аталмыш қасиетінің практикалық құны бола қоймайды.
Сонымен қатар
табандылық атакқұмарлық, менмендіклен ұштасьш, қалыптасқан бір қатар
қайраткерлерде белгілі, оның ішінде, саяси аренада көрініп жүргендері де, аз
емес және олардың көбі зияннан басқа келтірері шамалы. Сондықтан, жігерлік
пен
табандылықты зерделеуде, тұлғаның моралдық бағытылығы қасиеттерін
есепке алу керек. Оның ішінде ең құндысы тұлғаның табандылығының
қоғамдық бағыттылығымен ұштасуы құнды.
Халықтардың рухани мәдениеті артқан сайын тәрбиеленушілердің мінез-
құлқына талдау жасауды олардың интеллеклуальдық және эмоциональдық
(сезімталдық) ерекшеліктерін зерделеу және есепке алып отыру керек.
Интеллектуальдық
ерекшелігіне,
психологтар
ой,
сана
сапасы
көрсеткіштерін: талғампаздығы; икемділік; өзін-өзі мінеушілігі т.б., жатқызады.
Сезімталдық ерекшеліктері жанжақты болуы мүмкін. Ең жоғары сезім- өмірлік
белсенділік ұстанымы арқылы Отанға сүйіспеншілігі, оның алдындағы парызы.
Көптеген
басшыларға, педагогтерге адамдармен тәрбие жұмысы барысында,
сол сияқты өзінің әрекетіне баға беруде, жаңалықты сезіну, әзіл-оспақты,
мысқылды түсіне білу жетісе бермейді.
Абайдың; "адамның адамшылығы
істі бастағанынан білінеді, қалайша
бітіргендігінен емес..."; "адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса,
замандасының бәрі виноват", А.Байтұрсыновтың: "...адамның мінезі ойының
түрінен, көңілінің күйінен, істеген ісінен білінеді" —
деген сөздерін тіршілік
қағидасына айналдырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: