Лекция тақырыбы: Мінсіз мұғалім және оқушылардың жеке ерекшеліктері. Сабақтың жоспары



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі24.04 Kb.
#485212
түріЛекция
  1   2   3
9 Дәріс


9 Лекция тақырыбы: Мінсіз мұғалім және оқушылардың жеке
ерекшеліктері.
Сабақтың жоспары:
1.Мінсіз мұғалімнің ерекшеліктері.
2.Оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
3.Қазіргі заман мұғалімінің оқыту ерекшеліктері.

Елбасы Н.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі колледж оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, келешекте Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетңн міндет өте салмақты» деген болатын. Бүгінгі таңда қоғамның талабына сай білім мазмұны тұтастай өзгерді.


Ертеңгі күні мемлекетіміздің, еліміздің тағдыры мен тізгіні жас ұрпақтың қолында болса, бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры қызмет атқарып жүрген мұғалімдердің қолында болғандықтан, олардың атқаратын қызметінің жауапкершілігі орасан зор деп елбасымыз Н Ә Назарбаев орынды атап өтті. Жаңа заман мұғалімі үнемі шығармашылық ізденісте болып, өз жұмысына деген махаббаты мен оқушыларына деген махаббатын ұштастыра білуі тиіс. Ұлы орыс жазушысы Л.Н. Толстой «Егер мұғалім тек өз жұмысын сүйетін болса , ол жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім оқушыны өз баласындай сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқып бітірген , не жұмысына, не оқушыға еш махаббаты жоқ ұстаздан артық болады. Ал егер мұғалім жұмыс пен оқушыны бірдей сүйсе, ол мінсіз мұғалім болады», -деп сөз қалдырған. Мінсіз ұстаз болу өте қиын, бірақ мүмкін. Ең бастысы, бір орында тежеліп қалмай, әрдайым алға ұмтылып отыру. Мұғалім жұмысын сүйіп, одан рахат ала білуі және бақыт таба білуі де өте маңызды. Бақытсыз ұстаз ешқашан бақытты шәкірт тәрбиелей алмас. Тек бақытты мұғалім ғана қайтпас қайсар, кездесер қиындықтарға берілмес мықты , не болса да тек алға ұмтылар қайратты ұрпақ тәрбиелейді. Әр адам бала өміріндегі мұғалімнің рөлін әртүрлі елестетеді. Бірі оны тек ағылшын тіліне үйретуші ұстаз десе, бірі өмір жолына бағдар беруші дейді. Ал менің ойымша ұстаз тәрбиеші, көмекші, жолдас және сырлас.
Жас ұрпақ біздің еліміздің болашағы. Бүгінгі заманның күн санап тез өзгеруі білім беруге деген талапты күшейте түсуде. Жаға идеялар, білім беруге жаңаша көзқарасты, кәсңби біліктілік біздің бұрыңғыдан да жаға жоғары сатыға көтерілгендігіміздің белгісі. Міне мұның бәріне қол жеткізуде әр ұстаздың әр ұстаздың шығармашылығы, жұмыс істеуі ерекше болуы керек. Бүгіне білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болып жатыр. Бұл өзгерістердің тереңдігі соншалық, білім берудің мақсаттырана, кұндылықтарына, әдістеріне және құралдарына қатысты және педагогтардың кәсіби санасын қайта құрумен байланысты, оның көп бөлігі басқа білім беру жүйесінде қалыптасқан педагогикалық ұстанымдар болып табылады. Қазіргі заманға сай мұғалім ұлттық мәдениет пен дәстүрді оқушының бойына сіңіре білетін, оқушыны өз бетінше білім алу дағдысына үйрететін, шығармашылық іс жүргізе алатын, оқушыларды адамгершілікке баулитын, болашақта әлемдік өркениетті мемлекетіміздің қожасы болатын жас ұрпаққа сапалы оқыту мен оқудың үлгісіне талдау жасайды. Мұғалімдер мінсіз оқушы мен мінсіз мұғалімнің анықтамасын береді және сапалы оқыту мен оқудың нақты критерийлерін әзірлейді.
Оқыту ең алдымен кәсіпке деген сүйіспеншілікті талап етеді. Мінсіз мұғалім әрдайым өз кәсібін, оқушыларды, оқытуды, оқуды және өмір сүруді жақсы көруі керек. Мінсіз мұғалім өз саласына мамандануы керек. Өріс туралы сұрақ туындаған кезде, ол басқа адамға сау жолмен хабарлауы керек. Сонымен қатар, мінсіз мұғалім өзін жағартып, білімін жаңаларымен ауыстыруы керек. Егер бала өз ұстазын жақсы көретін болса және оның әңгімесінен бір нәрсені түсінсе, онда бала өзінің тамаша мұғалімін тапты. Мінсіз мұғалім өмірге қарсы тұруға, әділетсіздікке қарсы тұруға, жаңа көкжиектер ашуға үйрету керек. Бұл бізге үміттерімізге, армандарымызға, эмоцияларымызға және бізді жұтатын өмірге қарсы тұруға үйретуі керек. Оқыту – жалпыға ортақ міндет. Біз өмір сүріп отырған ортада ата-аналар әрқашан балаларына, мұғалімдер шәкірттеріне сабақ береді. Басқаша айтқанда, үнемі оқыту мен оқу жағдайы болады. Алайда, оқыту мен оқытудың екі түрлі функция екенін әрқашан ескерту қажет. Сабақты бір адам жүзеге асырған кезде, оқыту басқа адамда болады. Бқл өте айқын жіне қарапайым болып көрінсе де, бұл шын мәнінде ерекше назар аударуды қажет ететін жағдай. Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процессте ескерілуі. Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінің, әсерленушілігінің , ерік-жігерінің, мінезінің жүріс-тұрысының, тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Жеке ерекшелік бұл адамның өз басындағы қасиеттерінің бір бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге жіне тіршілігінің жағдайына байланысты болады. Мектеп оқушыларын олардың қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болады, яғни, типология жүргізуге . болады. Дарындылық - адамның интеллектуалдық мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылының деңгейі мен өзіндік ерекшелігі. Қабілеттілік – бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.
Психологиялық жағынан қараусыз қалған деген сөз ортаның келенсіз ықпалынан және педагогикалық процестің жеткілісіздігінен рухани көзқарасының дұрыс қалыптаспағандығы, сезімнің дәрменсіздігі, қоғамнық мінез-құлық дағдысының жоқтығы айқын әрі үнемі байқалып тұруын айтады. Мектеп оқушысының жеке ерекшелігі дегеніміз – оның жас мөлшеріне, жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс – бұл педагогикалық жұмыстағы бос сөзділікті жеңу және оның алдын ала іс-әрекет ұйымдастыру. Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеу керек, яғни, баланығ мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді. Міне, осылайша тәрбие беруде, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекешілігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-қатынас әр баланың бейімділіктері мен бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет