Лекция Тақырыбы: Психологияға кіріспе



бет11/27
Дата19.04.2023
өлшемі192.21 Kb.
#472448
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Лекция каз психология

Сезім негіздері. Сезімдер организмде жүріп жататын ерекше процестермен байланысқан. Бұл процестердің көзі негізінен сыртқы дүние өзгерістерінде, дегенмен, олар бүкіл дене әрекет –қимылына әсер етеді. Мысалы: көңіл-күй қандай да күйзеліске келсе, қан айналымы өзгереді, жүрек соғуы шапшандайды. Сеізмдердің пайда болуумен қадлыптасуында үлкен ми жарымшалар қамығы маңызды қызмет атқарады.

Ми қабығы эмоция желісімен көрінісін реттеп денендегі барлық құбылыстарды өз бақылауына алады. Қабық асты орталықтарымен тежеумен оларға басшылық етеді, егер ми қабығында шектен тыс қозу туса ( шаршағанда т.б.) қабықтан төмен жайғасқан ми бөліктері ырықсыз әрекетке келіп адам өзінің әдеттегі ұстамдылығынан айырылады.
Үлкен ми жарымшалары алынған жануар болмашы себептен күшті әрі тұрақты эмоционалдық күйзелісте болады. Ал кең жайылған тежелуге тап келсе мұндай жануар сылбыр халге түседі, оның әрекет қылығы әлсірейді жүрек қан тамыр жұмыстары мен тыныс алуы бәсендейлді. Сезімінің негізі болған физиологиялық процесс бастауын ми қабығында ала отырып төмендегі қабық асты орталықтарына тарайды. Эксперименттер кезінде мидың кейбір аймақтарын қоздырса жағымды эмоция тууып жануар сол әсердің қайталанғанын қалау сынайын танытады, бұл ми бөлігі рахаттан орталығы аттанған , ал екінші бір ми аймағына әсер түскенде жануар тынышсызданып қиналған күн көрсеткен, осыдан мұндай жүйке жүйесі қиналу орталығы аталған. Осы күнде мидың сол жарым шарында жағымды эмоциялар туындап, ал оң жарым шағында жайсыз сезімдер өріс алатыны дәлелденіп отыр.
Адамның эмоционалдық жүйесіне қуат беретін жүйке ретикулярлы формация деп аталды, әр түрлі сезім ағзаларынан жүйке ықпалдарын ала отырып ретикулярлы формация оларды үдеп бас миының үлкен жарым шарларына жеткізеді. Қуат жинақтағышы ретінде бұл жүйке ми белсендігін көтереді не төмендетеді. Сыртқы тітіркендіргіштерге жауап әрекеттерді босансытады не іркіп барады. Адамның сезімдік болмысында екінші сигналдық жүйенің маңызы үлкен. Толғаныс тек әсерлерлен туындап қоймайды ол үшін сөз ойдың ықпалы күшті. Осыдан адам кітап оқудан не ақпарат естуден белгілі эмоциялық күйге түседі. Жоғары адами сезімдердің интелектуалды, моральдық, эстетикалық, физиологиялық негізі осы екінші сигнал жүйсінде. Екінші сигналдық жүйенің бірінші сигналдық жүйемен біртұтастық байланысынан адам өз сезімдерімен олардың қоғамға сай тысқы көріністерін саналы реттеп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет