Лекция тақырыбы: кіріспе. І-блок. Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің Қалыптасуы адамның тарихқа дейінгі эволюциясы және ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениеті


Антропогенез туралы жаңа мәліметтер



бет3/9
Дата09.01.2023
өлшемі65.31 Kb.
#468244
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
лекция 1

3. Антропогенез туралы жаңа мәліметтер. Адамзаттың пайда болуы мен қалыптасуы тас дәуірінен бастау алады. Адамның пайда болу мәселелерін зерттеу орасан көптеген теориялар туғызды, олардың ішінен екі негізгі концепцияны жеке қарастыруға болады-философиялық – діни (адамды құдай жаратты) және материалистік, бұған сәйкес адам табиғи эволюция мен еңбек қызметінің нәтижесінде жануарлардан (приматтардан) шықты.
І. Ең ежелгі адам - Епті адам – ерте палеолит
ІІ. Тік жүретін адам – питекантроп (1891, Ява) , синантроп – 1927, Қытай, Чжоукоудян). – ерте палеолит
ІІІ. Неандерталь адамы – Германия, 1938 –Өзбекстан, Тесік Тас -орта палеолит, мустье
ІV. Саналы адам- кроманьон – Франция – кейінгі палеолит

эволюция сатысы

Сипаттама

I кезең – архантроптар

Мидың көлемі 800 см 3. Алғашқы тас құралдар (қырғыштар, жебе ұштары, тас балталар). Артикуляциялық сөйлеудің болмауы. Ең озық қолданылған от (олар тек оны қалай қолдау керектігін білді).

II кезең – палеоантроптар

Мидың көлемі 1300-1400 см 3. Олар тастардың көмегімен от жағуды біледі. Бірінші артикуляциялық сөйлеу пайда болады. Тас құралдар мұқият өңделеді, сүйектері пайда болады (тарақтар, инелер). Бұл кезеңде өлгендерді жерлеу рәсімдерімен қоса жүргізілді.

III кезең – неоантроптар

Мидың көлемі 1500-1800 см 3. Биологиялық революциядан әлеуметтік революцияға көшу. Адамның алғашқы нәсілдері қалыптасады. Мәдениет дамып келеді (тек құралдар ғана емес, сонымен қатар әшекейлер де жасалады).



Архантроптардың бір тобы — синантроптар (қытай адамы) Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пекин маңындағы үңгірден табылды. Олар аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және тас құралдарды әрі отты пайдаланған. Синантроптардың көп белгілері питекантроптармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсайды. 
1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғалымдар Гейдельберг адамы деп атап, архантроптарға жатқызды. Архантроптардың тіршілік әрекеттерінде де күрделі өзгерістер болғандығы байқалады. Олар көбіне ірі жануарларды ұжымдасып аулаған, отты пайдалана білген. Тастан құралдар жасауды жетілдірген. Тұрмыс қажетіне қарай тастардың шеттерін өткірлеп, үшкірлеп шапқыға, кескіге, қашауға ұқсас құралдар жасай білген. Архантроптардың тарихи даму кезеңіндегі негізгі ерекшеліктің бірі— сөздің пайда болуы. Сөз ежелгі адамдар арасындағы басты қарым- қатынас құралы болған. Өйткені олардың миының маңдай және самай бөліктерінің жақсы дамуы, дыбыстық ақпаратты қабылдау қабілетінің жақсы жетілгендігіне дәлел болады. Архантроптардың қаңқа қалдықтары Орталық және Солтүстік Африкадан, Оңтүстік Еуропа мен Алдыңғы Азия өңірінен де көптеп табылған. Бұл аймақтардан кейіннен архантроптар бірте-бірте Еуропа мен Азияның басқа да жерлеріне таралған деген пікірлер бар. Қазақстан жерінде де ежелгі адамдардың қоныс мекендері, пайдаланған тас құралдары мен аулаған жабайы жануарларының қаңқа калдықтары көптеп табылды. Басқалардың қаңқа калдықтары табылған емес. Соңғы жылдары Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары соны дәлелдейді. Тас дәуіріне қатысты тастан жасалынған құралдар Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Алтын Қолат жайлауының маңынан табылған. Кейіннен мұндай тас құралдар Жамбыл облысы Қызылту елді мекенінен де табылды. Осындай зерттеулер нәтижесінде ғалымдар Қазақстан жерінде ежелгі адамдардың қоныс мекендері шоғырланған бірнеше аймақты анықтады. Ондай аймақтарға Маңғыстау, Үстірт, Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау, Солтүстіктегі ұсақ таулы Көкшетау және Нарын- Бұқтырма, Ертіс маңы жатады. Архантроптар, негізінен, үңгірлерде өмір сүрген. Көптеген ғалымдар орталық немесе солтүстік Африка жеріндегі архантроптардың топтарынан казіргі адамдар пайда болған деген пікірді қолдайды. Архантроптардан бастап қазіргі адамдардың келіп шығуы 500 мың жылдай уақыт аралығын қамтыған. Архантроптардың эволюциясында ми салмағының артуы, қоғамдасып тіршілік ету, еңбек құралдарын жетілдіре түсу және отты пайдалану — эволюцияның басты бағыттары болды. Дегенмен де архантроптардың эволюциялық дамуында биологиялық факторлар, соның ішінде табиғи сұрыпталу басты рөл атқарған.

Адамзат тарихы археологиялық дәуірлеу бойынша маңызды үш дәуірге бөлінеді: тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі. Адамның пайдаланған еңбек құралдарының материалы бойынша аталанған. Оның ішінде ең ұзаққа созылған тас дәуірі. Ғылыми таным тас дәуірін өз ішінде үш кезеңге бөліп қарайды.


1. Палеолит (б.э.д. 2,6 млн-12-10 мың.ж.)
2. Мезолит (б.э.д. 12 мың-5 мың.ж.)
3.Неолит (б.э.д. 5 мың-3 мың.ж)
Бірінші кезең – палеолит (көне тас ғасыры) – ең ежелгі кезең. Көне тас ғасыры ежелгi, орта және соңғы палеолит болып бөлiнедi.
Палеолит дәуiрiнiң еңбек құралдары Оңтүстiк өңiрде (Жамбыл облысындағы Қаратау қаласының солтүстiк-шығысында), Талас ауданы орналасқан жерде Бөрiқазған және Тәңiрқазған деген тұрақтардан және Оңтүстiк Қазақстан облысының территориясында Қошқорған, Шоқтас, Қозыбай деген тұрақтардан табылған. Бұл жерлерден табылған көне тас дәуiрiнiң еңбек құралдары тастан жасалған екi қырлы және бiр қырлы тас шапқылар, ауыр тас сынықтары, iрi ура тастар-нуклеустар болып бөлiнедi. 1958 жылы Оңтүстік Қазақстандағы экспедиция кезінде Ш.Уәлиханов атындағы палеолит дәуіріне жататын тұрақты Х.Алпысбаев ашты.
Палеолит кезеңі ежелгі және кейінгі палеолитті құрайды. Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке): олдувэй (2.6 млн жыл-700 мың жыл), ашель (700 мың-150-120 мың жыл) және мустье(150-120 мың – 35-30 мың жыл) кезеңдеріне бөлінеді. Ол кездің адамдары тастың қасиеттерін жақсы білген. Материал таңдау көбінесе құралдың қолданылатын мақсатына байланысты болды. Құралдардың мынадай түрлері: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой балғалар, піспектер, пышақтар, тескіштер және т.б. бөлініп шыққан. Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылды, олар Кеңірдек елді мекені жанынан, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің ең жоғары жайылмасынан, қатып қалған төменгі төрттік кезеңнің қалың конгломераты арасынан табылған. Мустье кезеңінде адам от пайдануды үйренді. Ортаңғы палеолиттің мустьер дәуірінде жаңа адамдар типі – неандертальдықтар қалыптасты.
Соңғы палеолит б.э.д. 35-30 мыңжылдықтардан б.э.д. 12-10 мың жылдықтардың аралығын қамтиды. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңiнен тарай қоныстанған және тәсiлдер мен нәсiлдiк топтардың прогрестiк дамуы мен рулық қауымының қалыптасу үрдiсiмен, адам ұжымының қоғамдық ұйымдасуының өзiне тән алғашқы нышаны ретiнде рудың шығуымен тiкелей байланысты болды. Алғашқы қауым өнері – мамонт сүйегі мен тастардан мүсін жасау, сүйек бетіне, бетіне бедерлі ою-өрнек,үңгір қабырғаларына түрлі-түсті сурет салу ісі пайда болды. Осы кездерде рулық ұйым барлық жерлерде ана тектес және шеше жағынан топтасты, ал әйелдер қауымда үстем жағдайда болды деп топшыланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет