Қола дәуірі. Адамдардың металл қорыту iсiн меңгеруi қоғам дамуының алға басуына жол ашты. Қола дәуiрiнде (б.з.д. 2-1 мыңжылдық) адам қоғамының өндiргiш күштерiнiң дамуына мал шаруашылығы мен және егiншiлiкпен қатар әр түрлi рудаларды өндiру тас пен сүйектi ұсату аса маңызды рөл атқарды. Археологтардың қола дәуiрiнде мыс, алтын, қалайы, күмiс қорытылып одан әрi түрлi қару-жарақ, зергерлiк бұйымдар жасалды.
Қола заманында кен өндірушілер табиғи таза мыстың қоғам сұранысына жеткіліксіздіге байланысты, металды өздері қорыта бастаған. Алғаш қортылған металл таза мыс емес, қола (мыс пен қалайының) болып шыққан. Кездейсоқ қорытылып алынған қоланың сапасы мыстан артық болып шықты. Осы заманда мыс, мырыш, қорғасын қалайы сияқты түсті металдарды қорытып сараптау басталды. Сом алтын мен қорғасын өте жұмсақ және ауыр болғандықтан тұрмыста кең қолдау тапқан жоқ. Қола дәуірі 3 кезеңге бөлінеді: Федоров (б.д.д. ХVІІІ-ХVІ), орта немесе Алакөл (б.д.д. ХV-ХІІ ғ.ғ.) және соңғы немесе Замараев (б.д.д. ХІІ-VІІІ ғғ.) кезеңі.
Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірдегі және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең а н д р о н о в мәдениеті деген атау алды. (1914 ж. Археолог Андрияновтың қазба жұмысы).
1927 жылы археолог М.П. Грязнов андронов мәдениетінің ескерткіштерін Батыс Қазақстаннан тапты. Бұл мәдениетті зерттеуші Қазақстандық ғалымдар Ә.Х.Марғұлан, К.А.Акишев, А.Г.Максимова, С.С.Черников, А.М.Оразбаев атап өтуге болады. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық жерін мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы Орталық Қазақстан. Ең ежелгі қаласы Арқайым қаласы (Қостанай мен Челябы обл шекарасы).
Қазақстан территориясындағы зерттелген қола дәуiрiнiң мәдени ескерткiштерi Андронов мәдениетi деген атаумен аталды. Бiрiншi ескерткiштiң табылған жерi Ачинск маңындағы Андроново селосының атына қарай бұл мәдениет ғылымда шартты түрде Андронов мәдениетi’’- деп аталды. Андрон мәдениетінің басқа мәдениеттерден айыратын негізгі этникалық белгісі - жерлеу ғұрпы ( қол-аяғын бүгіп жерлеу)
Андронов тайпаларының қоныстанған негізгі аудандарының бірі – Орталық Қазақстан. Қола дәуiрiнiң ерте кезеңi Солтүстiк Қазақстанда Феодоров кезеңi деп аталған, ал Орталық Қазақстанда бұл кезең Нұра кезеңi деп аталды, б.э.д. ХVIII-ХVI ғғ. қамтыды. Қола дәуiрiнiң орта кезеңi Солтүстiк Қазақстанда Атасу кезеңi б.э.д. –ХV-ХII ғғ. қамтыды. Б.э.д. ХII-VІІІ ғасыр – Беғазы-Дандыбай кезеңінде Андронов мәдениетi тайпаларының экономикасында тұрмысымен мәдениетiнде өзгерiстер болды. Бұл өзгерiстер қоғамның жаңа шаруашылық негiзiне байланысты. Андроновтықтардың тілі – үндіиран. Антропологиялық тұрпаты - еуропеоидтік. Аналық үстемдіктен аталық үстемдікке өтті.
Қола дәуiрiнiң тайпалары кешендi түрде мал шаруашылығы (бақташылық) және жер шаруашылығымен (теселі егіншілік) айналысқандықтан негiзiнен өзен, көлдердiң жағаларында мекендеп, жер үйлерде тұрды. Қола дәуiрi тайпалары мал, жер шаруашылығы мен қатар тау-кен iсiмен де айналысып металл қорытты. Қола дәуiрi кезiнде Қазақстан дүние жүзiндегi ең алғашқы қола қорытушы ел болды. Өте көп көлемде металл қорытылды. Атап айтсақ Жезқазған өңiрiнен жалпы көлемi 100 мың тонна мыс өндiрiлген. Орталық Қазақстаннан 130 тонна қалайы өндiрiлiп, 15 мың тонна таза күмiс алынған. Бұлар тек қана зерттелгенi ғана.
Андронов мәдениетiнiң тағы бiр ерекше жетiстiгi құмыраларды кең көлемде пайдалануы қола дәуiрiнде құмыра жасау iсi бұрынғыдан да жетiлдiрiле түстi.
Андроновтықтардың археологиялық рәмізі - сырға мен алқалар болып табылады. От құдайы Агнияға ешкі малын құрбандыққа шалса, әлем күн құдайы Митраға - бұқа шалынды.
Андроновтықтар бiрнеше үлкен патриархтық туыс семьялары бiрлесiп, рулық қауым болып өмiр сүрдi. Бiрнеше туысқан қауымдар тайпаны құрады. Бұған мысал ретiнде б.э.д. I ғасырдағы Қазақстанның кең байтақ территориясындағы және Орта Азия жерлерiнде өмiр сүрген: арим, тур, дана сайрима, сайна, даха тайпаларын айтуға болады.
Қола дәуірінің соңына қарай күнге, айға және жұлдыздарға табынған. Ата-бабаға сыйыну және о дүниеге сену кең тараған. Қолда дәуірінің тасқа салынған суреттері адамзаттың рухани мәдениетін, оның дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы. Осындай суреттер көп табылған Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, Бөкентау аймақтары дүниежүзілік мәдениеттің қорына қосылады. Тастағы суреттерде жие кездесетін бейне жабайы бұқа. Тасқа қашау өнерінде жиі кездесетін суреттерге қос өркешті бактриан түйесінің бейнесі, екі аяқты арбаның, соқа мен жер жырту бейнеленеді.
Андроновтардың қоғамдық құрлысына келетін болсақ, мал шаруашылығы мен металлургия саласына ерлердің еңбегі көп қажет болғандықтан ер адамдар рөлі жоғарлар әкелік отбасылық қатынас орнады.
Достарыңызбен бөлісу: |