тәжірибесінде оқушылардың таланты мен қабілетінің дамуына, олардың ойлау
іс-әрекеттерімен дербес идеяларының орындалуына оқу үдерісін ұйымдастыру
барысында да, сабақтан тыс, жұмыстарда да мұғалім тарапынан ешбір тежелу
жасалынбайды. Ал мұндай жағдай балалардың
мектеп жасынан бастап-ақ
қабілеттерімен
бейімділіктерінің
дамуына
мүмкіндік
туғызады
да,
таланттардың шығуына жол ашады.
Шығармашылық - бұл белгілі қатынастар арқылы өзара байланысқан және
өзгеру жағдайында педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған қызметтің
жүйесі. Педагогикалық шеберліктің іске асуы байқалатын тәжірибені мақсатты
және белсенді түрде пайдалануға байланысты. Шеберліктің ең жоғарғы
деңгейіне жетудің жолы жан-жақтылықпен оның құрамына енетін
педагогикалық әрекеттердің бір-біріне ауысуы мен сипатталады. Басқа
мамандық иелеріне қарағанда мұғалімдердің өз білімдерін және жұмыс
әдістерін жаңартып отыруы – мамандық заңдылығы. Сондықтан мұғалім
педагогикалық әрекеттерді іске асыру әдістерін меңгеруі тиіс.
Шындығында, педагогикалық қызмет
өз табиғатынан шығармашылық
сипатқа ие. Көптеген типтік және жалпы педагогикалық міндеттерді шеше
отырып, мұғалім зерттеуші сияқты өз әрекетін ізденістердің жалпы ережелеріне
педагогикалық жағдайды талдау, нәтижелерді бастапқы мәліметтермен
салыстыра отырып жобалау, іздеп отырған нәтижеге жарамды қолда бар
нәрселерді анықтау, оқу-тәрбие үдерісін іске асыру,
алынған міндеттерге баға
беру, жаңа мәліметтерді тұжырымдау қызметін атқарады. Осыған орай әрбір
мұғалім педагогикалық қызметті шығармашылықпен жүргізу талап етіледі. Осы
жерде
В. А. Сухомлинскийдің мектеп жетекшілеріне айтқан сөзін келтірген
жөн: ”Егер, сіздер, педагогикалық еңбек мұғалімге қуаныш әкелсін десеңіздер,
күнделікті сабақ іш пыстыратыын бір сарынды міндетке айналмасын
десеңіздер, әрбір мұғалімді шығармашылық еңбектің бақытты соқпағына
түсіріңіздер” (В. А. Сухомлинский. Мектептің жас директорымен сырласу.
Алматы, ”мектеп” баспасы, 1987. 70-бет).
Педагогикалық шеберлік мазмұны және олардың көріністері
Педагогикада педагогикалық шеберлік ұғымына аса көп мән береді.
Десекте, әлі күнге оның мазмұны мен құрылымы жайлы ортақ пікір қалыптасты
деу қиын.
Педагогикалық шеберліктің негізгі ерекшеліктері
бағдарлық қабілеттілігі,
педагогтік әдептілік, айқын сөйлеу екпіні, педагогтік техника, педагогтік
тәуекелдік, бедел болып табылады.
Бағдардық қабілет адамды қалыптастыру қоғамдық қатынастар жүйесінде,
мақсатты тәрбие жолымен жүргізіледі. Мұны дөлелдейтін қағида оқыту мен
тәрбие берудің ғылыми теориясының бірден-бір негізгі болыл табылады.
Барлық түйін адамның көрегендік негізінде деп есептейтін биологизаторлық
қөзкарасқа
қарама-қарсы
педагогика
ғылыми
тұқым
куалаушылық
факторлардың белгісі бар, рөлі барлығын жоққа шығармайды,
жеке бастың
қабілеттері мен қасиеттерін адамның өмірі мен қызметі продесінде қалыптасып,
дамиды деп дәлелдейді.
Табиғат адамға ішкі мүмкіншіліктер негізін салып береді, олар белгілі бір
әлеуметтік жағдайларда болмаса, көзге көрінбей қалуы да мүмкін. Бұл
оптимистік педагогиканың концепциясы, тәрбие мен оқыту, ісінің барлық
теориясы осыған негізделеді. Олай болса қазіргі кезде иителлектуалдық
ерекшеленетін, дарындылық,
қабілеттілік бейімділік, байқататын оқушыларды
анықтау, оларға қамқорлық, бағыт бағдар беруде педагоггің бағдарлық
қабілеттілігі маңызды қасиет болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: