30
3. Қоғамға қауiптi әрекет немесе әрекетсiздiк. Әрекет — адамның
белсенді қимылы. ҚК-те көзделген қылмыстардың басым көпшілігі әрекет
арқылы жасалады.
Қылмыстық әрекетсіздік — жасауға болатын және жасалуға тиісті қандай
да бір әрекетті адамның жасамауы. Әрекетсіздікке
байланысты көзделген
қылмыс құрамдары онша көп емес.
Құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті іс-әрекет қандай да болсын
қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі болып табылады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет бұл кінәлі тұлғаның құқыққа қайшы, саналы,
белсенді немесе енжар түрде қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін мінез -
құлқының сыртқы көрінісі болып саналады.
Кез келген қылмыстық іс-әрекет объективтік тұрғыдан алғанда қоғамға
қауіпті. Оның қауіптілігі құқық қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянат
пен қол сұғу қаупін туғызу арқылы сипатталады.
Іс-әрекеттің қоғамға
қауіптілігінің дәрежесін біріншіден келтірілген зиянның мөлшері, қол
сұғылатын объектінің құндылығы арқылы анықтайды.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің негізгі белгілерінің бірі оның
құқыққа қайшылығы болып табылады. Мұндай
белгінің болуы азаматтарды
заңсыз қылмыстық жауапқа тартуға жол бермеудің кепілі болады және
заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
Іс-әрекет – адам мінез-құлқының сыртқы шынайы көрінісі болып
табылады.
Осыған орай адамның ниеті, пікірі, қаншалықты зиянды
болғанымен, ол белгілі бір іс-әрекетпен ұштаспаса, ол
қылмыстық жауапқа
тартылмайды. Іс-әрект – адамның саналы мінез-құлқының көрінісі. Сонымен
адамның санасынан тысқары болған кезкелген дене қозғалысы, ол
қаншалықты қоғамға зиянды залал келтіргені не зиян келтіру қауіпін
төндіргеніне
қарамастан, қылмыстық-құқықтық тәртіппен жазаланатын іс-
әрекетке жатпайды.
Адамның өзінің еркіне байланысты емес,
одан тыс жағдайда
тойтарылмайтын күштер (күш қолдану мен қорқыту) арқылы қоғамға зиянды
залал келтірілген болса, онда қылмыстық-құқықтық іс-әрекет туралы сөз
болуы мүмкін емес.
Тойтарылмайтын күштерге-табиғат апатының, хайуанаттар, есі ауысқан
адамдар мен дүлей күштің
әсерінен адамның өз ойы, еркі арқылы белгілі бір
іс-әрекетті істеу мүмкіндігінен айырылуы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: