйлеу патологиясы», «сөйлеу тілінің ауытқуы, «сөйлеу тілінің бұзылысы» және «сөйлеу тіл дамымауы» деген ұғымдар қолданылады.
Сөйлеу тілінің дамымауы - кейбір сөйлеу функцияларының немесе сөйлеу жүйесінің қалыптасуының төмен денгейі.
Сөйлеу тілінің бұзылысы - сөйлеу әрекетінің механизмдерінің жұмысының қалыптан ауытқуы, бұзылуы. Мәселен, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының жетілмеуінде тілдің морфологиялық жүйесін менгеру, сөйлемнің синтаксистік құрылысы денгейі өте төмен болады. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының бұзылуы оның аномальды қалыптасуымен және аграмматизмдермен сипатталады. Жалпы сөйлеу тілі дамымауында сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуы байқалады (фонетика-фонематикалық, лексикалық, грамматикалық жағының). Жалпы сөйлеу тілі дамымауының механизмі әр түрлі болуы мүмкін, соған байланысты ауытқудың құрылысы да әртүрлі болуі мүмкін. Ол дизартрияда, алалияда, т.б. тіл кемістіктерде байқалуы мүмкін.
Логопедияда «сөйлеу тілі дамуының бұзылуы» және «сөйлеу тілінің тежелуі» деген ұғымдар қолданылады. Сөйлеу тілінің дамуының бұзылуы кезінде сөйлеу процесінің онтогенезде бұзылуы байқалса, ал сөйлеу тілінің тежелуі дегеніміз сөйлеу тілінің дамуының темпінің тежелуі. Бұл жағдайда баланың сөйлеу тілінің даму денгейі жасына сай келмейді.
«Сөйлеу тілінің жойылуы» деген ұғым бас миының оқшауланған немесе диффузды зақымының салдарынан қалыптасқан сөйлеу дағдыларының және қатынас икемділігінің жойылуын білдіреді.
Сөйлеу тілі ақауларының алуан түрлі себептерін қарастырған кезде ақаулықтың пайда болу процесін талдау, жас ерекшеліктің әр кезеңінде сөйлеу тілі дамуының жалпы заңдылықтарын ескеруге негізделген (И. М. Сеченов, Л. С. Выготский, В. И. Лубовский) эволюциялық-динамикалық негіз қолданылады.
«Этиология» термині (грек тілінде «этио» - себеп, «логос» - ғылым, ілім) – ауырудың пайда болуының себебі немесе патологиялық жағдайын білдіреді. Себептілік мәселесі ежелден адам баласының ықыласын аударған.
М. Е. Хватцев функционалды себептерді И. П. Павловтың орталық жүйке жүйесіндегі қоздырғыш және тежелу процестерінің арақатынасының бұзылыстары туралы ілімімен түсіндіреді. Функционалды себептер сөйлеу аппаратының құрылымын өзгертпейді, тек оның қалыпты жұмысын (функциясын) бұзады. Мұндай себептерге әр түрлі стресстік жағдайларды, баланың жүйке жүйесіне әсер ететін ерте жасынан жиі және ұзақ мерзімге созылған ауыруларды, қоршаған ортасында сөйлеу тілі дұрыс болмауды, т.б. себептерді жатқызуға болады.
Ұзаққа созылған функционалды бұзылыстар органикалық бұзылыстарға айналуы мүмкін екенін ескерген жөн. Тағы да айтып кететін бір жағдай, сөйлеу аппаратының бір бөлігінде кездесетін органикалық бұзылыстар басқа бөліктерінде екіншіреттік функционалды бұзылыстар пайда болуына әсер етеді. Мысалы, сөйлеу аппараты құрылымының органикалық бұзылыстарының салдарынан балада тек дыбыс айтуының ақаулары байқалады. Бірақ, бала өзінің күнделікті қате айтқан дыбыстарын естуі сөйлеу-есту анализаторының екіншіреттік функционалды бұзылысына әкеледі - бала дыбыстың бұзылып айтылуын қалыпты ретінде қабылдайды. Ал, егер бала сөйлеу барысында бір дыбысты екінші дыбыспен алмастырып айтатын болса («шананың» орнына «сана»), сауат ашуға үйрету кезінде үшіншіреттік бұзылыс пайда болуы мүмкін- алмастырып айтылатын дыбыстар жазуында әріптермен алмастырып жазылады. Нәтижесінде бір емес, үш кемістікті түзетуге тура келеді.
М. Е. Хватцев органикалық және функционалды, орталық және шеткі себептердің өзара әрекеттестігіне көңіл аударған. Психоневрологиялық себептерге ақыл-ойы кемістігін, есінің, зейінінің бұзылуын және басқа да психикалық қызметтерінің бұзылуын жатқызған. Ол әлеуметтік-психологиялық себептерге аса назар аударған. Бұл себептерді қоршаған ортаның әр түрлі жағымсыз факторлары деп білген. Сонымен, ол сөйлеу тілі бұзылыстарының себеп-салдарын анықтауда алғашқы рет диалектикалық тұрғы негізінде сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясын түсінуін дәлелдеді.
Соңғы жылдары биология, эмбриология, теориялық медицина саласындағы, медициналық генетика, иммунология және басқа да пәндердің көптеген жетістіктері сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясы туралы түсініктерді тереңдетіп, олардың пайда болуында экзогенді (сыртқы) және эндогенді (ішкі) зияндылықтардың маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік берді. Сөйлеу тілі бұзылыстарының себептерін ғана біліп қоймай, сонымен қатар баланың ағзасына әсер ететін жағымсыз факторлардың әсерінен сөйлеу тіл бұзылыстарының механизмін білу қажет. Бұл сөйлеу бұзылыстарын түзетуде тиімді жолдары мен әдістерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |