Лекция Тақырыбы: Кіріспе. Геронтология, гериатрия түсінігі. Кәрілік және қартаю жалпы түсінігі. Қаратаюдың кезеңдері. Гериатриялық фармакотерапияның негіздері


Егде жастағы және қарт науқастарды күтудің жалпы принциптері. Медициналық этика



бет5/6
Дата06.01.2023
өлшемі32.53 Kb.
#468170
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Лекция 1. ГЕРОНТОЛОГИЯ

Егде жастағы және қарт науқастарды күтудің жалпы принциптері. Медициналық этика
Егде жастағы және қарт науқастарды күтуде медициналық этика және деонтологияның ережелерін сақтау маңызды болып табылады. Кей жағдайда жалғыз басты пациент үшін мейірбике ең жақын адам болып саналады. Әрбір науқастың жеке бабын табу үшін пациенттің жеке басының ерекшеліктерін және оның өз ауруына көз қарасын ескеру қажет. Науқаспен дұрыс қарым- қатнас орнату үшін мейірбике онымен сабырлы сөйлесіп, үнемі сәлемдесу керек. Егер пациенттің көзі көрмесе күн сайын науқастың палатасына кіргенде өзін таныстыру қажет. Науқаспен сыпайы және сыйластықпен қатынасып, оны аты- жөнімен атаған дұрыс. «Апа», «ата» деген сөздерді қолдануға болмайды. Гериатриялық науқастар кей жағдайда «өзіне кетеді», өзінің жағдайын «тыңдайды» тітіркенгіштік, жылампаздық пайда болады. Пациентті әртүрлі медициналық емшараға дайындау, оны дұрыс тыңдай білу, жанашырлық көрсету және кеңес беру дұрыс емдеудің маңызды факторлары болып саналады. Дегенмен, мейірбике өз бетімен, дәрігердің айтуынсыз науқасқа немесе туыстарына оның ауруы және ауруының ақыр соңы туралы мәлімет беруге болмайды, тексеру және емдеу тәсілдерінің нәтижесін талқыламау керек.


Ұйқысыздық мәселесі
Егде жастағы науқастар жиі ұйқысыздыққа шағымданады, оларда ұйық-тау режимі өзгереді – олар көбінесе күндіз ұйықтап, түнде белсенділік көрсе-теді (кіріп-шығады, палатаның ішінде жүреді, кітап оқиды). Осы жағдайда ұйқы тудыратын дәрілерді жиі қолдану тез үйренушілікке әкеледі. Сонымен қатар ұйқы тудыратын дәрілерді қолданған кезде әлсіздік, басының ауруы, таңертеңгі уақытта басының «сынуы», іш қату байқалуы мүмкін. Ұйқы туды-ратын дәрілерді дәрігер қажет болған жағдайда тағайындайды. Мейірбике науқасқа дәрілік шөптерді ұсына алады (мысалы, сасық шөп тұнбасы 10-15 мл-ден ұйықтар алдында 40 мин бұрын), 10-20 тамшы «Валокордин», бал араласқан жылы сүт (1 ас қасық) және т.б.
Жеке гигиена шараларын қамтамасыз ету
Егде және қарт жастағы науқастарға өзінің бабын табу қиынға соғады. Оларға төсек жаймасын, іш киімдерін ауыстыруға көмектесу керек, қажет болған жағдайда шашын, тырнағын күту жүзеге асырылады. Пациенттің ауыз қуысының жағдайын бақылаған дұрыс. Оларға тамақтан кейін ауыз қуысын мұқият шаю үшін қайнатылған жылы су беріледі. Жағдайы ауыр науқастардың мейірбике 1% сутегінің асқын тотығына немесе гидрокарбонат натрий ерітіндісіне малынған мақтамен ауызын сүртуге міндетті. Ұзақ уақыт төсек режимінде жатқан науқастың терісін күту, ойылулардың алдын-алу жүзеге асырылады. Мейірбике науқастың төсектегі қалпін өзгертуге көмектесу, егер жағдайы мүмкіндік берсе жан-жағына жастық тіреп төсекке отырғызу, арқасын, аяқ басын және саусақтарын шамалы уқалау керек. Науқастың физиологиялық бөліністерін бақылау керек және қажет болса ішек қызметін диета арқылы реттеу (тамақ рационына құрғақ жемістерді, қышқыл-сүт өнімдерін қосу және т.б.), дәрігердің тағайындауымен іш жүргізетін препараттарды қолдану немесе тазалау клизмасын қою. Науқас жағдайының нашарлауының кез-келген түрінде, жаңа симптомдар пайда болғанда мейірбике дереу дәрігерге хабарлау керек. Дәрігер келгенше пациентті жатқызып ыңғайлы жағдайда отырғызуға көмектесу керек (мысалы, науқас ентіккенде оны отырғызу немесе жартылай отырғызу), тыныштықты қамтамасыз ету, қажет болса-алғашқы көмек көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет