кәріліктің түрлері:
1. Хронологиялық кәрілік (күнтізбелік) - бұл өмір сүрген жылдар саны.
Кеңестік демографтар кәрілікті мынадай кезеңдерге бөледі :
орташа жасы 45-59 жас;
егде жас 60-74 жас;
кәрілік 75-89 жас;
90 жастан асқан жүзжылдықтар;
Өмір сүру ұзақтығын арттырудың табиғи жолдары:
- геродиетика қағидаларын сақтау;
- қозғалыс белсенділігі;
- жасқа байланысты өзгерістерге әлеуметтік-психологиялық бейімделу;
- қолдан келетін еңбек;
- герогигиена ережелерін сақтау.
Бейімделу реакцияларын тұрақтандыратын процесс
оның сенімділігін арттыратын организмнің өмірлік белсенділігі
2. Физиологиялық Кәрілік (физикалық) - жас ерекшеліктерін жіктеу және белгілеу қиын, сондықтан бұл процесс жеке болып табылады. Сол қартайғанда, кейбір адамдар сау болуы мүмкін және ескі емес, ал басқалары денсаулығына байланысты олардың жасын басып озады.
3. Психологиялық кәрілік-бұл адамның өміріндегі сәт ол өзін қартайғандай сезіне бастайды. Адам мұны ерте ме, кеш пе біле алады.
4. Әлеуметтік кәрілік-бұл кәрілік бүкіл қоғамға байланысты
жалпы алғанда. Әлеуметтік Жас белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір елдегі орташа өмір сүру ұзақтығымен анықталады.
Бүгінде, қазіргі заманда алдын-алу медицинасының кейінгі үрдісі денсаулық сақтау мен өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға қарасты талпынысты әдіс-тәсілдердің қолданылуынсыз мүмкін емес келеді. Жаппай индустриализациялау, урбанизация мен дамып келе жатқан қоршаған ортаның ластануы жағдайында осы факторлардың ағзаға кері әсер етуінің аз ғана әлсізденуіне үміттене аламыз. Нәтижелі өзгерістердің болуы маңызды ғылыми-техникалық мәслелердің шешілуі мен экономикалық шығындарды қажет етеді. БҰҰ талдаушыларының 21 ғасырдағы қартаю мәселелерін зерттеу бойынша ғылыми бағдарламасының негізгі қағидасы ретінде дені сау болып қартаю концепциясын орындауда – адамның өмір сүру стиліндегі өзгерістер аса маңызды. Мысалы: диеталық әдеттер, жыныстық өмірдің басталу уақыты, алкоголь мен темекіден бас тарту уақыты және т.б. рак ауруымен науқастануды алдын алуда маңызды болып, өмір сүруді ұзартуға әсерін тигізуі ықтимал. Дегенмен, жастық гормоналды-метаболитикалық өзгерістерді қалыпқа келтіретін, генетикалық қартаю бағдарламасын кідіртетін жағдайларды қолдану – геропротекторлы әсер етіп, ісіктердің дамуын алдын-алатын нәтижеге алып келеді. Мұндай әсерлердің ең басыңқысы – Бүршіктектес бездің эпиталамині мен эпиталон, сондай-ақ ас-тағамдардың калориялылығын шектейтін құрамдас заттар (мысалға, антидиабеттік бигуанидтер, қант алмастырғыш, анорексанттар) – қазіргі замандағы қоршаған ортаның қауіпті әсері де ағзадағы жағымсыз өзгерістер мен алдын-ала қартаюды болдырмауы ықтимал. Геропротекторлардың құрамына (Е, С) дәрумендері, микроэлементер (Zn, Se), биогенді стимуляторлар (плацента препараттары), адаптогендер (элеутеракокк, көк шай), липотропты заттар (статиндер, фибраттар), нейротроптты заттар, цитомединдер классының пептидті биорегуляторлары, сүйек миының клеткалары.
Сонымен, қазіргі медицина – қартаю үрдісін тежетіп, адамның өмір сүру ұзақтығын генетикалық детерминирленген шекке дейін (110–120ж) ұзартуға мүмкіндік беретін гериатрлық құралдардың арсеналын қамдап отыр.
Аурухана мен қарттар үйіндегі күнделікті жұмыс тәжірибесінің нәтижесі бойынша қарттық кезеңде ауруды емдеп-жазу аса қиын әрі нәтижелі емге қол жеткізу үнемі мүмкін бола бермейтіндігін көрсетті.
Қарт адамдардағы сүйек сыну немесе респираторлы аурулардың өршуі төсектік тәртіп пен сананың тежелуіне алып келетінін көрсетті. Сондықтан да, геронтология мен гериатрия жіті дами бастады.
Сондай ақ, күтім бойынша сақтандыруды енгізу – қарт адамдарға күтім көрсету ұғымына реабилитациялық мән берді. Геронтологиялық реабилитация – адамның өзі мен оның қоршаған ортасына бағытталып, медициналық диагноз бен емдеуді қамтиды, физикалық, психикалық және әлеуметтік ресурстарды қолданады,тұрмыстық деңгейде ауруды жойып, оның алдын- алуға көмектеседі, мақсат-мүдделерін жақсартуға бағытталып, бейімделу қызметін қолдайды, компенсациялық қызметті атқаруға көмектеседі, сұхбат-тасу, қосалқы құралдарды танып-білу, мұндай шектеулер және науқастармен қалай өмір сүру қажеттілігін оқытады, алдын-алу шараларын қолданады, туысқандармен сұхбат жүргізуді білдіреді, геронтологиялық науқастарға тәуелсіз өмір сүруді үйретеді, дәрігерлік, мейірбикелік, санитарлық және әлеуметтік шараларды бірігуін білдіреді, бірнеше мамандардың тобымен жүргізіледі, амбулаторлық, жартылай стационарлық және стационарлық жағдайда жүргізіледі, реабилитация үрдісіне арналған мақсатты жоспар бойынша жүзеге асады, жеке тіл табысу мен мультидисциплинарды топтың ұжымдық шешімін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |