Лекция тезистері бакалавриаттың 5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы үшін Шымкент 2022 ф 08-19


Педагогикалық қарым-қатынас мынадай функциялар атқарады



бет21/28
Дата04.10.2022
өлшемі0.76 Mb.
#461895
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Лекция тезистері.Пед.маман.кір.

Педагогикалық қарым-қатынас мынадай функциялар атқарады: Хабар - алмасу функциясы, жеке адамды танып білу функциясы, өзін-өзі танып білу - өзін-өзі реттеу функциясы.
Хабар алмасу функциясы - оқу тәрбие жұмысындағы жағымды мотивтерді тудырады. Рухани материал алмасуды жасайды. Бірлесіп ойлау - ізденуге мүмкіндік жасайды.


Педагогикалық қарым-қатынастың бірінші кезеңі, қарым-қатынасты модельдеу деп аталады, әрі ол алдағы сабақтың мазмұнымен және методикалық компоненттерімен тығыз байланысты болады. Бағдарламамен танысу, материялды сұрыптау,оқытумен тәрбиелеу тәсілдерін белгілеу,қарым-қатынасты болжалдау.
Педагогикалық қарым-қатынастың екінші кезеңі,класпен бастапқы байланыс жасау кезеңіндегі тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыруды бөлек қарастыру қажет. Мұның мәні мынада: сабақта оқушылардың танымдық әрекетін меңгеру және тәрбиелеуді меңгеру ең алдымен қарым-қатынасты меңгеру арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең-қарым қатынасты меңгеру. Мұнда педагог шартты түрде педагогикалық байланысы бар толып жатқан коммуникативтік міндеттерді шешеді, мәселен қарым-қатынас арқылы зейінділікті меңгереді. Кейбіреулер алаңдайды. Оларды оқу процесіне қалай қайтару керек? Мұқият көз салу,бет әлпетімен жаратпаған сыңай білдіру,класта ерсілі қарсылы жүру,тақтаға бормен тақылдату, мәнерлі тыныштық орнату,т.б.
Педагогикалық қарым-қатынастың төртінші кезеңі - жүзеге асырылған қарым қатынасты талдау. Мұғалім қарым-қатынастың осал жақтарын да айқындай білуге,балалармен өзара әрекет процесіне қаншалықты қанағаттанғандығын,өткен жолғы кездесуден олардың алған әсерін түсіне білуге және қажетті өзгертулер енгізе отырып, коллективпен алдағы болатын қарым-қатынас жүйесін жоспарлауы тиіс.


Педагогикалық қарым қатынас стилі
Педагогикалық қарым-қатынас стилі негізінен үш топқа бөлеміз: авторитарлық, анархиялық, демократиялық.
Педагогикалық қарым-қатынас стилі
Қарым-қатынас стилі дегеніміз - педагог пен оқушылардын, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері.
Педагогикалық қарым-қатынас түйіндеп айтқанда мұғалімнің әзіндік қол таңбасы.
Педагогикалық қарым-қатынастың жалпы және жеке стилерін ажыратуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет