Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет17/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Лекция жинағы

Лекция мақсаты: Тілдің даму заңдылықтарын түсіндіру
Лекция мазмұны: Тілдің дамуы жөніндегі мәселе — жалпы тілтану ғылымының күрделі 
проблемаларының бірі. Заманға, уақытқа қатысты болып отыратын тілдік құбылыстардың сырын 
білмейінше, тілдің өзіндік сипатын, мән-мағынасын түсіну мүмкін емес. 
Соған қарамастан тіл дамуы жөніндегі мәселенің тіл ғылымындық проблемалардың бірі ретінде 
қарала бастағанына көп уақыт өткен жоқ. Көрнекті ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, тілдің 
тарихи құбылыс екендігіне көңіл аударып, оның тарихын зерттеуге бет бұрушылық 19 
ғасырдың басында, салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дүниеге келуінен басталды. 
19 ғасырға дейін едәуір етек алған, тіл жүйесіндегі өзгерістерді құбыжық етіп көрсететін 
көзқарастын салқыны, ықпалы 19 ғасырдың өзінде де қалмады. Р.А. Будагов бұл жөнінде: «Жалпы 
айтқанда, тіл тарихы жөніндегі концепцияның жолы болмады, дүниеге келіп үлгермей жатып-ақ 
күмәнданушылыққа душар болды", — деп жазды. Тілдің дамып отыратын тарихи құбылыс екенін 
мойындаушылардың өздері де тіл дамуының табиғатын, сандық өзгерістер мен сапалық 
өзгерістердің сипаты мен арақатынасын, дамуға түрткі болатын ішкі-сыртқы факторларды 
айқындауда бірауызды болмады. Оның төркіні ғалымдардың, лингвистикалық мектептердің 
басшылыққа алған методологиялық көзқарастарында, тарихи дамудың зандылықтарын қалай 
түсінетіндіктерінде жатыр. Сондай-ақ, бұл мәселеге олардың басқа қандай ғылымдағы 
жетістіктерді, критерийлерді үлгі-өнеге етулерінің де тигізетін әсерлері аз болмаса керек 
Тілдің барлық жағдайдағы күйіне тән қасиет — өзінің жаратылысынан өзгеріске, дамуға бейім 
болуы. Өзгеру, даму тіл атаулының табиғатына тән өзіндік қасиет. Қозғалыс (варирование) тілдің 
синхрондық жағдайдағы күйіне тән. Мұнда тілдің құрылымы өзгермейді. Құрылымның барлық 


қабаттарында да тек сандық құбылыстар, түрленістер болды. Сөйтіп, бірте-бірте кейін болатын 
өзгеріске, эволюцияға әзірлік жасалады. Ал, эволюция, өзгеріс диахронияға тән қасиет. Ол — тілдің 
синхрондық күйіндегі қозғалыстардан келіп туады, соның жоғарғы сатысы, аяқталуы болып 
есептеледі. Мұндағы өзгеріс тілдің құрылымына әсерін тигізеді. 
"Өзгеру процесі дегеніміз", - деп жазады "Общее языкознание" атты еңбектің авторлары, - бір 
элементтің екінші бір элементі ығыстырып шығаруынан, соның орнын басуынан бастап, белгілі бір 
тұлғаның бірте-бірте материалдық, функциялық немесе семантикалық өзгеріске ұшырауына дейінгі 
процесі. Ал, қозғалыс, түрленіс (варирование) дегеніміз — қатар өмір сүру, белгілі бір 
ұқсастықтарына қарай бірігетін гетерохрондық немесе гетерогендік туындылардың, тұлғалардың, 
конкуренциялық процесі". 
Синхрондық зерттеу тілдің белгілі бір ғана дәуір ішіндегі жүйесін, құрылым сипатын баяндайды. 
Бірақ соларды баяндау үстінде, қажетті жерінде, элементтердің, амал-тәсілдердің тарихына да көз 
жіберу қажеттігі тумай қоймайды. Диахрондық зерттеуде тілдің белгілі бір мезгілдегі жүйе 
элементтері екінші бір кезендегі жүйе элементтерімен салыстырылады. Бұл — диахрондық әдістің 
синхронияны қажет ететін жері де барлығын көрсетеді. 
Сөйтіп, тілдің синхрондық және диахрондық зерттеу әдістерін бір-біріне байланыссыз, бірін-бірі 
жоққа шығаратын екі бөлек тәсіл деп санауға болмайды. Бұл екеуі — өзара тығыз байланысты, бірін 
екіншісі айқындай, толықтыра түсетін тілдік құбылыстың біртұтас даму процесінің екі түрлі кезеңі, 
сатысы. Өзгеріске ұшырамайтын, бір қалыпта қалып қоятын тіл болмайды. Тіл атаулының 
барлығы да сөздік құрамы жағынан болсын, грамматикалық және фонетикалық құрылымдары 
жағынан болсын, заман өткен сайын өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Тілде болатын өзгеріс-
құбылыстар алуан түрлі, бірақ солардың барлығы бірдей тілдің дамуы деген ұғымға жата бермейді. 
Тілдің дамуы деп оның лексикалық құрылымының жаңа атаулармен, жаңа ұғым көрсеткіштерімен 
толығып, жетілуін, сөйтіп, тілдің икемділік, орамдылық қасиетінің артуын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет