Лекция Тарихи өлкетанудың негіздері



бет1/2
Дата17.12.2022
өлшемі32.28 Kb.
#467416
түріЛекция
  1   2
олкетану 1-3


1 , 2 лекция

Тарихи өлкетанудың негіздері
Жоспар:
1. Өлкетану ғылымдар жиынтығының кешені. Тарихи өлкетанудың ұйымдастыру формасы.
2. Өлкетану бойынша деректер (Геродот, Страбон, Ибн-Хордадбек, Максиди, Ибн Хаукаль, Ибн-Фадлан, Ал-Бируни, Джувайни, Елюй Чу-Цай, Чань-Чунь және т.б.)
3. Қазақстанды зерттеудегі Европа саяхатшылары мен елшілері. Иоанн де Плано Карпини, Вильгельм де Рубрук.Өлкетану дегеніміз – бір территорияны ғылыми негізде жан-жақты зерттеу.

Өлкетанудың зерттеу объектілері болып табылатындар: табиғат, тұрғындар және өлке экономикасы, өлке тарихы, өлке өнері, табиғат, климат, тарихы, тұрғындары, мәдениет және тұрмысы жатады. Өлкетану– көпқырлы, комплексті құбылыс. Өлкетану өз мазмұны бойынша тарихи, әдеби, этнографиялық, биологиялық, географиялық, экономикалық болып бөлінеді


«Өлкетану» түсінігі пайда болғаннан бері (1761 ж. М.Ломоносов жергілікті тұрғындар және балалардың көмегімен өлкені зерттеуге әрекет жасады) әртүрлі мазмұнда болды.
ХХ ғ. 20-шы жылдары әкімшілік-саяси немесе шаруашылық белгісімен ерекшелетін шағын территорияны синтетикалық зерттеу әдісі ретінде қарады.
1930-жылдары өлкетануды жергілікті халықты біріктірген, өлкені жан-жақты зерттеуге қызыққан қоғамдық қозғалыс ретінде анықтады. Оны тіпті ерекше ғылым деп атаушылар да болды.
Қазіргі уақытта өлкетану түсінігі ол жергілікті тұрғындардың өз туған өлкесі деп есептейтін ел бөлігін, қала немесе басқа да елді мекенді жан-жақты зерттеу.
Өлкені зерттеудің көздері: 1. өлкенің топонимикасы (географиялық атауларды зерттеуге арналған ғылым, өлкенің картасы), 2. мұрағат құжаттары, 3. баспа шығармалары, өнімдер 4. заттар 5. жергілікті өсімдіктердің үлгілері (флора), жануардың түрлері (фауна), 6.статистикалық деректер 7.өлкетану библиографиясы 8. тарих және мәдениет ескерткіштері 9. табиғат процестері мен объектілерін бақылау 9. пайдалы қазбалар.10. Мектеп өлкетану музейі.
Оқу пән ретінде өлкетанудың негізгі функциялары: танымдылық (өз білімін жетілдіру), ғылыми (зерттеулік), білім беру, мәдени-ағартушылық (тәрбиелік).

Қазіргі кезде практикалық міндеттер қажеттілігіне орай өлкетану оны ұйымдастыру формасы бойынша ерекшеленеді:



Мемлекеттік өлкетануда өлкені зерттеу өлкетану музейлерінің, әкімшіліктердің, мәдениет басқармасы мен бөлімдерінде, ғылыми-зерттеу мекемелері, жоғары оқу орындары, облыстық кітапханалар, оқушылар мұғалімдер басшылығымен іске асырады т.б. жүргізеді.
Қоғамдық өлкетануда өлкені зерттеу қоғамдық өлкетанушылар, туристер, қоғамдық ұйымдар (өлкетану бөлімі, географиялық қоғам, тарих және мәдениетті қорғау қоғамы, табиғатты қорғау қоғамы) т.б. іске асырады.
Өлкетану жұмыстарының формалары және әдістері: өлкетану оқулыры, үйірмелер, конференциялар, жас туристер станциясы, жас табиғатшылар, жас техникте, тақырыптық экскурсиялар, жылжымалы көрмелер, өлкетанушылар қоғамы т.б. Тарихи өлкетану курсының арналуы және оның мазмұны: студенттер жер-жерлерден тарих және мәдениет ескерткіштерін табуды үйреніп, оларды қорғауды ұйымдастырып, стилін, жасалған уақыты мен көркемдік ерекшеліктерін білу, тұрғын жай немесе басқа да құрылыстардың шығармашылық бастаманы тану, күнделікті ескі-құсқы заттар арасынан өнер шығармалары заттарын таба білу.
Тарихи өлкетану жалпы өлкетанудың құрамдас бөлігі ретінде өзін қолданбалы тарих саласында көрсетеді және екі маңызды белгілермен ерекшеленеді: тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі материалдандырылған тарихи оқиғаларды шағын зерттеуі және қызметтік сипаты. Басқаша айтқанда бұл тек ғылыми-тарихи таным саласы ғана емес (ескерткіштерде көрсетілген өлке тарихын зерттейді және тарихи ғылымды зерттеудің әдістері мен принциптері заңдылықтарына сүйенеді) тұрғындардың кең арасына өлке тарихы мен оның ескерткіштері туралы білімді таратуға бағытталған, оны оңайлау, қызықтыру арқылы тарихшы-өлкетанушылардың белсенді практикалық қызмет саласына да байланысты.
Тарихи өлкетану адам қызметінің әртүрлі түрлерінің жүйесі ретінде, жеке бастың жан-жақты дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.
Тарихи өлкетану негізгі деректерін үш категорияға бөлінеді: материалдық (археологиялық, архитектуралық, өнер шығармалары ж.т.б.), жазбаша және ауызша. Өлкетану деректері: баспа, статистикалық, картографиялық, мұрағат, ауызша, өлкетану библиографиясы, тарих және мәдениет ескерткіштері, өлкетану білімінің деректемелері ретінде табиғат процестері мен обьектілерін бақылау болып табылады.
КАРПИНИ Иоанн де-Плано, Джованни Пиано де-Карпини; Жан дю План Карпэн (шамамен 1182 немесе 1200 – 1248, кейбір деректерде 1252) – италиялық саяхатшы. Перуджиядан шыққан. 1222 ж. миссионерлік тапсырмалармен Туниске, 1225 ж. Испа-нияға жіберілді. Шыңғыс хан әскерінің Еуропаға жорық жасау қаупі туралы қауесеттер туған тұста, 1245 ж. Рим папасы Иннокентий ҚV (Лион соборының шешімімен) францисколық К. мен доминикандық Асцелин бастаған миссияны нақты мағлұматтар жинау мақсатымен Шыңғыс хан империясына жібереді. Екі миссия да діни мақсатта айтарлықтай табысқа қол жеткізбегенімен, К. Орт. Азия халықтарының тарихы, тұрмыс-салты, әскери күші, т.б. жөнінде маңызды мағлұматтар жинады. К. Рим папасы тапсырмасымен Богемия, Силезия арқылы Днепрге, одан Дон арқылы Жайық пен Еділ өзендері сағасы бойымен хан ордасына келіп жетті. Онда ол Күйік ханның таққа отыру салтанатына қатысты. К-дің сапар кезіндегі еңбегі жоғары бағаланып, Иннокентий ҚV оны франциско орденінің генералы етіп, архиепископ дәрежесін берді. К-дің өзінің сапары жөнінде жазған латынша “Либеллус хисторикус” аталатын шығармасының бірнеше нұсқасы бар. Бізге жеткен 5 қолжазба көшірмесінің ішіндегі Лейден қолжазбасын 1839 ж. француз зерттеушісі Д’Авезак дайындаған (D’Aqezac. Relatіon des Monqols ou Tartares par le frere jean du Plan de Carpіn, Parіs, 1839). К. еңбегі ағылшын тіліне де аударылған. Шығарманың Бержерон жариялаған француз тіліндегі мәтінінің орысша аудармасы 18 ғ-дың соңында жарық көрді (1795, 1800). Еңбектің орыс тіліндегі ғыл. басылымы Д.И. Языковтың “Собрания путешествия к татарам” аталатын кітабының 1-томында берілген. Әсіресе, А.И. Малеиннің латын тілінен аудармасы (“Иоанн де Плано Карпини. История монголов. Вильгельм де Рубрук. Путешествие в восточные страны в лето благости 1253, введение, перевод и прим. А.И. Малеина, СПб., 1911) жоғары бағаланады. К. еңбегінде Ресейдің оңт., Хорезм, Жетісу мен Тарбағатай арқылы Моңғолияға жасаған саяхатына қысқаша сипаттама беріп, Сырдария жазығындағы Отырар, Иасы, Сығанақ, Сауран, Баркент, Янгикент, Жент, Ашнас, т.б. қалалар туралы, жалпы Қазақстанға қатысты құнды деректер келтіреді. Неміс тіліндегі К. еңбегі 1930 ж. Лейпцигте жарық көрді.

3 лекция




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет