Лекция тақырыбы: Жоғары мектептегі педагогикалық үдерісті бақылау



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата08.05.2023
өлшемі336.11 Kb.
#473368
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
DPLTQLETIHZK03052023221450



№14 Лекция тақырыбы: Жоғары мектептегі педагогикалық үдерісті бақылау 
 
Лекцияның мақсаты мен міндеттер: Магистранттарға білім сапасын бақылаудың 
қалыптасу дәрежесін, бақылаудың кезеңдерін және оқыту нәтижесін тексерудің мәнін 
түсіндіру. Білім беру жүйесіндегі бақылаудың формалары мен әдістерін көрсету. 
Лекция мазмұны:
1. Бақылаудың қалыптасу дәрежесі.
2. Оқыту нәтижесін тексерудің мәні.  
3. Білім беру жүйесіндегі бақылаудың формалары мен әдістері.  
4. Ұйымдастыру - басқарудың негізгі құралдары (ереже, нұсқау, бұйрық, кеңес, 
пікірлесу және т.б.).
5. Бақылау құралдары.  
6. Тест түрлері және тест құруға қойылатын талаптар. 
Бақылау – мекеме жұмысының соңғы нәтижесіне сандық әрі сапалық баға беру. 
Бақылау төмендегідей кезеңдерді қамтиды: 
√ білім беру мекемесінің әртүрлі жүйесінің жай – күйін бағалаудың норма, стандарт, 
критерийлерін белгілеу; 
√ бақылау объектісінің белгіленген, нормасының сәйкестік дәрежесі бойынша 
ақпарат жинау; 
√ қол жеткен нәтижені белгілеп, стандартпепен салыстыру;
фактілерді талдау, сәйкессіздіктерді болдырмау жолдарын іздестіру; 
√ қол жеткен нәтижемен төменге отырғансдарды хабардар ету, ақпаратты жеткізу 
және тарату; 
√ нәтиже бойынша ақпаратқа баға беру; 
√ алдында қабылданған жоспар мен шешімге түзетулер енгізу, коррекциялау. 
Оқыту үдерісінде білімгерлердің білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және 
бағалау оның аса қажет құрамдыс бөліні болып есептелінеді. Оқытушының сабақтар 
жүйесінде оны дұрысұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу – тәрбие үдерісінің 
табысты болуының оң кепілі. Ол үшін оқытушы білімгердің оқу материалын меңгеру 
дәрежесін, сапасы мен көлеміе үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта білімгерлердің, 
сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың 
маңызы ерекше.
Бақылаудың қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыларын 
есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың 
маңыздылығы ерекше. Бақылау – кең көлемде бір нәрсенің тексеру деген мағынаны 
білдіреді. Бақылау оқыту үдерісінде білімгердің оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін 
атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді. 
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қортындылау сатысы, бір нәрсенің 
деңгейін, сапасын, дәрежесін анықтау. Оны білімгердің оқу – таным әрекетінде 
қарсстырсақ, оқыту үдерісінің міндеттерін білімгердің қандай дәрежеде меңгеру
дайындық деңгейі мен дамуы, білімгердің сапасын білік пен дағды көлемін анықтайтын 
құрыл ретінде қарастыруға болады. 
Оқыту нәтижесін тексерудің мәні – оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән 
бойынша білім беру стандарттарына сай білімді меңгеру деңгейін анықтау. 
Білім сапасын бағдарлаудың 2 тәсілі бар: білім сапасын бағалау тәсілдері оқыған 
материалды, заңдылықтарды қолдануды бағалауға негізделген, яғни бақылау – бағалау 
құралдарын білімді репродуктивті түрде меңгеруді, тек фактологиялық және алгоритмдік 
білім мен біліктілікті тексеруге бағдарлау; білім беру үдерісін тиімді құзіреттілікті 
қалыптастыруға бағдарлау. 
Құзіреттілік (компетенттілік) дегеніміз – пәндік білімдер мен біліктіліктің жай ғана 
жиынтығы емес, ол – оқыту нәтижесінде алынатын білім мен біліктілікті тәжірибеде 


қолдана алу қабіліеттіліктермен байланысты. Оқыту сапасы оның соңғы нәтижесі бола 
алмайды, себебі ол оқытудың нәтижесі мен алдын – ала болжанған мақсат арасындағы 
қарым – қатынас. Оқытудың білім, білік, дағды сияқты көрсеткіштері негізінде нәтижесі 
болады. Кез келген үдерісті тиімді басқару үшін бақылауды жүзеге асырған абзал. 
Педагогикалық үдерісті бақылау қажет болады, себебі педагогикалық іс - әрекетке 
қатысушының әрқайсысы, оның аралық іс - әрекет нәтижесі туралы ақпаратты жүйелі 
алып отыруға тиіс. 
Жалпы бақылау – екі жақты үдеріс. Бақылау білім берушіге оның жұмысының 
қаншалықты өнімді, нәтижелі болғандығын және білім беру мақсатында педогогикалық 
үдерістің мүмкіндігін қаншалықты пайдалана алатындығын көрсетеді. 
Біріншіден, білім беруші бақылау нәтижесінде әрбір білім алушының меңгерген 
білім дәресін, оқу іс әрекетінің денгейін, тұтас педагогикалық үдерістің нәтижесін 
анықтай алады. 
Екіншіден, білім алушының өзі де білім, білік дағдыны меңгеру үдерісінде жеткен 
жетістіктері мен кемшіліктері бойынша және өзінің оқу, іс әрекетінің нәтижесі бойынша 
нақты мәліметтер алады.
Үшіншіден, бақылау педагогикалық үдеріске қатысушы әрбір субъектінің жұмысын 
реттейді: жауапкершілік артады, білім алушылардың оқу-танымдылық белсенділіктері 
күшейеді, сапалық қасиеттер дамиды, педагогтың өзінің кәсіби шеберлігін арттыруға да 
жол ашады. 
Білім беру жүйесінде бақылаудың белгілі бір формалары бар және ол тиісті әдістер 
арқылы жүзеге асырылады. Бақылау әдістері мен формаларының алуан түрлілігі оның 
объективтілігін арттырып, әрбір оқытушы мен тұтас педагогикалық ұжымның іс 
әрекетінің ұжымдық бағалауы үшін жағдай жасайды. Бақылаудың әрбір формасының 
мақсаты болу керек, ол оқу-тәрбие жұмысының әр түрлі кезеніңде пайда болуы мүмкін. 
Қиыншылықтардың алдын алуға жағдай жасауы керек. 
Бақылаудың 3түрі бар: 
1. Алдын ала бақылау: сабақ өткізу үшін әзірленген жоспарлар, 
материалдар, материалдармен танысу, түсіндіру, бекіту әдістері мен формалары 
туралы, білімгерлердің өзіндік жұмысының тәсілдері туралы әңгіме жүргізу. 
2. Күнделікті бақылау: сабақты немесе сабақтардың өтуін бақылау, білімгерлердің 
білімдері мен дағдыларын тексеру, білімгерлердің өзіндік жұмысын қарап шығу. 
3. Қорытынды бақылау: белгілі бір уақыт аралығында оқытушының білімгерлерді 
оқыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелерін зерттеу. 
Қазіргі зерттеушілер бақылауға төмендегідей талаптар қояды 
1. Бақылау мазмұнының бағдарламалық талаптарға сәйкес болуы. Егер талаптар 
төмен болсы, білім беру деңгейі де төмендейді, ол талаптар жоғары болған жағдайда 
білімгерлерге шамадын тыс салмақ түседі. 
2. Алынған ақпарат мазмұнының объективтілігі мен анықтылығы.
3. Білімгер дайындығының негізгі элеменнтеріне талдау жасау қажеттілігі. 
4. Бақылау шапшаңдығы, жүйелілігі мен жариялылығы. 
5. Бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестіру. 
Соңғы кезде педагогикалық үдерістің нәтижесін, білім беруші мен білім 
алушылардың игерген білім, білік, дағдыларыгың деңгейін анықтауды, білі беру 
мониторингін жасауды тесттер қолданылады. 
Қазақстан Республикасының «білім туралы» Заңына 28 бабына сәйкес, білім беру 
ұйымдары білім алушылардың білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау 
мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және білім алушыларды 
аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет