Лекция. Тақырыбы: Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы. Жоспар



бет7/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.66 Mb.
#124046
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

1) барыс септігі: кешке, ертеңіне, әзірге, алғашқыда, күніге, жетісіне, қазірге. Мысалы, Кешке уәделі жерге бір сағат бұрын келдім (СЖүнісов).

2 жатыс септігі: капыда, баяғыда, ертеңінде, алғашқыда, ертеректе, қазірде, әлгінде, ақырында, бертінде, түбінде, әлгіде, жаңада, демде, күнде, түнде. Мысалы, Ертеңінде ол жұмысқа шықпады (газеттен). Әдепкіде ағамнан айбындым, айта алмай біраз жүрдім (Н.Серәлиев).

3) шығыс септігі: әуелден, ежелден, баяғыдан, бастан, көптен, ертеден, кішкентайынан, басынан, кенеттен. Мысалы, Ақан Райханды көптен көрген жоқ (З.Шашкин).

4) көмектес септік: күнімен, түнімен, ертемен. Мысалы, Күнімен жұмыста болдым (газеттен).



Мекен мәнді жұрнақтар

Мекен мәнді туынды түбір үстеулер төмендегі жұрнақтар арқылы жасалады:

-кары, -кері: ішкері, тыскары, сыртқары, шеткері: Мысалы, Қақпадан басып кірді ішкері қадам басып, Бір үйінен өтеді, бір үйге асып (Абай).

-рақ, -рек: жоғарырақ, төменірек, әрірек, берірек, кейінірек. Мысалы, Мұрат басқалардан артқарақ оқшау отыр (Б.Соқпақбаев). Әскерлердің бірі қалжыңдап тіл қатып еді, Айша бұрылып, әрірек кетті (Т.Ахтанов).

-ай: жолай. Мысалы, Мектепке бара жатып жолай дүкенге кірдім (Ә.Қалдыбаев).

-ын: жырын. Мысалы, Ел ішінен жырын кеткен шіріген жұмыртқа десті (А.Байтанаев).

Сонымен бірге көнерген жалғаулар да мекен мәнді үстеу жасайды:

1) барыс септік: алға, артқа, сыртқа, төменге т.б.

2) жатыс септік: ілгеріде, төменде, жоғарыда, алшақта, өріде, алда, артта, сыртта. Мысалы, Ауылдары алшақта отырған Сүлеймен старшина мен Бәкір молда да келіп, батаның басында болды (С.Сейфуллин).

3) шығыс септік: шетінен, алдынан, артынан, сыртынан. Мысалы, Менен әзір сырыңды жасыра тұр, түбінде ең пайдалы кісің мен болам (С.Мұқанов). Шетінен өнерпаз жастар (газеттен).

4) көмектес септік: бермен, әрмен. Мысалы, Әрмен жүр, қырсығың тиеді (С.Мұқанов).

Сын-бейне мәнді жұрнақтар

Сын-бейне мәнді туынды үстеу жасайтын тілде біраз жұрнақтар бар. Олар төмендегідей:

-ша, -ше: балаша, адамша, әлдекімше, қалпынша, қазақша, әлімше, бұрынғыша т.б. Мысалы, Жастарды жаңаша тәрбиелеу керек (Ә.Нәрібаев). Батиханы өлерше ұрып тастапты (Ә.Тарази).

-дай, -дей, -лай, -лей: осылай, былай, солай, анадай, тікелей, бүгіндегідей, бұрынғысындай, ойдағыдай, кәдімгідей, мынадағыдай. Мысалы, Жүрек оты. Жүрек қызметі осылай болады (Ү.Бағаев). Мүғалімдік қызметіңді ойдағыдай атқардың (С.Омарбв).

-тіндеп: біртіндеп. Мысалы, Адамдар біртіндеп жинала бастады (С.Мұқанов).

-лықты: оншалықты, соншалықты. Мысалы, Соншалықты ренжігенің дұрыс емес (С.Мұқанов).

-лып: біреулеп, бірлеп, екілеп. Мысалы, Бірлеп, екілеп келіп жатыр (М.Әуезов).

-латып, -летіп: түнделетіп, күндіздетіп, борандатып, жауындатып. Мысалы, -Борандатып, түнделетіп келемін - деді ол, қабағы түйіліп (С.Мәуленов).

-ата, -лата, -лете: біржолата, жаяулата, түнделете, үймелете. Мысалы, Жаяулата соққан жел бойын жазып ызыңдайды (С. Мыңжасарова).

-ыртын, -іртін: астыртын, үстіртін. Мысалы, Олардың кейбір қазақ байларымен астыртын жақындасып жүргендері байқалды (С.Сейфуллин).

Көнерген жалғаулар да сын-бейне үстеулерін жасайды:

1) барыс септік: зорға, босқа, бірге, текке, бекерге, жатқа, әзерге. Мысалы, Осында зорға келдім (газеттен).

2) жатыс септік: қапыда (қапыда қалдым).

3)шығыс септік: етпетінен, шалқасынан, бірден, келтесінен. Мысалы, Ғабдолла етпетінен жатып, калың кітапты қақ жарып ашып, әндете оқыды (М.Дүйсенов).

4) көмектес септік: жайымен, женімен, шынымен, ретімен, қалпымен. Мысалы, Екеуі терезені жайымен аша бастады (М.Дүйсенов).

Күшейту мәнді жұрнақтар

Күшейту мәнді жұрнақтар күшейту мәнді туынды үстеулер жасайды.

-ша, -ше: онша, сонша, осынша, мұнша. Мысалы, Сен неге осынша жыладың? (С.Мұқанов).

-ма: осыншама, соншама, мүншама, оншама. Мысалы, Соншама иіліп, не болды? (М.Дүйсенов).

-лық: соншалық, осыншалық, оншалық, мұншалық. Мысалы, Ағаш дегенің осыншалық таптырмайтын нәрсе деп Рақым бұған дейін ойлаған жоқ еді (Б.Тілегенов).

-ты жұрнағы -лық жұрнақты сөзге тіркесіп, мөлшер мәнін береді: оншалықты, мұншалықты, соншалықты, осыншалықты. Мысалы, Осыншалықты күлдірермісің! (С.Омаров).

-лап, -леп: ондап келіп жатыр.

Мақсат мәнді жұрнақтар

-леп: әдейілеп. Мысалы, Мүрат сізді әдейілеп іздеп келдім (М.Дүйсенов).

-акдна: қасакдна. Мысалы, Әзіл үшін касақана айтылған сөз ғой (С.Мұқанов).

-а: жорта. Мысалы, Досым, бұл істі мен жорта істеп едім (С.Омаров).



Біріктіру арқылы үстеудің жасалуы

Бұл тәсілмен жасалған үстеулер біраз топ құрайды. Олар темендегі үлгілер бойынша жасалады:

1) зат есім+зат есім: енжар, жайбарақат. Мысалы, Бізде шаруаға әлі де немкүрайды, енжар карау бар (З.Шашкин). Поселке сырт карағанда, тып-тыныш, жайбарақат жатқан тәрізді (І.Есенберлин).

2) зат есім+сын есім: басыбүтін, әжептәуір. Мысалы, Осыны саған басыбүтін бердім (С.Мүканов).

3) зат есім+сан есім: ауызекі. Мысалы, Олар қолжазба күнінде қолдан-қолға көшіп, жатталып, біреуден-біреуге ауызекі ауысып жүрді (М.Кэратаев).

4) зат есім+үстеу: таңертең. Мысалы, Таңертең Абайды ертіп кеткен Жиреншенің кдйда екенін Үлжан білмеп еді (М.Әуезов).



Кіріккен үстеулер

1) есімдік+зат есім: биыл, бүгін, былтыр. Мысалы, Бүгін жұмысқа шықпаушы ма еді? (З.Шашкин).

2) зат есім+зат есім: жаздыгүні, қыстыгүні, күздігүні. Мысалы, Жаздыгүні кұлпырар масатыдай.

3) сын есім+зат есім: қоңыртаяқ, алатөбе. Мысалы, Хакім етігін қоңыртаяқ киіп, есік алдына шықты (Х.Есенжанов). Таңертеңгі алатөбеден тұрып, кешегі орнына келіп отырды (газеттен).

4) сан есім+үстеу: екіншәрі. Мысалы, Екіншәрі маңыма жолама (ауызекі тілден).

5)үстеу+етістік: бүйтіп, сөйтіп, өйтіп. Мысалы, Сенімен бүйтіп ешкім сөйлескен емес (З.Шашкин).



Қосарлау арқылы үстеудің жасалуы

Үстеудің жасалымында бүл - өте өнімді тәсіл. Олар төмендегі үлгілер арқылы жасалады:

1) негізгі түбір үстеу+негізгі түбір үстеу: енді-енді, ерте-кеш, әрең-әрең, әрі-сәрі. Мысалы, Ол әрең-әрең сөйлеп отыр (З.Шашкин).

2) негізгі түбір үстеу+кіріккен үстеу: кеше-бүгін. Мысалы, Ол кеше-бүгін келер еді (газеттен).

3) кіріккен үстеу+негізгі түбір үстеу: бүгін-ертең. Мысалы, Ол бүгін-ертең келіп қалар (С.Мүканов).

4) туынды үстеу+туынды үстеу: кешелі-бүгінді, ілгері-кейінді-Мысалы, Кешелі-бүгінді келер деген хабар тосудамыз (С.Мұқанов).

5) негізгі түбір+туынды түбір: жол-жөнекей, көш-жөнекей. Мысалы, Болған жайды жол-жөнекей естіген Бәдігүл солай қарай тартты (Ш.Құмарова).

6) қайталау арқылы жасалу: леп-лезде, оп-оңай, іп-ілезде, әп-өзір, еп-ерте т.б. Мысалы, Роза тұрғанша, бәрі де әп-әзір боп қалды (Н.Ғабдуллин).



Тіркестіру арқылы үстеу жасау

Тіркестіру тәсілі үстеу жасауда өте өнімді қызмет атқарады, сондықтан тіркескен күрделі үстеулер бірсыпыра. Күні ертең ел-жұртым екеуімізді екі айырып жібереді (С.Торайғыров). Мұны күні бұрын болжау қиын (М.Тиесов). Бұл - бір қожаның ерте кезде салдырған мешіті (С.Бегалин).

Тіркескен күрделі үстеулер құрамына қарай түрліше:

1) екі мүшелі тіркесті күрделі үстеулер: күні ертең, күні кеше, күні бүгін, әр жақта, әр кезде, әр уақытта, бір заманда, көш ілгері, күні бойы, жазға салым, алдын ала, бер жақ, ақырғы рет, бұрнағы күн, алдыңғы жылы, бесін мезгілінде, әуел бастан, ерте кезде, сәлден соң т.б.

2) үш мүшелі тіркесті үстеулер: күндерде бір күн, ертеден қара кешке.

3) идиомаланған үстеулер: кас пен көздің арасында, бетегеден биік, жусаннан аласа (бола калды), акай жоқ, токай жоқ, апысы кіріп, күпісі шығып, елден ала бөтен, аяқ астынан, түн баласында, қаннен каперсіз, томаға түйық, қүлан таза т.б.

1. Үстеудің сөзжасамына жалпы сиптатама

2. Үстеудің синтетикалық сөзжасамы

3. Үстеудің семантикалық топтарын жасайтын жұрнақтар

4. Үстеудің аналитикалық сөзжасамы

5. Күрделі үстеулер

Әдебиеттер:


  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

  2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.

  3. Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы, 1982.

  4. Қазақ грамматикасы. -Астана, 2002.

  5. Қазақ тілінің грамматикасы.- Алматы, 1967.

  6. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1989.

14-15 лекция. Тақырыбы: Етістіктің сөзжасамы

Жоспар


  1. Етістіктің қалыптасқан күрделі сөзжасам жүйесі

  2. Етістіктің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы

  3. Есім негізді туынды түбір етістіктер

  4. Етістік негізді туынды түбір етістіктер

  5. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалатын күрделі етістіктер

Синтетикалық тәсіл етістік сөзжасамында белсенді қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы етістіктің жасалуы сөзжасамдық жұрнақтармен байланысты. Етістіктің сөзжасамдық жұрнақтарының негіз сөзге жалғанып, оның мағынасын өзгертуі не түрлендіруі синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы деп аталады. Мысалы, көгер, жасар, тыңда, қозға, сөйле, көрсет, жуын, оқыт, сөндір, жазғыз т.б.

Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір етістіктер деп аталады. Туынды түбір етістіктер үшін екі морфема міндетті түрде қызмет атқарады. Оның бірі — негіз сөз, екіншісі — жұрнақ. Негіз сөз толық мағыналы дербес сөзден болады. Тұлғасы жағынан негіз сөз негізгі түбір, туынды түбір де болады. Мысалы, толық, ағар, жина, көгерт, емдет т.б.

Тілде негіз сөздер жұрнақсыз да колданыла береді. Мысалы, Үлкенмен ақылдас. Ақылы бар бала деген сөйлемдердегі ақылдас туынды түбірінің негіз сөзі ақыл екінші сөйлемде дербес сөз қызметінде қолданылып тұр. Бұл - негіз сөз атаулыға тән құбылыс. Бірақ аздаған туынды түбір етістіктердің негіз сөздерінде қазір бұл қасиет жоқ. Мысалы, оян, оят, аңқай, аңқи, өңки, тыңқи, жымпи, семір, жұбан, жұбат, ұзай т.б. сияқты бір топ туынды түбір етістіктердің жұрнақтары анық көрініп тұрады да, негіз сөздері жұрнақсыз жоғарыдағыдай жеке қолданылмайды, бірақ олар туынды түбір етістік деп танылады. Ал олардың негіз сөзі бір кездері дербес сөз болғанымен, қазіргі тілде түбір сөз ретінде қолданылмайды. Мұндай түбірлерді орыс тіл біліміндегідей байлаулы түбір деуге болады. Байлаулы туынды түбір етістіктер жұрнақтары арқылы танылады, өйткені ондағы негіз сөздер қазіргі тілде қолданыста жоқ. Тарихи тұрғыда қазір туынды түбір етістік деп дәлелденіп жүрген біраз етістіктер бар, олар: кел, кет, тол, той т.б. Бұлар қазір негізгі түбір болып саналады. Осылардың аздаған мағыналық байланысы олардың тарихи тұрғыда түбірлес сөз аталуына негіз болған. Қазір бұл сөздердің құрамы қосымша мен түбірге бөлінбейді. Етістік сөзжасамында барлық сөз табы негіз болып, сөзжасамдық бірлік қызметін атқарады. Олардан зат есім сөздерді (балтала, нөсерле, мұзда, жемде), сын есімдерді (қарала, әдеміле, жақсыла), сан есімдерді (біреуле, екеуле), есімдікті (кайдала, өзімсін), үстеуді (ертелет, кештет), етістікті (түйре, бүрке, жүріңкіре), одағайды (ойбайла, ұһле) атауға болады. Тіліміздегі барлық негізгі сөз таптары етістік жасауға қатысады.

Аналитикалық тәсіл де етістік сөзжасамында белсенді қызмет атқарады. Мұнда да негіз сөздер қызметінде түрлі сөз таптарының сөздері колданыла береді: адам ет, ақылды бол, жақсы көр, дем ал, бас қатыр, келіп кет, алып бер, кіріп шық, жинап ал, керіп кел т.б.



Етістіктің сөзжасамдық жұрнақтары

Етістік сөзжасамдық жұрнақтарға бай, олар алуан түрлі. Етістік жұрнақтары түрлі сөз таптарының сөздерінен туынды түбір етістік жасайтын болғандықтан, олар есім сөздерден етістік жасайтын және етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар болып бөлінеді.

Есім сөз таптарының сөздерінен синтетикалық тәсіл арқылы сөзжасамдық жұрнақтар туынды түбір етістік жасайды: сына, ойна, қыбырла, жемде, ағар, көбей, қысқар, өзгер т.б.

Етістіктен етістік жасалуы да етістік сөзжасамынан кең орын алады: бүрке, келтір, алғыз, сайрат, жөндеткіз т.б.

Етістіктің жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді: 1) жалаң жұрнақтар бір морфемадан тұрады: ақта, есей, сыйла, өзгер, менсін, жолық, теңел, адамсы, құтай, ата, аунакқшы т.б.

Құранды жұрнақтар ең кемі екі морфомадан құралады: -лан(-ла+-н), -лат(-ла+-т),-лас(-ла+-с),-сара(-са+-ра),-ырай(-ыр+-ай):қарулан, әндет, көмектес, ойсыра, ажырай, бадырай и т.д.

Сонымен бірге етістіктің жекелеген туынды түбір етістік жасаған өнімсіз жұрнақтары да бар: -ши (шұқши), -и (селти), -ке (иіске), -іне (есіне), -ірке (есірке, мүсірке, тосырқа) т.б.

Етістіктің сөзжасамдық жұрнақтары лексикалық мағынаға әсеріне қарай сөз өзгертуші және сөз түрлендіруші жұрнақтар болып бөлінеді. Сөз өзгертуші жұрнақтарға негізінен есім сөздерден етістік

тудыратын жұрнақтар жатады. Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтарға етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар жатады. Лексикалық мағынаны өзгертетін жұрнақтар деп негіз сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп, одан қимыл мағынасын жасайтын жұрнақтар аталады.

Есімдерден етістік жасайтын жұрнақтар

Есім сөздерден етістік жасайтын жұрнақтардың мағынасы әр түрлі. Сондықтан олар түрлі мағыналы туынды түбір етістік жасайды. Осымен байланысты туынды түбір етістік жұрнақтары мағынасына қарай топтастырылып берілді.



Негіз сөздегі сындық белгіні қимылға айналдыратын жұрнақтар. Белгілі түске көшу қимылын жасайтын жұрнақтар

Түс мәнді сын есім сөздерге етістіктің сөзжасамдық жұрнақтары жалғанып, негіз сөздегі түске көшу әрекетін білдіретін туынды түбір етістік жасайды.

-ла, -ле: ақта, карала, көкте, қызылда, қызаранда, ағаранда т.б.

-ар, -ер: көгер, ағар, бозар, қуар т.б.

-ғай: сарғай

-ай, -ей: қарай

-ар: қызар

Негіз сөздегі сындық белгіге көшу қимылын жасайтын жұрнақтар

Түрлі сындық белгіні қимыл әрекетке айналдыратьш етістік жұрнақтары белсенді қызмет атқарады. Олар:

-ла, -ле: а) әдеміле, сұлула, жақсыла, жұкала, уақтьа ә) арықта, жеңілде, ауырла, ыстықта, еркеле

б) жылмаңда, бұлаңда, ирелеңде, сылаңда

в) шыңда, дәлде, жылдамда

-лан, -лен: қулан, зұлымдан, болжампаздан, жалқаулан, елгезектен, мазасыздан, қамсыздан, нәрсізден

-тас, -тес: өштес, қостас, достас

-ай, -ей: тарай, кеңей, молай, зорай, үлкей, ұзай, кішірей

-ар: үзар, қысқар, жаңар, ескір, өзгер, жасар, жақсар

-ал, ел: оңал, сүйыл, тарыл, тіріл, теңел

-ық: молық, зорық, өшік

-сы, -сі: босаңсы, пысықсы, батырсы, ширақсы, көлгірсі, қамқорсы, өгейсі, үлкенсі

-сын, -сін: батырсын, білгішсін, жатсын, кәрісін, пысықсын, адалсын, ақылдысын т.б.

-ғар, -гер: оңғар, теңгер

-ы, -і: жасы, байы, кеңі

Нақтылы заттық ұғымды қимылға айналдыратын жұрнақтар

1.Дене мүшелерінің қимылға түсуін яғни дене мүшелері арқьшы жасалатын қимылды білдіретін туынды түбір етістіктер жасайтын жұрнакгар мыналар:

-ла, -ле: баста, көзде, қолда, аяқта, өкшеле, өкпеле, мойында, төбеле, аркала, бакайла, уыста, тісте, тізеле, езуле, жанбаста, желкеле, шынтақта т.б.

-а, -е: тісе, тіле.

2. Туу, көбею қимылын жасайтын жұрнақ:

-ла, -ле: балала, қозда, бұзаула, төлде, лақта, туында, жұмыртқала, күшікте, гулде

3. Құрал арқылы жасалатын қимылды білдіретін жүрнақ: -ла, -ле: балтала, пышақта, арқанда, шідерле, тырмала, ашала, көсеуле, арала, құрықта, ауыздықта, жүгенде, сабаула, ожаула, шегеле, тізгінде, үтікте, көгенде, ноқтала, қазықта т.б.

4. Объектідегі заттық ұғымның қимыл-әрекетке көшуін, яғни одан етістік жасалуын білдіретін жұрнақтар:

-ла, -ле: күмісте, алтында, қаңылтырла, шыныла, асфальтта, бетонда, майла, тұзда, жүнде, қауызда, өрнекте, бұтақта, жемде, сүтте, пиязда, сула.

-а, -е: ата, аса, деме, ота, өрте, сына, міне,

-қар, -кер: басқар, ескер

-сер: тексер

-шы, -ші: аунақшы, дөңбекші, жаншы, қакшы, көпірші



5. Мөлшер, шама мөнді етістік жасайтын жұрнақ:

-ла, -ле: шелекте, бөшкеле, қасықта, қапта, тоннала, сүйемде, карыста, метрле, адымда, кезде, аршында, екеуле.



6. Негіз сөздің мағынасынан дыбысқа қатысты етістік жасайтын жұрнақтар:

-ла, -ле: тарсылда, сартылда, гұрсілде, шиқылда, бозда, зула, гуле, бажылда, қақылда, сұңқыдда, қарқылда, ойбайла, аһле, үһле.

-ыра, -іре: дүркіре, күркіре, сарқыра, шұрқыра, шырқыра, зіркіре, бұрқыра. Бұл дыбыс мәнді етістіктің еліктеуіш сөзден жасалуы

-а, -е: салдыра, күркіре

-қыр, -кір: ақыр, кақыр, жазғыр, ысқыр, пысқыр, түшкір, түкір, кекір. Бұлар жұрнақ кіріккен көне түбірлер.

7. Мекендік мәнді етістік жасайтын жұрнақтар:

-ла, -ле: өрле, түракта, жағала, мекенде, іргеле, ықта, арала. Үстеуден де осы мәнді етістік жасайды: жоғарыла, төменде -лас, -лес: орналас, жайлас, көршілес -а, -е: орна -ық: орнық



8. Заттық ұғымнан жетімсіз кимылды, зәрушілікті білдіретін қимылды жасайтын жұрнақтар:

-сыра, -сіре: кансыра, жетімсіре, ойсыра, күлімсіре, жыламсыра, қымызсыра

-ырқан, -іркен: азырқан, ашырқан, тұшырқан, шіміркен -ырқа, -ірке: есірке, мүсірке, тосырқа

9. Сын-бейне мәнді жасайтын жұрнақтар

-ти, -ди: қазди, дүрди, сұсти, ташти, төсти -ырай, -ірей: бақырай, шақырай, ажырай, бадырай, тікірей, тасырай



10. Субъектінің әдеттенген қимылын, өзіне тікелей кдтысты қимылды білдіретін етістік жасайтын жұрнақ:

-ық, -ік: құнық, дәнік, бірік, жолық, зарық, тотық, қамық

-ына, -іне: есіне, қатына, пысына

-ке, -қа: иіске

-ан, -ен: жирен, оян, басын, жұбан, үйрен

Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар

Етістіктен етістік жасайтын жүрнақтарға негізінен лексикалық мағынаны түрлендіруші жұрнақтар жатады.



Етістіктің лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақар

Етістіктің лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақтары деп етістік негіздің лексикалык мағынасын сақтай отырып, оған түрлі үстеме мағына қосатын жұрнақтары аталады.



Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар

Етістіктен етістіктің жасалуы екіге бөлінеді:

1) етістіктегі лексикалық мағынаны түрлендіру

2) етістіктегі лексикалық мағынаға объектілік, субъектілік мағыналар қосып түрлендіретін жұрнақтар.



Етістіктегі лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар

1. Түбір етістіктегі лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар көп емес, олардың көбі өнімсіз жұрнақтар, тіпті бір туынды түбірлерде кездесетіндері де бар.

-ғы, -гі: сырғы, ызғы, кергі, кілкі, түрткі. Мысалы, Ызғып отырып, тез жеттік (С.Жүнісов).

-ла, -ле: үрле, бүкте, тістеле, сүйреле, қарайла, жетеле. Мысалы, Саған қарайлап қалдым (С.Мұқанов).

-қыла, -кіле: шапқыла, кескіле, ұрғыла, қойғыла, соққыла, түрткіле, жұлқыла, тепкіле

-ыңқыра, -іңкіре: алыңқыра, бұрыңқыра, бұзыңқыра, беріңкіре, жүріңкіре, түсіндіріңкіре

-шы, -ші: тыншы, шапшы, тапшы, көнші

-дік, -лік: көндік, илік, килік

-ірей: тесірей, тікірей

-ыр, -ір: қаңғыр, бітір, кетір, ұшыр, батыр

-жыра, -жіре: тұнжыра, болжыра

-ға, -ке: қорға, қозға, бүрке

-ғыт: құйғыт, орағыт. Мысалы, Орағытып, сөзден ұстатпайды (С. Жүнісов).

-жы: уылжы, тамылжы

-ік: көнік, кезік

Бір туынды түбір сөз ғана жасайтын жүрнақтар бар, олар:

-ей: кішірей. Мысалы, Құнанбайдың алдында кішірейіп болдық (М.Әуезов).

-бі: ілбі. Мысалы, Ілбіп жүрістері өнбеді (С.Мұқанов).

-ді: өнді. Мысалы, Жаяудың жүрісінен жер өндімейді (І.Жансүгіров).

-іл: иіл. Мысалы, Жауға иілген басым қор болды (С.Жүнісов).

-іс: көніс. Мысалы, Көніспеске шара жоқ (С.Мұқанов).

-гес: мінгес. Мысалы, Асқармен атқа мінгесіп отыруға тура келді (С.Мұқанов).

-сет: көрсет. Мысалы, Көрсет ерлігінді (С.Жүнісов)

Қимылға субъектілік, объектілік мән қосатын жұрнақтар

Субъектілік, объектілік мәнді жұрнактарды етіс жұрнақтары деп санайтыны белгілі. Бұл жұрнақтар түбір етістіктерге жалғанып, оларға қимылдың иесі, қимылға түсетін объекті туралы мән қосып, түбір етістіктегі лексикалық мағынаның үстіне әр түрлі мағына қосады. Сондықтан олар етістіктің лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақтар болып саналады. Олардың әрқайсысы туынды түбір етістік жасайтын болғандықтан, туынды түбірлердің де негіз сөз қызметін атқаратын заңдылығы бойынша сөздің қүрамында ол жұрнақтар бірнешеу бола береді. Мысалы, жаздырылмады, жуындыр, алғыздырт, сыйлаттыр т.б.

-ын, -ін, -н: жуын, киін, жасан, тілен, сұран т.б. Бұл жұрнақ етістіктің лексикалық мағынасының үстіне қимылдың иесі де, қимылға түсетін зат та бір зат деген мағынаны қосады. Мысалы, Жуынып, таранды, жан-жағына қаранды (С.Мұқанов). Мұнда жуыну, тарану, қарану қимылын жасаған да, сол қимыл жасалған адам да-бір адам. Сондықтан олар өздік етіс аталады.

Осы жұрнактардың екінші мағынасы бар. Онда бұл жұрнақ қимылдың иесін көрсетпей, қимыл өзінен-өзі жасалғандай мәнді білдіреді де, ырықсыз етіс жасайды. Мысалы, Арам шөптер жұлынды, өнімдер қапқа салынды (ауызекі тілден) дегенде жұлыну, салыну қимылын кім жасағаны сөйлемде айтылмай, олар белгісіз қалған.

-ыл, -іл, -л жұрнағы түбір етістіктерге жалғанып, оған қимыл иесінің белгісіздігін білдіретін мән косады. Мысалы, егін орылды,

шөп шабылды, ән айтылды, хат жазылды, сұрақ қойылды, жауап берілді дегендерде етістіктегі қимылды кім жасағаны белгісіз, ол аталмаған. Сондықтан мұндай туынды етістіктер ырықсыз етіс аталады.

Бұл жұрнақтың басқа мағынасы да бар. Мысалы, Ол биыл елге оралды. Аттылар бізге карай бұрылды. Ол сырқатынан жазылды сияқты қолданыста орал, бұрыл, жазыл етістіктеріндегі қимылдың субъектісі айтылған және ол субъекті әрі объекті екені білдірілген. Мұнда —ыл жүрнағы өздік етіс жасап тұр. Бүл — осы жүрнақтың екінші мағынасы.

-дыр, -дір жұрнағы түбір етістікке жалғанып, қимылдың тындаушы мен сөйлеуші ден басқа бөгде, 3-адамға жасататынын білдіреді. Мысалы, Оған хат жаздыр, кітапты алдыр, оны келтір т.б.

Осы мағынаны -қыз, -кіз, жұрнақтарыда білдіреді. Мысалы, өлең айтқыз, уәде бергіз, сурет салғыз, оны сөйлет, қызды билет, үйді жинат, жұртты тарат т.б.

Бұл жұрнақтардың бәрі белсенді қолданылатын өнімді жұрнақтар.

-ыс, -іс, -с жұрнағы түбір етістікке жалғанып, оған қимылдың бірнеше субъектіге ортақтығын білдіретін мағына қосады. Мысалы, Олар асықпай, ұзақ сөйлесті (С.Мұқанов). Ақындар айтыс өнерін білгірлікпен шебер жалғастырды (газеттен).

Етістік сөзжасамында аналитикалық тәсіл өте белсенді қызмет атқарады. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі етістіктерге тіліміз өте бай. Көне замандардан бері қолданылып, тілді күрделі етістіктермен байытқан бұл тәсіл арқылы жасалған күрделі етістіктердің өзіндік ерекшеліктері мол. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы деп екі етістіктің бір-бірімен тіркесіп, бір күрделі қимыл ұғымын білдіріп, бір күрделі етістік жасауы аталады. Алдымен күрделі етістіктер күрделі қимыл ұғымын білдіреді. Күрделі қимыл ұғымы деп екі түрлі қимылдың біртұтас қимыл-әрекет мәніне ие болған түрін айтамыз. Мысалға, үйге кіріп шық, бізге келіп кет, оған барып қайт, мұны беріп кел сиякты күрделі етістіктердің бәрі алғаш екі қимылды білдіретін толық мағыналы дербес сөздер болған. Қолданыла келе олар дербестігін жойып, біртұтас мағынаға көшкен яғни бір кимыл мәніне көшкен. Бірақ ол біртұтас қимылда алғашқы сыңарлардың мағынасының ізі сақталған, олар казір бір қимылдың тұтас жасалатын екі кесіндісі сияқты мәнді сақтаған. Сондықган ол бір ғана кимыл, дара қимыл мәнінен күрделі ұғым болып калыптасқан. Күрделі етістіктердің басым көпшілігі күрделі қимыл ұғымын білдіреді, бәрі де осындай деуге болмайды. Бүл ретте құранды етістіктер ерекшеленеді.

Күрделі етістіктер барлық күрделі сөздер сияқты сөйлемнің бір мүшесі болады да, біртұтас ырғақпен, бір екпінмен айтылады. Оның сыңарларының арасына басқа сөз түсе алмайды. Күрделі етістіктер бір сөз болғандықтан, сөйлемдегі сөз тұлғасын түрлендіруші қосымшалар етістіктің соңғы сыңарына ғана жалғанады. Мысалы, келіп кетті, кіріп шыққан, беріп кайтыпты т.б.

Күрделі етістіктің сыңарлары толық сөздерден ғана болады, өйткені олардан күрделі етістікгегі күрделі кимыл ұғымы жасалады. Бұл заңдылықты құранды етістіктер ғана бағынбайды. Мысалы, қызмет ет, құрмет ет, адам бол т.б. Бұлар көмекші етістіктер арқылы жасалады. Баска жағдайдың бәрінде күрделі етістіктің құрамы толық мағыналы етістіктерден құралады.

Күрделі етістікгердің бірнеше түрі бар. Олар:

1) кіріккен күрделі етістіктер;

2) тіркескен күрделі етістіктер;

3) кұранды етістіктер;

4) қосарланған етістіктер;

5) тұрақты тіркес етістіктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет