елеулі өзгешеліктері де бар.
Узус — этникалық топ өкілдерінің тілді қолдану процесінде
қалыптасқан, орныққан дәстүрі, дағдысы, ережесі.
Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. Диалект — жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің
өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы. Диалектілер негізінде тілдік
қауым қоныс ыңғайына қарай әр түрлі аймақтарға бөлінеді. Диалектінің мұндай түрі жергілікті
диалект деп аталады. Жергілікті диалектіге белгілі бір аймақта тұратын адамдар тілінде кездесетін
ерекшеліктердің жиынтығы жатады.
Белгілі бір этникалық бірлікке тән жалпыхалықтық тіл диалект арасында әлеуметтік те,
функциялық та, құрылымдық та өзгешеліктер болады. Тіл бүкіл
этникалық бірліктегілердің
барлығына да ортақ, бәріне бірдей қызмет етеді, ал, диалект оның белгілі бір аймақга тұратын бір
бөлігіне ғана қызмет етеді. Тіл қызметі сан-алуан болады, ал, диалектінің қызметтік шеңбері тар,
ол, негізінде, сөйлеу тілі түрінде ғана болады. Тіл құрылымдық жағынан басқаға тәуелсіз дербес
болады, ал, диалект құрылымдық жағынан жалпыхалықтық тілге тәуелді болады.
Диалектілік ерекшеліктердің пайда болуының негізгі себептері, жоғарыда айтылғандай, бір
кезде жалпыхалықтық тілде сөйлейтін қауымның белгілі тарихи себептермен бір-бірінен бөлініп,
қоныс аударып, ұзақ заман бойына бір-бірімен қатынастарының үзілуінен немесе көрші тілдер
әсерінен болулары мүмкін.
Жалпыхалықтық немесе біртұтас ұлттық тіл құрамындағы диалектілердің бір-бірінен
өзгешеліктері әр түрлі дәрежеде болады. Мысалы, белгілі бір аймақта тұратын адамдар тілінде бар
сөздер екінші бір аймақта тұратын адамдар тілінде немесе әдеби тілде болмайды, болғанымен де
біраз өзгешелікте айтылады, болмаса олардың әрқайсысында әр түрлі мағынаны білдіретін болады.
Дәл осындай өзгешелік дыбыстық жүйеде де, грамматтикада да кездесуі мүмкін. Әр аймақ
тұрғындарының тілінде кездесетін ондай өзгешеліктердің жиынтығы олардың өз алдына жеке-жеке
диалект екендіктерін байқататын көрсеткіш болып есептеледі.
Жалпыхалықтық тілдер сияқты жергілікті диалектілер де тарих құбылыс.
Олар да қоғам
дамуының белгілі бір тарихи дәуірінің жемісі. Қоғамдық жағдайларға лайықты, соған негізделе
пайда болып, дамып, өзгеріп отырады. Диалектілік ерекшеліктер, негізінде, рулық, тайпалық,
феодалдық дәуірлердің жемісі.
Жалпыхалықтық тілдің жергілікті диалектілерге қарағанда қызметі жағынан да, ерекшелігі
жағынан да, қолданушы қауымның сандық шамасы жағынан да, едәуір шағын көлемді тармағы
әлеуметтік диалектілер. Әлеуметтік диалектілерге кәсіби, жаргондық ерекшеліктер жатады.
Бұлардың өзіндік ерекшелігі мынада: жергілікті диалектілердің өзіндік лексикалық та, фонетикалық
та, грамматикалық та ерекшеліктері болады. Және ол белгілі бір аймақ тұрғындарын тегіс қамтиды.
Ол ол ма, тіпті кейде жоғарыда аталған әлеуметтік тілдік ерекшеліктер сол жергілікті диалект ішінде
де болуы мүмкін. Әлеуметтік типтер деп аталатындардың ерекшеліктері, негізінде, олардың
лексикалық жағында ғана және олар белгілі шағын топ арасында ғана қолданылады. Бұлардың
ішінен кәсіби ерекшеліктерді бөліп алған жөн. Ол - тек шартты түрде атағандық болмаса, диалектіге
де, жаргонға да қосылмайды. Кәсіби лексика — әдеби тіл сөздігінің бір саласы және оның әдеби
тілге жаттығы да жоқ. Әр кәсіпорындарының өз ерекшеліктеріне лайықты қолданатын атауыш
сөздері — әдеби тілдің байлығы.
Жаргон — тілдің әлеуметтік бір жарқыншағы. Бұл табиғаты жағынан да, қызметі жағынан да,
шығу төркіні жағынан да диалектілерден мейлінше өзгеше. Жаргонның географиялық ұғымға,
қоныс ыңғайына ешқандай қатынасы жоқ. Ол — тұрмыс, тіршілік, кәсіп ыңғайлары бір-біріне ұқсас
келетін әлеуметтік шағын топтар арасында пайда болады. Өзінің жаргондары бар әлеуметтік топ әр
түрлі болуы мүмкін (саудагерлер, қайыршылар, бұзақы, ұры-қарылар т.б.),солар ішіндегі елеулі де
күрделісі таптық жаргондар. Таптық жаргондардың едәуір елеулігіне қарап кейбір ғалымдар,
мысалы, академик Н.Я. Марр да тіл таптық болады, әр таптың өзіндік тілі болады дегенді айтқан.
Дұрысында, жаргондар мейлі ол таптық болсын, мейлі таптық болмасын — бәрі бір, дербес тіл емес,
жапыхалықтық тілден өзіндік кейбір сөз өзгешеліктері арқылы ғана оқшауланатын тілсымақ қана.
Достарыңызбен бөлісу: