Пікірлесу – ұйымдастыру, басқарудың бірден-бір құралы. Пікірлесу көбінесе
мекеме басшысы мен бөлім басшылары, мекеме басшысы мен бөлім басшылары, мекеме
басшысы мен мекеме жұмысшылары арасындағы жұмыстағы көкейкесті мәселені ашу
мақсатында жүргізілетін ақпарат алмасу. Пікірлесу кезінде алынған ақпарат шынайы
болса, өндіріс сапасын арттыруда өз үлесін тигізері анық.
Оқыту үдерісінің маңызды компоненттерінің бірі –бақылау, баға қою, есепке алу.
Бақылау –бұл педагогикалық басшылықтың және білімгердің танымдық іс-әрекетін
меңгертудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға
болмайды. Бақылаудың психологиялық-педагогикалық мәні білімгерге дер кезінде көмек
беру, олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, білімгердің оқу
тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру.
Оқу-тәрбие үдерісінің барлық кезендерінде бақылаудың мазмұны, білімгерді
шығармашылық іс-әрекетке ынталандыру және олардың белсенділігін дамытуы тиіс.
Бақылау үдерісінде оқытушы білімгердің жаңа білімді игеру сапасы бойынша мағлұмат
алады.
Бақылау құралдары: тест, бақылау жұмысы, емтихан, сынақ, мемлекетаралық
бақылау, олимпиада, байқаулар және т.б, болып табылады. Соңғы кезде білімгердің білім,
білік, дағдысын бақылауда көбінесе тест әдісі қолданылады.
Тест ағылшынның «test» сөзінен шыққан (тікелей аудармасы сынау, зерттеу).
Тест –адамның ақыл-ойының, қабілетінің, ерік күш-жігері мен өзге жеке дара
қабілеттерінің даму деңгейін айқындау мақсатында қолданылатын стандарттық тапсырма.
Тест –жеке-дара не топтық ерекшеліктерін айқындауға арналған, орындау уақыты
шектеулі, қиындық дәрежесі біркелкі емес тапсырмалар жиынтығы.
Тест –қысқа бір мәнді жауап немесе ұсынылған бірнеше түрлі варианттардан дайын
жауапты іріктеп алуды талап ететін сұрақтар.
Тест әдісінің артықшылығы:
√ тексерудің, бақылаудың объектілігі;
√ тест арқылы бағалау нақты әрі сараланған, даралық сипатта;
√ дәстүрлі тексеру әдісінен тиімдірек: біріншіден, білімгерлердің үлкен топтарымен
жүргізуге болады, екіншіден, уақыт үнемделеді, шектеулі.
Тесттің мәні – оның адам қабілеттерін айқындау, өлшеу құралы болуында.
Тест – жас деңгейлері, білім деңгейлері бойынша топталған, арнайы әзірленген
тапсырмалар жиынтығы. Тест тапсырмалары ішінара ізденс, репродуктиыті ғана емес,
шығармашылық сипаттамаларымен ерекшеленеді, себебі, онда білім алушының
теориялық білімімен қатар практикалық біліктіліктері де бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |