Жоспары:
1. Қазақстанда өлкетанудың қалыптасу кезеңдері. ХІХ ғ. зерттеушілердің өлкетануға қосқан үлесі.
2. Өлкетанудың дерек көздерінің бастауы.
3. Жергілікті тарихты зерттеуге орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының үлесі.
Орталық Қазақстанның өте құнды археологиялық ескерткіштеріне ертеден-ақ саяхатшыларының назарын аударған болатын. Олар туралы өз еңбектерінде шығыс тарихшылары (араб, иран) Х-ХҮІ ғасырларды жазып кетті. Олар Ибн Фадлан, Әл-Бируни, Мұхаммед Хайдар және т.б. болды.
Орталық Қазақстанның бай археологиялық ескерткіштері туралы Тобольскіден Түркістанға дейін Солтүстік және Орталық Қазақстан далалары арқылы барған Петр біріншінің Тәукеге жіберген елшілері Ф.Скибин мен М.Гринин айтады. Осы даланың оба қазыналары туралы алғаш рет қоғам қайраткері Крижинович хабарлайды.
Осы өңірдің ескерткіштеріне Г.Миллер де баса назар аударды. Оны әсіресе сол кезде толық сақталып тұрған ертедегі балқыту пештері, тас құрылыстар қызықтырды.
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл жерлерге көптеген зернттеушілер келеді. Осы аймақта екінші академиялық экспедицияның мүшелері, оның ішінде И.П.Фальк, Х.Барденес, И.Г.Георги, П.С.Паллас, П.И.Рычков және басқалар болды. Қазақстанды археологиялық зерттеулер жұмысын 1768-1774 жылдар екінші академиялық экспедициясын жалғасытырды.
Қазақстанның географиясын зерттеуде Н.П.Рычклвтың үлесі зор. Орталық 2Қазақстанның археологиялсы туралы деректерге байланысты оның «Топография Оренбургская» атты еңбегінде аталып өтеді. 1771 жылы Торғай және Есіл өзендері бойында жасаған саяхат күнделігінде, Ұлытау және Атбасар аудандарының ескерткіштеріне сипаттама береді. Қараторғай өзені бойындағы үлкен қорғандар оны таң қалдырады. Ол былай деп жазады: «Ежелгі қарапайым халықтың молалары жай жермен көміліп, 15 құлашқа дейінгі биіктікке көтерілген, ал ол үлкен моланы 135 кіші қорған қоршап жатыр».
Орталық Қазақстанға алғашқылардың бірі болып, 1815 жылы тау-кен инженері Б.Герман келді. Оның экспедициясы Үй қорғанынан Арғанатты тауына дейінгі, Қараторғай өзенінің жоғарғы ағасымен жүріп өтті. Қараторғай өзені, Арғанаты тауының, солтүстік Ұлытау етектеріндегі тарихи ескерткіштерге арнайы мақала жазған А.Генс басқарған экспедиция болды. Ол «остатки зданий и целых поселениях, о развалинах замков, крепостей служивших убежищем для владельцев», - деп жазып, ортағасырлық қалалардың бір бейнесін көз алдымызға әкеледі.
Ал осы ғасырдың екінші жартысында археологиялық нақты мәліметтерді Н.М.Ядринцев, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Н.М.Коншин сияқты зертеушілер жүргізді. В.В.Радлов Орталық Қазақстандағы археологиялық зерттеуде арнайы ғылыми тәсіл қолданды және сараптау бойынша кезеңдерге бөлуде нақты жұмыс жасады. Орта ғасырлық ескерткіштер тас үйінділер және орта ғасырлық құрылымдар жайлы мәліметтерді В.Никитиннің еңбектерінен кездестіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |