Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату



Pdf көрінісі
бет66/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
 
4. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату. ҚК-тің 75-бабы 
бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн оны өз әрекеттерiнiң 
(әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғыну не оған ие 
болу мүмкiндiгiнен айыратын психикасының бұзылуы пайда болған адамды сот 


87 
жазадан босатады, ал жазасын өтеп жатқан адамды сот оны одан әрi өтеуден 
босатады. Мұндай адамдарға сот осы Кодексте көзделген медициналық 
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн. Өмір бойына бас 
бостандығынан айырудан басқа, жазаны өтеуге кедергi жасайтын өзге де ауыр 
науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатады немесе 
науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, 
сотталған адамның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, жаза 
неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн. 
ҚК-тің 75-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған адамдар
олар сауыққан жағдайда, егер қылмыстық жауаптылыққа тартудың немесе 
айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтіп кетпесе, қылмыстық жауаптылыққа және 
жазалануға жатады. 
 
5. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты жазаны 
өтеуден босату. Қылмыстық құқық бұзушылық үшiн сотталған адам, егер 
айыптау үкiмi оның заңды күшiне енген күнiнен бастап есептегенде: 
1) қылмыстық теріс қылық үшiн сотталғанда – бір жыл; 
2) онша ауыр емес қылмыс үшiн сотталғанда – үш жыл; 
3) ауырлығы орташа қылмыс үшiн сотталғанда – алты жыл; 
4) ауыр қылмыс үшiн сотталғанда – он жыл; 
5) аса ауыр қылмыс үшiн сотталғанда он бес жыл мерзiмде орындалмаған 
болса, жазаны өтеуден босатылады. 
Қылмыстық теріс қылықтар бойынша ескіру мерзімінің өтуі, жаңа 
қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына қарамастан, тоқтатыла тұрмайды 
және үзілмейді. 
Егер сотталған адам жазаны өтеуден жалтарса, қылмыстар бойынша 
ескіру мерзімінің өтуi тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескіру мерзімінің өтуi 
адам ұсталған немесе айыбын мойындап келген кезден басталады. Сотталған 
адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезiне қарай өтіп кеткен ескіру мерзімі 
есепке алынуға жатады. Бұл ретте айыптау үкiмi, егер оның шығарылған 
уақытынан бастап жиырма бес жыл өткен болса және ескіру мерзімі жаңа 
қылмыс жасау арқылы үзілмеген болса, орындала алмайды. Жазаны өтеу 
кейінге қалдырылған жағдайда, ескіру мерзімінің өтуі кейінге қалдыру мерзімі 
аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады. 
Егер адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мерзiмдер өткенге 
дейiн жаңадан қасақана қылмыс жасаса, қылмыстар бойынша ескіру мерзімінің 
өтуі үзіледі. Мұндай жағдайларда ескiру мерзiмiн есептеу жаңа қылмыс 
жасалған күннен бастап қайта басталады. 
Өлiм жазасына немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыруға сотталған 
адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселенi сот шешедi. Егер сот ескіру 
мерзімін қолдану мүмкiн болады деп таппаса, өлiм жазасы өмiр бойына бас 
бостандығынан айыруға ауыстырылады, ал өмiр бойына бас бостандығынан 
айыру жиырма бес жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. 
Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, сыбайлас жемқорлық 


88 
қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, жас 
балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, сондай-ақ жеке адамға, 
мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы, 
экономикалық қызмет саласында аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған 
адамдарға ескіру мерзімдері қолданылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет