Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
Тұлға, индивид, даралық дегенді қалай түсінесіздер?
Жеке тұлғаның қалыптасуында сенім мен мұрат қандай маңыз алады?
Дүниетаным сапаларын атаңыз?
Қажеттілік дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
5. Қызығудың қандай түрлері бар?
6. Құндылықтар, қызығушылықтар тұлғаның негізі рухани нормасы ретінде
Жоспар:
Психологиядағы тұлға мәселесін әдіснамалық талдау
Тұлғаның психологиялық құрылымы
Психологияның әртүрлі бағыттарындағы тұлға концепциялары
Тұлғаны зерттеудегі мәдени-тарихи бағыттар
Ерте кезден бастап-ақ тұлға түсінігі қалыптаса бастаған. «Тұлға» түсінігі алғашында бетперде (маска) дегенді білдірген, ол бойынша оны көне театрдың актёрі киіп, рөл ойнаған. Кейінірек «тұлға» термині қоғамдық өмірдегі адамның шынайы рөлі деп түсіндірілді «Тұлға» түсінігі көпжақты.
Кон И.С. бойынша бір жағынан алғанда жеке тұлға - нақты бір индивидті, индивидуалды қасиеттері және оның қоғамдық рөлдерімен қоса сипатталатын әрекет субъектісі ретінде, екінші жағынан, тұлғаны еңбек ету, түсіну және қарым-қатынас жасау субъектісі болатын, басқа адамдармен тікелей және жанама араласу процесінде түзілетін, индивидтің интеграцияланған әлеуметтік мәнді сипаттар жиыны түрінде, әлеуметтік қасиеттер ретінде қарастырады.
Леонтьев А.Н. берген анықтама: «Тұлға - бұл адамның қоғамдағы өмірінен туындаған ерекше типтің психологиялық құрылымы. Әртүрлі әрекеттердің бағыныштылығы тұлғаның қалыптасуының негізін қалайды, ол өмірлік онтогенезде құрылады». Ол осының бәрі адамның индивидтік қасиеттерін құрайды деп есептеді.
Петровский А.В. тұлға түсінігіне келесі анықтама береді: «Тұлға ретінде психологияда индивидтің заттық әрекетінде және қарым-қатынасында қол жеткізетін және қоғамдық қарым-қатынастарда өзін ұстаудың деңгейі мен сапасын сипаттайтын жүйелік әлеуметтік қасиет түсіндіріледі».
Жеке тұлғаның ең басты белгісі:
оның әлеуметтік мәнінің болуы;
оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне,жалпы қоғамға қатысты) атқаруы.
Жеке тұлға, сондай ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез, қабілеттілік, мақсат-мүдделер).
Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады.
Олардың қатарында:
Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллекттің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуан баласынан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.
Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам - субъект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.
Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипаттап, оның жеке даралығын анықтайды.
Тірек түсініктер топтамасы:индивид, тұлға, субъект, даралық
Достарыңызбен бөлісу: |