Лекция тезистері бакалавриаттың 5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы үшін Шымкент 2022 ф 08-19



бет25/28
Дата04.10.2022
өлшемі0.76 Mb.
#461895
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Лекция тезистері.Пед.маман.кір.

4. Педагогикалық техникадағы мұгалімнің өз дене қимыл қозғалысын дұрыс басқарудың ролі
Педагогтың оқу-тәрбие процессі үстінде, аудиторияда, класс оқушылары алдында өз дене бітімін, қозғалыс-қимылын дұрыс бағыттап ұстап білу педагогикалық шеберлік тәсілді жүзеге асыруға байланысты. Дене бітімін бір қалыпты сымбатты, тұрақты ұстаған мұғалімнің өз ісіне сенімді, ойлы тиянақты айтатын сөзін абыржымай тиянақты мазмүнды бере алатындығын сипаттайды. Өз күшіне, өз біліміне, өз іс-әрекеттеріне сенімділігін білдіреді.
Сондықтан да мүғалім сабақ үстінде дене бітімін тік дұрыс, сымбатты үстау керек. Әрі-бері орынсыз қозғалып жүре бергеннен сақтану керек және бір жерде ұзақ тұрып қалуға да болмайды. Сабақ үстінде қақырыну, түкіріну, сіңбіру, өте мәдениетсіздікті байқатады, олар мұғалім үшін өте жат. Отырғанда да екі аяқ арасының аса алшақ болуы дұрыс емес. Мұғалімнің қимылы психологиялық мәнерде болу керек. Қолайлы көңілді кездерде қолынды кеудеңе келтіріп қошемет көрсету, класқа кіруде, шығуда қолданылуы көңілге жайлы тиеді. Дене қимыл-келбетін ұстай білуге жаттығу үшін физкультура спортпен шұғылданған жөн. Сол сияқты езін-өзі қабырғада тұрып жаттықтыру және өзіне-өзі оқушы көзімен қарау керек. Мысалы, сөйлер алдында бір қадам ілгері басу оқушылардың зейінін өзіне тартатын болса, бір қадам кейін шегіну азғана тыныстауды демалыс қалпын ұйғарады.
5. Келбет - пішін
Келбет - бет пішінді байқатады. Мұғалімнің келбеті - көзқарасы, қас-қабақ қағысы, көзқарасы адамның ішкі сезім, ой дүниесінен көп хабарлар етеді. Келбет өзіңнің ойыңды, сезімінді көңіл күйінді білдіретін өнер.
Оқушы сенің бет-пішініңнен, қөзқарасыңнан сенің айтайын деген ойынды, мақұлдауынды, не мақұлдамауынды, қолдамауыңды, не қолдауынды танып біледі. "Көз көңілдің ажары" деген мақал осы сияқты жайыттарды аңғартады. Күлімдеп сөйлеу, көздің кішіреюі дене қимылымен жымдасып, қуанышты жағдайды, қошеметтеуді білдірсе, көзді бадырайта қарау, қабақты керу, бет бүлшық етін бедрейту қоштамауды, мақүлдамауды, істің дұрыстығына шүбә келтіруді көрсетеді.
Мүғалім класта сабақ үстінде оқушыларды тегістей көзбен шолып қарауға, барлығын көз алдына ұстауға дағдылану керек. Көзбен класс оқушыларымен байланыс жасап отыру керек. Көзбен оқушыны бейсауат іспен шұғылдануға мүмкіндік бермейтіндей етіп өзіңе көзбен тартып отыру керек.


Мұғалімдердің өз сезімін реттеу техникасы (жаттығуы)

  1. Қолдың бұлшық еттерін қатайту және босату: тік тұру, қолынды алға қарай көтеріп, саусақтарықды жұму, иықтан жоғары бұлшық еттерді жиыру, одан төмен босату, маятник бейнелі қозғалыс жасау.

  2. Босаңсуға бағытталған жағдай: Қолыңа қара менің сау-сақтарым босады, менің бұлшық етім босады.

  3. Келбет бұлшық етінің кідірісіне бақылау жасау (мүндай жаттығулар келбетке бейқамдық және ішкі сезімге рухани тиыштық бейнесін береді) менің зейінім бетімде сақгалады. Менің бет-пішінім бейқам. Мандай бұлшық етім босады. Ернім, тісім бос, бетім күлкіде. Күлкімнен бүкіл бет-пішіндегі тырысқандық кеткенін сезінеміз.

4. Қозғалыс темпін сақтау, сөзді реттеу, өзіне-өзі бақылау жасау.
а) Қолыңды, саусақтарыңды бірте-бірте жай қозгалысқа келтір. өзінді бір заттан екінші затқа аудар, жазудан сөйлеуге, не сөйлеуден жазуға көшу.
б) Дене-қимылықды 2-3 минут сайын өзгерт, тақтаға жаз. Кітаптан үзінді оқу т.б.


Бүлшық ет күшін босату, қалыпты дәстүрлі бейнеде өзін сезіну
жаттығу:
Кішкене ілгерлей, еңкейіңкіреп столға отыру. Басыңды кеудеңе қарай еңкейту, беліңді біркелкі ұстау, иығын босаңсып еркін тұру. Осыдан кейін бұлшық ет босайды, денең шаршап келген жолшының бейнесін көрсетеді.
жаттығу:
Мақсат - толық қимыл тыныштығын сақтау, денедегі сал-мақты босату. Формула: "Мен босаңсыдым, қимыл тыныш-тығындамын өзіме-өзім бұйырамын". "Толық дене тыныш-тығын сақтаймын, иығым бос, қол мүскіл еттерім босатылады, аяғым мүскілдері босады. Денем толық тыныштықта".
жаттығу:
Мақсат - толық тыныштықта болу. Абыржуды, нервтік тынышсыздықты тоқтату. Негізгі формула: "Толық психикалық тыныштықты сақтау, барлық ойды кетіру, тек дем алу, тыныштық сақтау деген команда беру. (өзіңе-өзің бұйыру)". Психикалық өз сезім тыныштығын орнату.
Педагогтың сыртқы мәдени бейнесіне қойылатын талаптар
1. Сыртқы сымбат - кескіні:
а) Бойын тік ұстау
б) Стол маңына отырғанда еркін отыра білу, қолды стол үстіне қоя білу.
в) Қисаймай түзу жинакды отыру.
2. Киім киісі:
а) Таза, ықшам.
б) Қарапайым, қонымды.
в) Киім түсі жас көлеміне, қызмет бабына лайықты.
г) Шаш қою - жұртшылықтың талғам сезіміне лайықты модада.
3. Бет-келбет пішіні:
а) Бет-пішіні сабырлы кейіпті білдіру, боямаған.
б) Шаш өрімі жұртшылыққа ұнамды өрілген.
в) Кісіге мейірімді, көңілді пейілмен қарайды, жайдарлы.
г) Өзіне сенімді қошаметшіл.
д) Қарым-қатынаста кішіпейіл, пейілді.
4. Қол-аяқ, дене қимылы:
а) Дене қимылы табиғи ұнамды қозғалыста.
б) Жүрісі жеңіл, ықшамды.
в) Ерекше абыржу байқалмайды.
г) Сабырлы, байыптылықпен қозғалып жүріп-тұра алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет