28
қолсұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiн сақтау, сондай-
ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады" делінген.
2. Қылмыстың объектiлерiнiң түрлерi. Қылмыстық құқық теориясында
жалпы, тікелей (негізгі) және текті деп аталатын объектілер бөлініп көрсетіледі.
Жалпы обьект дегеніміз- қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық
қатынастар жиынтығы (2-бап).
Негізгі (тікелей) объект дегеніміз — бұл
қылмыстық құқық бұзушылық
оған зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін туғызатын нақты қоғамдық
қатынастар. Мұндай объект Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімінің
жүйесіндегі норманың орнын анықтаудың басты негізі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: